400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған білім мазмұнына жаңа көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
Электронды түрде мұғалімдермен тәжірибе алмасуға қажетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңартылған білім мазмұнына жаңа көзқарас»


Орта мерзімді жоспарлау.

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша өз тәжірибемдегі өзгерістерді жоспарлай отырып, мұғалім көшбасшылығын дамытуды басымдыққа алдым. Мектептегі әріптестерімнің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп, бір әріптесімді тәлімгерлікке алдым. Мектептегі әріптестердің озық тәжірибелерімен бөлісу арқылы мектепті жетілдіру негізінде педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірледім. Орта мерзімді жоспарға сүйене, қысқа мерзімді жоспар құрастырдым. Сабақтарымда мақсатты күрделі етіп, күтілетін нәтижеге мән бермейтінмін. Оқушымен жеке жұмыс жасауға ғана дағдыланғандықтан жұптық, топтық жұмыстардың нәтиже беретіні ескерілмеді. 5 «В» сыныбында «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» бөлімінде тізбектелген сабақтарымды өттім. Бірінші сабағымды «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында өткіздім. Сабағымды Блум таксономиясын басшылыққа ала жоспарладым. Сабақ кезеңдерін қолдану ыңғайлы тәсіл екенін аңғардым.

Білу кезеңінде өз білетіндерін және оқыған жаңа ұғымды «Миға жабуыл» және «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістері бойынша ортаға салды. Әдіс оқушыларға өте қызықты болды. Оқушылар бір-бірін тыңдап, жарыса шолу жасап білетіндерін айтты.

Түсіну кезеңінде «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі мен «қалыптастырушы бағалау» тапсырмаларын қолдандым. Видеокөрсетілімді көріп, стратегия арқылы балалар өз түсінгендерін айтып, бір-біріне сұрақ қоя диалогке түсті. Оқушының болжау, қорытынды жасау әрекеттері дамыды. Дискриптормен жұмыс жасау өте қолайлы екенін байқадым. Қолдану, талдау кезеңдерінде «Венн диаграммасы» әдісін алдым. Оқушылар топқа бірігіп, берілген есеп негізінде айырмашылық пен ортақтастық ұғымдарын бір-біріне түсіндірді.

Жинақтау кезеңінде «Кім жүйрік» әдісі және «Джигсо» әдісін қолдану тиімді оқытуда оқушылардың өзара қарым-қатынасы мен шынайылылық дағдыларын қалыптастыруда табысты болды.

Қолдану кезеңінде оқушылар мысал келтіріп тақтаға жазды. Кейбір оқушылар өз түсінбегендерін басқа топ мүшелерінен сұрап отырды. Топ мүшелері бір-біріне түсіндіріп, көмектесіп қолдау жасап отырғаны анық байқалды.

Коучинг сабағым.

Коучинг тәжірибені дамытудағы тиімді әдістің бірі екені белгілі. Өйткені коуч әріптестерімен бірлесе отырып, жаңа, тың идеяларды ортаға сала ойласады. Мұғалімдер өз жұмысының жеке салаларын жетілдіреді, кәсіби дамуына ықпал етіп, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Мен коучинг үдерісін өткізбес бұрын әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен әгімелесу жүргіздім. Осы әңгімелесу нәтижесі арқылы коучинг тақырыбын «Оқытуда диалогті оқытудың тиімділігі неде?» деп қарастырдым. Мұндағы мақсатым әріптестерімнің өз іс-тәжірибелерінде оқыту мен оқу кезінде диалогті оқытуды тиімді қолдануға ықпал ету. Балалардың төменнен жоғары ойлау деңгейіне жеткізуді ынталандыру болды. Психологиялық ахуал тудыру үшін «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы топтарға сұрақ берілді. Сұрақтар бойынша пікіралмасу өтті. Сұрақ-жауап әдісі жүзеге асты, сонымен қатар әріптестерім сыныптағы топтық жұмыстың ережелерін ескеруді назарда ұстады. Бұл әдістен қандай әрекеттерді байқадық және оның тиімділігі неде деген сұрақтар бойынша коучингтің тақырыбы ашылды. «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзінді көрсетіліп, ортаға ой талқы үшін біраз сұрақтар қойылды. Мұғалімдер белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, ойтолғаудан өткізе жауап беріп жатты. Кейінгі кезекте топтың алдына МАН 71-75 беттерден кеспеге «Диалогтік оқыту» жайлы ақпарат берілді де оны оқып, біргелікте талдау арқылы постерге түйін жазу тапсырмасы берілді. Бұл жерде әріптестерде біраз қиындық туындады. Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай алмай тағы да қосымша уақыт берілді. Өйткені ғылыми тілмен және тікелей аударма тілде жазылған мәлімет түсініксіздеу көрінді. Содан «Қалай оқу керек?» деген сұрақ бойынша кішігірім нұсқау бердім. Яғни негізгі кілт сөздер арқылы мағына ашу, түсіну керектігіне ауызша бағыт беріп өттім. Әріптестерім өздерінің түсіндірген мәліметтері бойынша «өзгелерді оқыту» процесінің жүріп жатқанын аңғарды. Осы әрекеттен кейін интербелсенді тақтадан «Оқу пирамидасы» көрсетілді. Оқытудың формалары бойынша оқушының білімді қабылдау деңгейінің пайыздық өлшемі жайлы ақпарат көрсетілді. Бұдан әріптестерім «Диалогтік оқыту» маңызды оқыту формасы екеніне тікелей көз жеткізді.


Қоғамдастық аясындағы жұмыс.

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінің алғашқы күндері қоғамдастықтың жұмыс жоспары туралы талқылаудан басталды. Қоғамдастық жоспарын мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде жасауға кірістім. Бұл мәселе бойынша мектеп басшысы «Педагогикалық Қоғамдастықтағы Мұғалім Көшбасшылығы» курсын меңгеріп жүрген бес әріптесті және мектеп тренерін, менторлар мен әкімшілікті жинап әңгіме жүргізді. Қоғамдастық жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер берді. Мектеп кураторымен бірлесе отырып, «Педагогикалық Қоғамдастықтағы Мұғалім Көшбасшылығы» , «Тиімді оқыту мен оқу» және «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бойынша оқыған мұғалімдермен кеңесе, мектепішілік даму жоспарын түзіп, оған бірнеше мақсаттар қойып шықтық. Әріптестерден сауалнама алынып, сұхбат жүргізу барысында мониторинг түзілді. Мұғалімдердің тәжірибесінде қандай өзгерістердің қажеттілігін сауалнама түрінде айқындап, қалай өзгеріс енгізу керектігін талқыладық. Әріптестер арасында төмендегідей сұрақтар бойынша сауалнама жүргізілді.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қандай әдіс-тәсілдерді сабақта жиі пайдаланасыз?

Сіз бағалаудың қандай түрлерін білесіз?

Сіз өз сабақтарыңызда, оқу үдерісінде жеті модульді қолданасыз ба?

Сіз сабақта кері байланысты қаншалықты жиі пайдаланасыз?

Сыныпта оқу үдерісі кезінде саралау жұмыстарын жүзеге асырасыз ба?

Сіз сабақ барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру үшін ашық сұрақтарды қаншалықты жиі қолданасыз?

Сіз сабағыңызды дескрипторды маызы қандай?

Он тоғыз мұғалімнен алынған бұл сауалнамаға әріптестерім шынайы жауап берді деп ойлаймын. Себебі сабақта жиі пайдаланатын әдіс-тәсілдерге «Ыстық орындық», «Инсерт», «Бір минут», «Венн диаграммасы», «ДЖИГСО» әдістерін 70%, яғни он үш мұғалім жазған. Қалыптастырушы бағалаудың ( Екі жұлдыз, бір тілек, смайлик, бас бармақ, ұпаймен бағалау) түрлерін көрсетіп, оларды үнемі пайдаланатыны жайында айтқан. Және де ең қуантарлығы өз сабақтарында оқу үдерісі кезінде барлығы да жеті модульді кіріктіріп отыратынын аңғардым. Жалпы сауалнамаға қарай ой түйгенім мынадай болды: он тоғыз әріптестің ішінде 37% яғни, жеті мұғалім сабақта кері байланыс алып отырады. Сондай – ақ 26%, атап айтсақ бес мұғалім саралау жұмыстарын жасайды. 16%, үш әріптес сабақта ашық сұрақ аясында жұмыс жүргізеді. 21%, яғни төрт мұғалім өз сабағында рефлексия жасайтынын айтқан. Әдістеме бірлестік аясында «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. Диалогтік оқыту арқылы ойлау дағдыларын арттыру» атты дөңгелек үстел өткіздім. Бұл жерде біз әріптестерімізбен бірлесе сын тұрғысынан ойлау дағдыларының тиімді тұстарын қарастырып өттік.

Сөз соңында айтарым, азғана уақыт ішінде алған білімімізді кереметтей етіп жасай алмасақ та, өз бойымнан қалай оқу керек пен нені оқу керек екендігін анық ұққандаймын. Осы бағдарламаның арқасында оқытудың жаңа форматын меңгеріп, оның қыры мен сырын танып, мұғалімнің дамуына ықпалын тигізгені рас. Мен ары қарай алған білімімді іс жүзінде жалғастырамын. Себебі коучинг пен тәлімгерлік жүргізу, ынтымақтастық қоғамдастық құрып оны ары қарай жалғастыруда қызығушылық танытып отырмын. Әріптестерімнің осы бағытта жұмыс жасап, баланың сыни тұрғыдан ойлана алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор үлесін қосқанын қалаймын.

Ұсыныстар: 1. Педагогикалық шеберлік орталығымен үнемі байланыста болу;

2. Онлайн семинарларға қатысу;

3. Зерттеу сабағын жалғастыру;

4. Мектепішілік қоғамдастық жұмыс жоспарын толықтыру.

Садирова Акерке Калмырзаевна

Шымкент қаласы, М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта

білім беретін мектептің І санатты, математика пәнінің мұғалімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі