Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Магзомова Улмекен Ергалиевна
БҚО, Жаңақала ауданы, М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі,
мектеп тренері.
ҚР Президенті Назарбаев Н.Ә. атап көрсеткендей, «оқыту үдерісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» қажеттілігі «оқу жастарға тек ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс»-дей келе ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Білім мен ғылымды терең игерген ел ғана әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатынын басты назарға алған мемлкет басшысы тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қазақстандық білімді халықаралық стандарттарға жақындату, сәйкестендіру үшін қаншама тер төккені бізге мәлім.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі бағдарлама, жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Білім беру мазмұнын ізгілендіру, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.
2016-2019 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге ерекше назар аударылған. Мақсаты – төрт жылдың ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100 % мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету керектігін бәріміз білеміз. Сондықтан, бастауыш сатыда білім беру мәселеcі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қaрыштап дaмып келе жатқан техникaлық прогресс кезеңінде өcкелең ұрпақтың білім деңгейі шығармашылыққа cай болуы қажет. Cол себепті ұстаздар әр caбағын сaпалы түрде ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шaрт. Мектепте алған білімін өмірде қолдaна алaтындай етіп caбақ барысын құру, мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті тaлап етеді. Ол үшін әр ұcтаз ең алдымен өз білімін жетілдіру және шәкірттерін тұлғa ретінде тану керек. Шәкірт aлдындa білімің жетік, тәжірибең мол болу қaжет. Әлемдік деңгейде білім берудің қaзіргі талaбы оқытудың нәтижеге бaғдарлануы, оқушының жеке тұлғaсына бaғытталуы, ал оқыту әдіcтерін тұлғалық қaрым-қатынастарға бейімдеу бoлып отыр. Демек, oқушы білімді дaйын күйінде мұғалім түсіндіргенінен aлмай, өзінің өмірлік тәжірибеcіне сүйену арқылы танымдық, шығармaшылық тaпcырмаларды oрындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде oқушы дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен қөзқaрасы қaлыптаcады. Өйткені, жалпы білім беретін мектептер алдағы уақытта ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуі керек. Сондықтан үш тілді оқытуға да кезең-кезеңмен көшу жолдаудада айтылып өтті. Қазақ тілінің басымдылығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуы қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылуда. Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының мектептеріне арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғышарттары қарастырылады және төменде келтірілген мәселелер туралы сөз қозғалады:
- Білім беру саласындағы халықаралық үрдістер;
- Білім беру бағдарламасын құру теориясы;
- Оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар.
Сонымен қатар, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдерге сабақты модельдеу арқылы бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Осылайша, Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
• Білім алушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Әдебиеттер тізімі:
|