Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен тыңдаушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Г.Т.Абеуова

Мақтарал ауданы «Н.Төреқұлов атындағы

121 жалпы орта мектебі» КММ

тарих пәнінің мұғалімі

Гульназира Абеуова





«Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы»

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «дүние жүзі тарихы» мен «құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігімді көтеру мақсатында өз білімімді жетілдірудемін.

Курс барысында мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен танысып қана қоймай, теорияда алған білімімді тәжірибе жасай отырып, іске асыруға деген қабілетім арта түсті. Мұғалімге арналған нұсқаулық та, үлестірме материалдар да бізге түсінікті тілмен аударылып, нақтылыққа негізделген.

Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасымен таныса отырып,тиімді оқыту мен оқуды,оқу жоспарын түзуді және түрлі әдіс – тәсілдерді , бағалау, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын дамытуды және графикалық органайзермен танысып, жұмыс істеуді үйрендім.

Бұл бағдарламаның мұғалімге бағытталған ұтымды және тиімді жақтары көп екеніне көз жеткізудемін.

Себебі, оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарының дайын болып келетіндігі және түрлі әдіс – тәсілдердің оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,ынталандыра алатындығы, бағдарламамен таныса отырып, мұғалімнің ізденуші,көшбасшы,бағыт – бағдар берушң болатындығын, бағалаудың тиімді болуын түсініп меңгердім.

Мен курс барысында оқу жоспарын құруды, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар беруді,бағалау критерийлерін дұрыс құруды, сабақтың қай кезеғңнде қандай стратегияларды дұрыс қолдануды әріптестерімізбен тәжірибе бөлісе отырып үйрену үстіндеміз.

Сондай-ақ, спиральді білім беру қағидатымен танысып, оқушы пәнді қайталап оқыған сайын алған ақпараты толықтырылып, бекітіліп отыратындығын білдім.

Айтар болсам, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын меңгере отырып,қысқа мерзімді жоспарды жазуды, сабақты жүйелеп дұрыс құруды үйрендім.

Тренерім Умарова Несіпкүл апайдың бұл курс барысында бізді осы бағдарламаны меңгертуде бағыт – бағдар беруі, атқарып жатқан еңбегң ұшан – теңіз.

Халық даналығында айтылғандай: «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,

Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» демекші, - бар білгенін үйретіп, өзіне бар ақпаратты бізбен бөлісті.

Мен курс барысында біліктілігімді көтере жүріп, « үйренген әдіс – тәсілдерді кәсіби жұмысымда қолданамын» - деп шештім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр – қайрат пен ерік – жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл»- деп айтқан нақылына құлақ ассақ, білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы жалғаса берсе, ұстаздар қауымы біліктіліктерін арттырып,оқытудың тиімді жақтарын, әдіс – тәсілдерді меңгеріп шығарлары сөзсіз.

Курстан өткен әрбір жаңашыл мұғалімнен білім алған әрбір жас өркен жеткіншектен қоғам құрылады.

Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса, Тәуелсіз Еліміздің дамыған 30елдің қатарына ене алатынына, биік шыңдарды бағындыратынына сенімім мол.

Өз ойымды Елбасының төмендегі сөзімен аяқтағалы отырмын: «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!»








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі