Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«АТАЖҰРТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС САБАҒЫ
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының аясында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу
Сайыстың кезеңдері:
І. Сәлемдесу. Топқа бөлу.
ІІ. Білім ағашы. (сұрақ -жауап )
ІІІ. «Мен ұнататын пәндер»
ІҮ. Полиглот
Ү. Менің білім деңгейім
ҮІ. Тұлғаны таны
ҮІІ. Қорытынды. Жеңімпазды анықтау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сайысқа қатыушылар өздерін таныстырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 басым бағыттары бойынша жұптасып, әр жұп сол бағыттарына түсінік беріп өтеді.
ІІ. Білім ағашы.
Сұрақтар:
-
Қазақ хандығының тарихында ерекше орын алатын Тәуке ханның заманында билер кеңесімен қатар «халық құрылтайы» өткізіліп тұрған. Орыс деректерінде оны қалай атайды? -«Старшындар жиналысы»
-
1710 жылы Қарақұм құрылтайында да, 1726 жылы Ордабасыдағы ұлы жиында да бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп кімді бірауыздан сайлады? - Әбілхайырды
-
Бірнеше ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы барысында орын алған ірі шайқастардың бірі – Орбұлақ шайқасы қай жылы болды? - 1643 жылы
-
1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің негізгі себебі не болды?
-
Патша өкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19-43 жастағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы.
-
Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? - Жеті жарғы
-
Алашорда үкіметі қашан және қайда құрылды? - 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ІІ жалпықазақ съезінде
-
Е.Пугачев көтерілісі басып жаншылғаннан кейін, 1775 жылы 25 шілдеден бастап «күдікті» адам ретінде Орынборға келген кез-келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі не еді? - Көтеріліске қазақтар1756,1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
-
1905 жылы 6-тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Осы бойынша І Мемлекеттік Дума жұмысына қазақ елінің атынан үш депутат қатысты. Олар кімдер? - Орал облысынан –Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан Әлейхан Бөкейханов
-
1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс барысында Сырым Бұхар ханымен және Хиуа ханы Әбілғазы Қайыпұлымен жақындасып 1792 жылы Ресейге ашық ашық күрес жариялайды. Көтерілісшілердің 1000 адамдық жасағы өртеп жіберген бекініс, қазақтар оны кейіннен Күйікқала деп атап кеткен. Бұл қай бекініс? - Елек бекінісі
-
1921 жылы наурыз айында Коммунистік партияның Х съезінде «Азық –түлік және шикізат салғыртын нақты салықпен ауыстыру туралы» Декрет қабылданды. Осы құжат бойынша «Әскери коммунизм» саясатының орнына қандай саясат енгізілді? - экономикалық шараларға негізделген Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
-
Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің 1925 ж. 9-ақпандағы шешімі бойынша астана қай қаладан қай қалаға көшірілді? - Орынбордан Ақмешітке
-
Азамат соғысы қай жылдары болды? - 1918-1920 жж
ІІ. «Мен ұнататын пәндер»
-
Математика пәні:
-
1.1/10 санының кері саны? – 10 -1
-
2.Үш сызықтан пайда болған фигура? - үшбұрыш
-
3.Миллион санын жазғанда неше нөл керек? 6 нөл
-
4.Әженің Мирас атты немересі,Ақтөс деген иті және Пушок деген мысығы бар,әжеде неше немере бар?
-
5.Төрт аққайың өсіп тұр,әр аққайыңның төрт бұтағы бар,әр бұтақтың төрт сабағы бар,әр сабақта 4 алма өсіп тұр.Сонда аққайыңда қанша алма өсіп тұр?
-
6. sin 30 0 - мәні неге тең? 2/1 тең
-
Қазақ тілі ,әдебиеті
-
1.Көптік жалғаулар? Лар, лер, тар, тер,
-
2.Абай жолы романының авторы кім? Мұхтар Әуезов
-
3.Қазақ тіліндегі жеті септікті ата? – атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес
-
4.Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атөқаратың етістіктің түрі? Көсемше
-
5. «Батыр Баян » шығармасының авторы кім? - Мағжан Жұмабаев
-
6. Тұйық етістік деген не? - у жұрнағы арқылы жасалатын етістіктің бір түрі
-
География пәні:
-
1.Дүние жүзінде неше құрлық бар? 6 құрлық
-
2.Атмосфераның ең төменгі қабаты? Тропосфера
3.Дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап? - Термометр
-
4.Сирек кездесетін құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктерді қайдан табуға болады? Қызыл кітап
-
5.Мантиия деген не? - жердің ең тығыз ішкі қабаты 6. Жер шарындағы екі полюстен де бірдей қашықтықта ойша жүргізілген шеңбер? - Экватор
Биология пәні
1.Адамдағы атавизм белгілері - дененің түк басуы, қосалқы емшек, құйымшақ
2. Сулы ортада мекендейтін ағзалар – гидробиоттар
3. Адамда қанша хромосома бар? 46
4. Жүрек минутына қанша рет соғады? - 70-75
5. Адамда қанша қабырға бар? -24
6. Ең үлкен асқорыту безі? - бауыр
ІІІ. Полиглот.
Жаман аттан аяғым артық
Жаман ......... таяғым атрық. (Жолдастан) – друг- friend
Күн ысып,су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.
Бұл қай кез? (Жаз) – лето - summer
Тілі бар,үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен
............... пейілді болса,шәкірті зейінді келеді. (Ұстаз) – учитель- teache
Жаны жақсы ағаның,
Етегін баспа жолын қу.
Болайын деген.............,
бетін қақпа белін бу. (Баланың) – мальчик - boy
Қыр көгеріп,құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,қорадан жас төл өрді. (Көктем) – весна - spring
Оқу білім бұлағы,
Білім -......... шырағы
Білімнің мол сый асы,
Балғындардың ұясы (Өмір – жизнь - life
ІҮ. Менің білім деңгейім (Сұрақ-жауап)
1.Тарих туралы алғаш кітап жазған,кейіннен «тарихтың атасы» атанған: Геродот
2.Жаңа тас ғасыры қалай аталады? Неолит
3. Түрік қағанатының негізін қалаған кім және қашан? Бумын қаған 552 жылы
4. Орта ғасырлық мемлекеттердің ішінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған қай мемлекет Қарахан мемлекеті.
5. Моңғолдар Қазақстан аумағын қай жылдар аралығында толықтай басып алды? 1219-1924 жж
6.Қыш құмыра(керамика) жасауды үйрену қай дәуірдің басты жаңалығы болды? Неолит
7. Монғолдарға қарсылықсыз өз қақпасын ашып берілген, сол үшін де «Қайырымды қала» атағын алған қай қала? (Баласағұн)
8.Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар қалай деп аталады? Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы
9.Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған кім? Батый хан
10. Қазақ хандығын құрған кімдер? Керей мен Жәнібек
11.Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер? Ж.Нәжмединов, Н.Ә.Назарбаев
12.16 желтоқсан қандай күн? Тәуелсіздік күні
13. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? Үш: палеолит, мезолит, неолит
14. Голощекин геноциді салдарынан республика аумағынан тыс жерлергеқоныс аударғандар неше бағыт бойынша жүрді? Үш бағыт: 1) Ресейге, 2) Қытайға, 3) Орталық Азия елдеріне
15. 1926 жылы Қазақстанда неше жәрмеңке жұмыс жүргізді? 128
16. Шыңғыс ханның заңдар жинағы қалай аталады? Яса (Жасақ)
17. «Түрік тілдерінің сөздігі» (Диуани лұғат ат-түрк) шығармасының авторы кім? -Махмуд Қашқари
18. Алтын орданың негізін қалаған кім? Бату хан
19. 1886 жылғы 2 маусымдағы «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бойынша Түркістан өлкесіне қай облыстар кірді? Сырдария, Ферғана, Самарқант
20. Көшпелі өзбектер деп аталатын қай хандық? Әбілхайыр хандығы
21. «Алтын киімді» адамды қайдан,кім ашты? Есік обасынан Кемал Ақышев
22. «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» деп аталатын тарихи оқиғаны бастаған тайпа: Ғұндар
23. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлім және неше баптан тұрады? - 9 бөлімнен, 98 баптан
24. Сақ қоғамы нешеге бөлінді,ата? Үшке: Абыздар , жауынгерлер, малшылар мен егіншілер
25. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? 1986 жылы 16 желтоқсанда
Ү. Тұлғаны таны.
-
1870 жылы туылған. Қазақ хаолқының рухани көсемі. І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі. Қарқаралыдағы Зариф молда медрессесін, одан кейін төрт жылдық қалалық кәсіптік училищені және техникалық училищені бітірген. 1890 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық орман институтына түседі. 1905 жылы қазақ даласында алғаш рет саяси талаптар жасап, 14,5 адам қол қойған «Қарқаралы петициясының» ұйымдастырушысы болған. Алашорда үкіметінің төрағасы. Әлихан Бөкейханов
-
Қазақ халқының тарихындағы тағдыры күрделі ірі тұлғалардың бірі. Өз өмірін Орталық Азия және Қазақстан халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағыкүреске арнаған. Сондықтан оған түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл деген айыптар тағылған. 1928 жылы Парижде шыққан «Жас Түркістан» журналын басқарды. Түркияда, Францияда жүрген кезінде ол эмиграциялық ұйымдар мен баспасөз жұмысына белсене араласты. – Мұстафа Шоқай
-
Аса көрнекті қолбасшы, елші, жоңғарларға қарсы азаттық соғысты ұйымдастырушылардың бірі. 1710 жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының Құрылтайында ол жалпықазақ қолының бас сардары болып сайланды. Қалмақ басқыншыларына қарсы Бұланты, Аңырақай шайқастарында ерекше батырлығымен көзге түскен. Өмірден озған соң оны халқы құрметпен Түркістандағы Қ.А.Иассауи кесенесіне жерлеген. Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы.
-
Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. 1753-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Байбақты руынан шыққан. Өзінің асқан ақылдылығының арқасында елге танылған.әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. Сырым Датұлы
-
Қазақ хандығының атақты ханы. 1680-1715 жылдары билік құрған. Салқам жәңгір ханның баласы. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Тәуке хан
-
1835 жылы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, ақындардың өлең жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. 1847 жылы сол кездегі ең таңдаулы оқу орны Сібір кадет корпусына оқуға түседі. 1858-1859 жылдары Қашқарияға сапар шегеді. Оған дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің барып қайиуына сәті түспеген. Қозы Көрпеш Баян Сұлу жырын хатқа түсірген. Шоқан Уалиханов (Мұхамедханафия)
ҮІІ. Қорытынды. Жеңімпазды анықтау