Жаңартылған
білім мазмұны - заман талабы
Қазақтың
кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет
Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту
ісін түзетуден бастау керек»,дегеніндей
мемлекет болашағының кепілі- жастарға
білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір
мәселе жоқ екені белгілі.
Қазақстан
Республикасының білім беру реформаларының
негізгі мақсаты- білім беру жүйесін
жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл
тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев
еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті
50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет
қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін
жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде
маңызды рөл атқарады. Болашақта
өркениетті, дамыған елдер қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет.
Бүгінгі
күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы
білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі
заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі
экономикасының дамуына қатысты болса,
ал оның дамуы мемлекет азаматтарының
білімділігі мен біліктілігі байланысты.
Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың
талабына сәйкес дамыту тиіс.
Қай
кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім
саласындағы түбегейлі өзгерістер
ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап
етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін,
бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын
арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті
еңбек ете алады деп ойлаймын.
Жаңартылған
білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу
әрекетінің төрт түрін:
тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылымды
жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу
әрекетінің түрлері бойынша түйінді
дағдылар оқу жоспарында «спиральді»тәсілмен
берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай,
бірте-бірте білім, білік пен дағдылары
кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары
оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым
бақылауға тәжірибе арқылы білімі
қалыптасуына, алған білімін қайта
практикада қолдана білуіне бағытталған.
Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар,жалпы
білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі,
жүйелі
оқу әрекетінің қалыптасыуна оқу
бағдарламаларында көңіл бөлінген.
Жаңартылған
білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға
үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол
жеткізу, инновациялық білім негіздерін
терең меңгерту.
Ендеше
заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы
кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың
мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді
ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана
халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел
болашағы – жас буынды заманына сай
лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру
ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса,
мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр
екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы
ең маңызды мәселе білім беру жүйесі.
Қазіргі таңдағы негізгі мақсат –
жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім,
ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары,
қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің
патриотын қалыптастыру.
Ендеше,
оқушыларымыздың терең білім алып,
жан-жақты ізденімпаз, жеке тұлға болып
қалыптасуына ат салысуға барлық
әріптестерімді шақырамын!