Материалдар / "Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға, іс-тәжірибеден өтетін студенттерге керек баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
185
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың

жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев


Еліміздегі білім беру сaлaсы жaңa жүйеге көшіп жатыр.Ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалім заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады деп сенемін. Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Қазіргі кезде үштілділікті қатар алып жүру, ең маңызды білімнің талабы болып отыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісінде енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасы –келешек ұрпаққтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдалама. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шағармашыл ізденіс үстіндегі ұстаздарымыздың қолында деп білемін. Өйткені, шығармашыл ұстаз — ол әрдайым жаңалық ашуға жақын, әрі өз кәсіби шеберлігінде оқушының дарындылығын ашуға назар аударады. Дарынды аша отырып, оқушының бойынан түрлі тәжірибелер арқылы ойын, сөйлеу мәнерін, жұмыс істеу дағдысын түбегейлі өзгертеді.

«Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-, деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы шарт.

Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты , тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімінен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Сонда ғана біз жаңартылған білім аясында жетістіктерге жетеріміз хақ.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1. Пәннің маңыздылығы;

2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;

3. штілділік саясатты іске асыру;

4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;

6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;

7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;

8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!