Материалдар / "Жаңартылған білім мазмұнындағы география пәнінің ерекшеліктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңартылған білім мазмұнындағы география пәнінің ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім саласында жаңа, сапалы өзгерістер жүзеге асуда. Жаңартылған білім бағдарламасы – бұл уақыт талап етіп отырған қажеттілік. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы біртіндеп басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру оқушыға да, мұғалімге де өз мүмкіндігін дамытып, жетілдіруге көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
797
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

15 «Мақтажан» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

География пәні мұғалімі

Халиков Ильхомжон Файзуллаевич

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім саласында жаңа, сапалы өзгерістер жүзеге асуда. Жаңартылған білім бағдарламасы – бұл уақыт талап етіп отырған қажеттілік. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде  жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы біртіндеп басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын  арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру оқушыға да, мұғалімге де өз мүмкіндігін дамытып, жетілдіруге көмектеседі.

Қазіргі заманғы білім жүйесінің міндеті – интеллектуалды, өмір бойы оқуға дайын, жылдам өзгеретін қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелеу.

География пәніндегі жаңартылған білім бағдарламасы пәннің негізгі ерекшеліктеріне байланысты берілген. Егер бұрын география жаңа жерлерді, елдерді, оларды зерттеуге қатысты мәліметтерді оқытса, қазір адамдардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануы, экожүйенің тұтастығы, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, пайдалы қазбаларды сақтау жолдарын табу, табиғатта болып жатырған процестерді, әлемдегі саяси, демографиялық, экономикалық өзгерістерді  зерттеуге бағытталған.

Сонымен, жаңартылған білім жағдайындағы география курсында қандай өзгерістер бар?

Егер дәстүрлі география курсында 7 сыныпта материктер, 8 сыныпта Қазақстанның  физикалық  географиясы оқытылса,  қазіргі жаңартылған білім бағдарламасына сай , 7-8 сыныпта ол мынадай бөлімдерді қамтиды:

 І.Географиялық зерттеу әдістері

ІІ.Картография және картографиялық деректер базасы

ІІІ.Физикалық география

ІV.Әлеуметтік география

V.Экономикалық география

VІ.Елтану және саяси география негіздері

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральды түрде  берілуі. Спиралды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Бұл  білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын қарапайым бақылауға, тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған.   Спиральдылықты төмендегі кестеден көруге болады: 

Кесте 1

Оқушылар білуге тиіс:

Бөлім

Бөлімше

7 сынып

8 сынып

9 сынып

Географиялық зерттеу әдістері

Зерттеу және зерттеушілер

География ғылымының зерттеу объектілерін анықтайды

География ғылымының салаларын көрсетеді және түсіндіреді

Қазақстандықтардың география ғылымына қосқан үлесіне баға береді

 

Егер 7 сыныпта оқу мақсаты қолдану деңгейінде болса, 8 сыныпта алған білімді қолданумен бірге, түсіндіреді, ал 9 сыныпта оқушы білім, білік дағдыларын ойлаудың жоғары деңгейлері арқылы көрсетеді.

Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін,  дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі  қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. География сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және  осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық  бағалау мақсатты баға қою немесе оқытудың алға  жылжуын тіркеу үшін оқыту  қорытындысын шығару үшін қажет.  Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау  критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады.

География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына көмектесетінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.  Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Оқу мақсаты қолдану деңгейінде  болса,  одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді.  Бағалау критерийі де  оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері  өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар  беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы  орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсырманы орындаған соң оқушылар оның сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасайды.  Кері байланыс жауап берген оқушыларға пайдалы болып, оларды ынталандыруы және қанаттандыруы керек. Мұнда бұл оқушылардан кері байланысты қалай қабылдағандығы туралы сұраған орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату. Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды  сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксіз жүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі.   Джон Хэтти зерттеулеріне  сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені  ескерілсе, оқыту нәтижелі болады.

География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге, болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына мүмкіндіктер береді. География  ғылымы- өте қызықты да күрделі ғылым. Жаңартылған білім мазмұнын география пәнінде жүзеге асыру -  мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұмысты талап етеді, оқушылардың деректерді жинауы, оларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау, басқа пәндермен байланыстыру оқушы үшін ерекше қызық. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, ғаламтор  ақпараттарын пайдалану арқылы бір-бірімен білім алмасып бір-бірінің оқуының ілгерлеуіне ықпал етеді. 

Педагог-жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, сабақты өткізуде белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыруды, мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс орнатуды, оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалауды да ескеруі қажет. Нәтижесінде білім алушылар өзара ынтымақтастықта жұппен, топпен жұмыс істеуге, өз ойларын еркін жеткізуге, өзін-өзі және серіктестерін бағалауды жүзеге асыруға, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға дағдыланады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова    География  8 сынып Алматы «Мектеп» 2018 жыл

  2. С.Әбілмәжінова,  А.Бикетова  География 8сынып   Әдістемелік құрал,  Алматы  «Мектеп»  2018 жыл

  3. Образовательная программа АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» NIS-Program, география, 9-класс.

  4. Канатова Ж. К. Особенности обновленного содержания учебной программы по географии в казахстанских школах // Молодой ученый. — 2018. — №20. — С. 385-388. — URL https://moluch.ru/archive/206/50546/


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!