Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас


Мурабилдаева Рысбике Алимахуновна

Қазақстан Республикасының педагог

кадрларының біліктілігін арттыру

деңгейлі бағдарламалары аясында

үшінші (базалық) деңгей бойынша,

жаңартылған білім бағдарламасы

бойынша курстан өткен ІІ санатты мұғалім

Бозой негізгі орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жаңартылған білім- бұл оқу үдерісінің жаңа әдіс-тәсілдеріне көшу. Білім берудің мақсаты -білім мазмұнының жаңаруы, технологияларды меңгеру, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарды тиімді қолдану.Жаңа бағдарламаға сәйкес көптеген өзгерістер де болды. Бұл бағдарлама болашақ ұрпақ үшін ең тиімді болары сөзсіз. Жаңартылған білім беру саласындағы басты міндет орыс тілімен қатар ағылшын тілін және басқада пәндерді оқытудың балаға арнаған жаңа заманауи әдістерін қолдануы. Бұл баланың білімін арттыруға жағдай туғызады. Жаңартылған білім берудің нәтижесі мынадан көрінеді: Оқыту жетістіктерінен, білім сапасынан, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудан, бағалаудан, дұрыс бағыт-бағдар беруден көрінеді. Әр сабақтан білім алу үшін оқушылар өздері белсенді қызмет етеді, алға ұмтылады, ізденуге тырысады. Биылғы оқу жылында оқушылар критериалды жүйе арқылы бағаланды.Критериалды бағалау білім алушылардың дамуына оқуға қызығушылығын арттырады, ынталандырады. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану оң тәжірибе береді.Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде жаңашылдықты талап ететін қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін ұстазға үздіксіз шығармашылық іздену, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі жоғары деңгейде болуы қажет. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлері өте көп. Мен сабағыма балалардың қызығушылығын арттыруда қызықты жаңа тәсілдерді кіріктірдім. Әдіс-тәсілдерді сабақтың әр бөліміне қарай кіріктіруге болады. Мысалы: қызығушылықты оятуда ой қозғауға шақыруда бейнефильмдер, сөзжұмбақтар, үш қадамдық сұхбат әдісін қолдансам, мағынаны тануда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, ой толғаныс бөлімінде еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.Мысалы әдебиеттік оқу пәнінен "Ғарышкер" тақырыбын өткенімде 5 жолды өлең құрастыруда Нұрлан Бағлан мен Қанатұлы Қайсар өте жақсы құрастыра білді.

Қайсардың өлеңі құрастырған өлеңі:

Мен ғарышкер боламын,

Әлі өсіп боламын.

Ғарышқа сапар шегемін,

Көк туымды жоғары ілемін.

Оқушылардың жұмысын ерекше қошеметпен бағалап отырамын. Ерекше қошеметке ие болған баланың сабаққа қызығушылығы артады.

Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің білімін жаңа ақпаратпен толықтырады. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Міне жоғарыда айтқандай әдіс-тәсілдерді сабақтарымда қолданамын. Мысалы: 2-сыныпта "Ыстық орындық" әдісін әдебиеттік оқу пәнінде бөлімдерді қайталауда, қазақ тілі пәнінде қайталауда, мысалы математика пәнінде қосу мен көбейту кестесін жатқа айтуға қолдандым. Нәтижесінде балалар қосу мен көбейту кестесін жаңылмай айтуға тырысты."Доп лақтыру" әдісін үй тапсырмасын қайталауға немесе жаңа сабақты қорытындылауға түрлі сұрақтар қою арқылы қолданып отырдым. "Лента" әдісі бір тарауды аяқтаған уақытта пайдаланған тиімді."Түртіп оқу" әдісін "Атан түйе шөккен жер" мәтінін оқып талдауға пайдаландым. Балалар мәніннен өздеріне таныс, өздері бұрыннан естіген немесе өздері естіп білмеген бөлімдерін түртіп оқып көрсетіп талдау жасай білді. Ана тілінде жеке жұмыста "эссе", қазақ тілі мен ана тілі пәндерінде топтық жұмыста "Төрт сөйлем тәсілі", "Бес жолды өлең" тәсілдері өлең құрастыру өте тиімді.2-сыныптарға ұйқастарын табуда әдебиеттік оқу пәнінде "Буреме" әдісін қолданып отырамын. Өлеңді ең жақсы құрастырған оқушыға ерекше қошемет көрсетіп отырдым.Мысалы "Етістік" тақырыбын өткенде берілген етістікті пайдаланып өлең құрастырды. Нәтижесінде басқа оқушыларым тырысып өлеңді, сөздің ұйқасын табуға тырысты.

Өлеңді ең жақсы құрастырған оқушылар.

"Автор орындығы" әдісін үй тапсырмасына немесе мектепте шығарма,әңгіме құрастырып жазуда қолдандым. Міне осында ең әдемі жазған оқушыны ерекше бағалауда пайдаландым. Нәтижесінде әңгіме құрастыруға қиналатын оқушым тырысты.Әңгемені өз бетімен құрап үйренді.

Ең жақсы жазылған шығарма авторын ерекше орындыққа отырғызған кезде бала жетістікке жеткеніне қуанады, басқа балаларда соған қарап талпынады.

Джиксо ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Әдебиеттік оқу пәнінде мәтінмен танысып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырып отырамын.Оқушылар мұндай топтық тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындап отырады.Нәтижесінде оқушылар мәтінді түсініп өз ойларымен мәтінді жеткізе айтып берді.

Оқушылар жұптық, топтық жұмысты орындау үстінде.

Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арнап әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Қазіргі кезде белгілі бір біліммен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының білім алуына, оқуына, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.

Сабақтан топтық, жұптық жұмыстардан көріністер.

Сынып оқушыларының оқу сауаттылығын тексеру барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:

Оқушының аты-жөні

Оқу нормасы 41-45 сөз

1

Абылай Айзере

75сөз

2

Досунбаев Ерасыл

83сөз

3

Қанатұлы Қайсар

78сөз

4

Нұрланұлы Бағлан

66 сөз

Қорыта келгенде оқушылардың білім сапасын арттыру барысында мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Менің іс-тәжірибиелерімде тапсырмалардың  қатарын түрлендіріп, әдіс-тәсілдерді сабақта үнемі қолданып отырамын. Нәтижесінде оқу жылының соңындағы білім сапасы

Әр мұғалім оқушыға көп қырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденісінің нәтижесі ол алдындағы балалардың білім нәтижесі болып есептеледі.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кудайбергенева К.С. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу . Әдістемелік құрал.- Алматы, 2013.

  2. А Қ. Алимов Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. 2014ж

  3. Жақсылықова К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2014.

  4. Оқыту тәрбиелеу технологиясы 2015 ж




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2018
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі