Жаңаөзен
қаласы ,
9 орта
мектептің музыка пәні мұғалімі
Утебаева
Жаннат Арстанқызы
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны
жағдайында музыка пәнін оқытудың заманауи
аспектілері
«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың
қолында,
ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың
қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан 2030
стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің
қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім
беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ
тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын
тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр
сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,
жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар
алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және
технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі
өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен
білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай
алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Ал жаңа бағдарлама
ұстаздарға қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы
ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды
оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
білім беру және
оқыту.
7. Білім берудегі басқару және
көшбасшылық.
Музыка пәнінің басқа
пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен
оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен
де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген
қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.
Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақта
тақырыпқа байланысты музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері
дамыған елдерде, музыканың әр саласындағы белгілі композиторлар
өмірімен, Қазақстандағы, әлем елдеріндегі композиторлар мен музыка
жұлдыздары, тағы да басқа музыка туралы толық мәліметтер беріп
отыру – мақсат. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат
құралдары, журналдардың, тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты
композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы
тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі
еңбектерімен таныса отырып, өздері де сабақта әр тапсырманы
белсенділікпен орындауға дағдыланады.
Жаңа білім алу үрдісі
оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, сол
себепті оқушы білімді өздігінен іздену арқылы білім алуына себептер
мен жағдайлар жасап отырамын. Осы тұста мен К.Д.Ушинскийдің «Балаға
күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту
ең маңызды мақсат» - деген сөзіне сүйенемін. Ол үшін мұғалімнің
сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын
оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін. Сол жерде мұғалім
қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Курстан алған
білімімді жүйелі түрде қолданып сабақтың қызықты, сапалы өтуіне аса
мән беремін. Сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен
пайдалану арқылы, көп нәтижеге жетуге болатынына толық көзім
жетті.
Жұптық жұмыстағы диологтік
сұрақтар мен тапсырмаларды сабақ барысында іске асыру үлкен
шеберлік пен тапқырлықты талап етеді. Сол себепті мен сабақты
түрлендіріп өткізуге мән беремін. Әр сабақ сайын оқушылардың асыға
күтетін сәттері ол топқа бөліну. «Ырыс алды – ынтымақ» - деген
мақсатты басшылыққа ала отырып сынып оқушыларын
топтастырамын. Жұпқа бөлудің өзі оқушы назарын
аудару, қызықтыру үшін тақырыпқа сай бөлуге тырысамын. Жұпқа
бөлінгенде оқушылар арасында тепе-теңдік орнап, тапсырманы бірлесе
отырып білімдерімен бөліседі. Мұның өзі үлгерімі төмен оқушы үшін
де маңызы зор. Өйткені берілген тапсырманы орындау кезінде әрбір
оқушы өз үлесін қосады.
Дамыту бойынша бірнеше сабақ
үлгілерін жасадым, эксперемент ретінде ашық сабақтар өткіздім.
Оқушылармен жұмыс жасауда тақырып туралы толғаныс, ой толғаныс,
тақырыпты түсінуге қызығушылықты, белсенділікті арттырады. Осы
сабақтарды өткізе отырып стратегиялардың бағыттарына сай әрбір
оқушы өз пікірін айтады, салыстыра зерттеуге үйренеді ,бірлесіп
білім алуға жауапты іс-әрекет қалыптасады. Сын тұрғысынан шыңдалған
ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты
ойлауға құлшыныс алады. Оқушылар өз
ойларын ашық айтуға, басқалардың ойын тыңдауға
үйренеді.
Осы дағдыларды негізге ала
отырып:
Оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын ояту;
Ойлау қабілеттерін арттыру
барысында сөздік қорын дамыту;
Өздігінен ойларын еркін
жеткізе білуге үйрету;
Шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Бүгінгі күні Қазақстандағы
білім беру жүйесінде оң өзгерістер
байқалуда.
Жаңа оқыту бағдарына бет бұру
күн тәртібіндегі басты мәселе. Жарық көріп жатқан әдістемелік
құралдар мен инновациялық технологиялар қатары көбеюде. Жаңа
технологиялардың артықшылығы-білім беруді ізгелендіру мен
демократияландыру қағидаларынан көрінеді.
Оқушыға:
1.Өз ойын еркін айтуына мүмкіндік беру;.
2.Ойын дамыта өзгертуіне
мүмкіндік беру;
3.Шығармашылық жұмыстағы
еркіндікке мүмкіндік беру;
4.Кез келген мәселені өзінше
шешуге мүмкіндік беру;
5.Баға беруге, таңдау жасауға
мүмкіндік беру;
Оқығанын өмірмен
байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік
беру.
Сын тұрғысынан ойлаудың
стратегияларын сабаққа қолдану барысында
«Қызығушылығын
ояту» кезеңі мұғалім үшін ең басты
мәселе болу керек.
Сонымен қатар оқушы барлық
жұмыстарды өзінің шығармашылық қайнауынан өткізу арқылы ғана
сабақты бағалап, мәселені шешуге ұмтылады.
Ол сол арқылы ешкімге
ұқсамайтын жол іздейді, өзінше болжайды және оқушылар үшін
мұғалімнің оны мән беріп тыңдауы сонша маңызды екенін ұмытпағаны
жөн.
«Мағынаны
тану» кезеңі- материалды игерудегі
ең жауапты жұмыс. Ол арқылы мұғалім бүкіл сабақтың мақсаты мен
міндеттерін шешеді. Ол үшін қазіргі жаңа технологияларды сабаққа
қолдану арқылы ғана іске асады. Сол
арқылы сабақта бала өзі жұмыс жасайды.
«Ойтолғау»
кезеңінде шығармашылық жұмыстар арқылы баланың қиялы дамиды.
Мынадай
тапсырмалар
орындату
арқылы жоба құрып оны қорғау, бес
жолды
өлең құрастыру,
эссе жазу,
т.б.
Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз
–тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы
тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға
рахмет!
№9 орта
мектеп
Баяндама
Тақырыбы:
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында музыка
пәнін оқытудың заманауи
аспектілері
Дайындаған: №9 орта мектептің музыка пәні
мұғалімі Утебаева Ж.А
Жаңаөзен
қаласы
2018/2019 оқу
жылы