Материалдар / Жаңартылған білім мазмұныны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұныны - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

«Дала заңдары. «Жеті жарғының» негізін қалаған қазақтың үш биі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың дала заңдары туралы, «Жеті жарғы» заңы туралы білімдерін кеңейту, солар туралы сөйлесуді қалыптастыру; жалқы мен жалпы зат есім сөздерді айыруды, оларды сөйлем ішінен табуды дамыту;

Оқудың нәтижесі:

Қазақ елінің тарихын,дала заңдары, «Жеті жарғы» заңы туралы біледі, жалқы мен жалпы есімдерді айыра біледі, топта бірігіп жұмыс істейді.

Көрнекілігі:

оқулық 11 сынып, тірек сызба, билердің суреттері, қиықшалар ,смайликтер, стикерлер

Сабақтың барысы:

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

-Сәлеметсіздер ме! Қазақ халқы дана халық қой.Сондай дана сөздерінің бірінде ақыл, жүрек, тіл –адамның қуат көздері деп айтылған екен.Бүгін осы қуат көздері бізге өте қажет деп ойлаймын. Ақылымызбен ойлап, жүрегімізбен сезіп, тілімізбен жеткізе білсек, сіздермен бірге табысқа жетеміз деп сенемін.Ендеше бір-бірімізге табыс тілей отырып сабағымызды бастайық.

Шаттық шенберін құру: Тілек айту тренингі

Топқа бөлу

Сабақтың тақырыбын ашу

Оқушылар орта жүз, ұлы жүз, кіші жүз деп жазылған стикерлерді алып, үш топқа бөлінеді:«Төле би» , «Әйтеке би», «Қазыбек би»

топтарға бөлемін Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.

Сабақтың тақырыбын ребусты шешіп ашамыз: дауыссыз ұяң дыбыс, сан болып жазылады - з әрпі;

дауысты дыбыс ашық, жуан, езулік, алфавиттің басында тұрады - а әрпі;

дауыссыз үнді дыбыс, ерекше, сөздің басында жазылмайды - ң әрпі

Бағалау критерилерін түсіндіремін

Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады

Үй тапсырмасын сұрау

Миға шабуыл.

-Заң деген не?

- ереже, қағида

-қандай заңдар білесіңдер? Ата Заңы қашан қабылданды?

Берілген сұрақтарға жауап береді. Өтілген тақырыптарды пысықтайды.

Жаңа сабақ

«Білемін -Білгім келеді- білдім»

-Дала заңдары туралы не білесіңдер? «Білемін» қатарын толтырады. 2 мин

Тексеру –әр топтан бір оқушы оқиды. «Не білгің келеді?» бағанын толтыру.

Мәтінмен жұмыс.Мәтінді түсініп оқып, екінші бағанды «Білдім» 2 мин толтырады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Әр топ 2 сұрақ дайындап, басқа топқа қояды.

Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.

1.Мәтіннен жалқы/ жалпы зат есімдерді теріп жазу 2 мин

Жалқы есім жалпы есім

Шыңғысхан қолбасшы

Майқы би

(Жеті жарғы» заң

2.Сөйлемдерді сәйкестендіру

6 тапсырма 3 мин

1.Шыңғысханның «Ұлы ережелер жинағы» ......

....Майқы би жазды.

2.Заңды Шыңғысханның қолбасшысы ....

...Қазақ хандығына құрды.

3.Шыңғысхан ұрпақтары Жәнібек пен Керей .....

....Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» орын алды.

4.1511 жылы билік басына....

Есім ханның үлесі зор болды

5.Мемлекетті нығайтуда .....

...Қасым хан келді.

6.Қасым хан мен Есім ханның жинағы ....

.... «Жасақ» болды.

3.Топтық жұмыс .

1.Әр топ өз таныстырмаларын орындайды. Мәтіннен жалқы /жалпы есімдерді теріп жазады. 2. Сөйлемдерді сәйкестендіріп жазады.

3. Әр топ бір би туралы постер жасайды, басқа топтарға 2 сұрақ қояды 3 минут

1 топ – Төле би туралы 2 топ- Қазыбек би 3 топ –Әйтеке би

Бір бірін бағалау - смайлик арқылы

Сергіту сәті

Ойды қорыту. Оқушылардың білімдерін тексеру

Ал енді балалар бүгінгі сабақты қорытайық.

Сонымен , Дала заңдары туралы не білдіңдер? Үш бидің тарихтағы орны қандай? Олар қандай үлес қосты? Би деген кім? Олар қандай адамдар болған?

Тест

1.Зат есім деген не?

А ) заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы

В ) заттың атын білдіретін сөз табы

С ) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы

2. Біркелкі заттардың жалпы атауын не дейді?

А ) жалпылау есімдік

В ) жалқы есім

С) жалпы есім

3.Жалқы зат есімді көрсет

А ) Жәнібек

В ) Жарғы

С ) Жеті

4.Жалқы зат есімді көрсет

А ) Жеті жарғы

В ) Жеті қазына

С ) Жеті ата

5. Қай заң бұрын құрылды? Сәйкестендір

А ) «Жеті жарғы» 1

В ) «Қасым ханның қасқа жолы» 2

С ) «Есім ханның ескі жолы» 3


Сабақта айтылған сөйлемдерді айтып, әңгімелейді. Сұраққа жауап айтады.

Әр оқушы жеке тест орындайды.

Тексеру – бір бірін тексеру

Үй тапсырмасы

.Билер туралы әңгімелеу

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.

Бағалау

Әр топтың бағалаушысынан, көрші топтың бағасын айтуын сұраймын.

Әр топтан бағалаушы тұрып, бағалау парағының көмегімен көрші топтағы оқушыларды бағалайды.

Рефлексия

Рефлексия РАФТ

Р – кім?

А - кімге?

Ф- қандай түрде?

Т- не туралы?


Стикерге өз ойларын жазып, смайликтерге жапсырады.

1мин.



05 Ақпан 2019
461
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі