Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері (баяндама)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама «Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері»
Автор: Р.Б.Хайруллина Бастауыш сынып мұғалімі
БҚО облысы, Казталов ауданы, Жас ауылы
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика;
-адамдардың өзін өзі басқаруы;
-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы
-еңбек нарығының құрылымы;
-шекарамыздың ашықтығы;
-еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі;
-оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:
-бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
-
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
-
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
-
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
-
мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты деген не?
-бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:
-оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:
-мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының іс-әркетін, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму үдерісін реттейді.
Қазіргі жаһандану заманында ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек? сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам — бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені мектепке келген жас бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік, дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш сынып мұғалімдері. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
(Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы 14- бет).
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Кесте №1
Білу |
Нақты іс-әрекетті іске асыру |
Түсіну |
Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау |
Қолдану |
Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу |
Анализ |
Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру |
Синтез |
Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру. |
Бағалау |
Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу |
Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары
Кесте №2
Мақсаттар |
Сұрақ үлгілері |
Пайдаланатын етістіктер |
Білу |
Не? Кім? Қашан? Не … үлгісі болып табылады? … не тұспалданады? |
Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну |
Түсіну |
… басқаша қалай түсінуге болады? … бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба? |
Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу |
Қолдану |
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда? |
Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу |
Анализ |
Неге? Қалай? … себебі ен болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? … себебі қандай? … бір-бірімен қалай үйлеседі? |
Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу |
Синтез |
Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты? |
Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау |
Бағалау |
Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және неліктен? |
Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау |
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.
Кесте № 3
1- сынып |
2 — сынып |
3 — сынып |
4 — сынып |
Өзім туралы |
Өзім туралы |
Тірі табиғат |
Менің Отаным-Қазақстан |
Менің мектебім |
Менің отбасым және достарым |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
Адами құндылықтар |
Менің отбасым және достарым |
Менің мектебім |
Уақыт |
Мәдени мұра |
Бізді қоршаған әлем |
Менің туған өлкем |
Сәулет |
Мамандықтар әлемі |
Саяхат |
Дені саудың-жаны сау |
Өнер |
Табиғи құбылыстар |
Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті |
Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті |
Атақты тұлғалар |
Қоршаған ортаны қорғау |
Тағам және сусын |
Қоршаған орта |
Су-тіршілік көзі |
Ғарышқа саяхат |
Дені саудың-жаны сау |
Саяхат |
Демалыс мәдениеті. Мерекелер |
Болашаққа саяхат |
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Кесте №4
Ұзақ мерзімді жоспарлау |
· Оқу бағдарламасы · Пәннің мазмұны |
Орта мерзімді жоспарлау |
· Жұмыс сызбасы · Тізбектелген сабақтар |
Қысқа мерзімді жоспарлау |
· Жеке, дербес сабақ |
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Кесте №5
Рухани құндылықтар |
Дағдылар |
• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; |
• сын тұрғысынан ойлау; |
• қарым-қатынас жасау қабілеті; |
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; |
• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; |
• проблемаларды шешу қабілеті; |
• жауапкершілік; |
• ғылыми-зерттеу дағдылары; |
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; |
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); |
• өмір бойы оқуға дайын болу. |
• жеке және топпен жұмыс істе |
|
· Акт саласындағы дағдылар |
Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.
Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы.
Бастауыш білім берудің мақсаты – кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасын дамуына қолайлы білім беру ортасын құру |
Бастаушы сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:
-
Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
-
Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
-
Проблеманы шеше білу;
-
Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.
Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
-
Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
-
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
-
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
-
Топтық тұжырымдарға келе білу;
-
Топ алдында өз тұжырымын айта білу.
Ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін үштау) |
тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру) |
болашақта таңдайтын өз мамандығына қарай ақпаратттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты жүйелеу |
Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.
Кесте №6
Негізгі сипаттамалар |
Дәтүрлі оқыту үлгісі |
Жаңартылған білім үлгісі
|
Оқыту мақсаты |
Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі |
Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету |
Мұғалімнің рөлі |
Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі |
Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер |
Оқушының рөлі |
Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі |
Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі |
Білімді ұсыну формалары |
Дайын күйінде, үлгі бойынша, Сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы |
Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы |
Білімді қолдану |
Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану |
Алынған білімді нақты жағдайда қолдану |
Оқушы қызметінің формасы |
Фронтальды және жеке |
Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары |
Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері |
Сөздік әдістер |
Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер |
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», — деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.
Осы мақсаттардың барлығын қолдана отырып биылғы жылы 1-сынып жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыстандым.Әрине бастамасы қиын болғанмен ата-ана ,оқушылар мен әріптестердің арқасында оң нәтиже көрсеттім.Оқушы меңгеруге тиісті жоғарыда айтылған ерекшеліктерді өз сабақтарымда қолдана отырып білім бердім.Біліктілікті арттыру мақсаттарында курстардан өттім.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж.
2.Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж