Материалдар / Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнына сай жасалған информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнына сай жасалған информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспар жаңартылған оқу бағдарламасы аясында жасалған қысқа мерзімді жоспар көмегін тигізеді деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2018
906
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы: 6.4.2.1-Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру

Сынып: 6


Мектеп: Керімбай атындағы № 12 мектеп - гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабай Назерке Муратқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Авторлық құқық және плагиат ұғымдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме):

6.4.2.1-авторлық құқық,плагиат ұғымдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: авторлық құқық, плагиат ұғымдарын білу

Оқушылардың басым бөлігі: авторлық құқық, плагиат ұғымдарын анықтай алу.

Кейбір оқушылар: автордың құқығын бұзуды болдырмау, плагиаттың алдын алу, авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты жеткізуді практика жүзінде іске асырады.

Бағалау критерийі:

-Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсінеді.

- Авторлық құқық ,плагиат ұғымдарын қолдана алады.

- Авторлық құқық турлерін біледі, оларды ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Тілдік мақсат

Оқушылар:Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын біледі, анықтамасын түсінеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:Автор, плагиат, гиперсілтеме.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын қалай түсінеміз?

Авторлық құқық бұзылғанда не істеу керек?

Авторлық құқық нысаны не болуы мүмкін?

Құндылықтарға баулу:

Ұлттық қауіпсіздік және елміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құрмет, ынтымақтастық, ашықтық

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, адам қоғам құқық негіздері

Алдыңғы білім:

Сілтемелермен жұмыс жасауды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

















Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сəлемдесу оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.

Жағымды оқу ортасын қалыптастыру:

«Айырмашылықты тап » жұптасып тұрып айырмашылықтарын табады.

Топтастыру : Команда таңдау.1.Жеке құқық, 2.Мүлік құқық, 3.Плагиат



Алдыңғы білімді пысықтау

«Қаламсап» әдісі

Оқушылардың қаламсаптарын жинап кез –келген қаламсапты алып сол қаламсаптың иесінен өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Сілтеме дегеніміз не?

  2. Сілтеменің қандай түрлерін білеміз?

  3. Сілтеме бізге не үшін қажет?

  4. Гиперсілтеме туралы не айтамыз?


.Бүгінгі оқу мақсатымды ашу үшін Bilimland сайтынан бейнеролик көрсетемін. ПЛАГИАТ


Жаңа сабақ.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісін негізге ала отырып,

«Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру» тақырыбының мазмұнымен танысып, мағынасын ашады.





Қораптан парақшаларды алады, берілген тақырыпшалар

ға байланысты топтасады




























https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/plagiat-zhane-avtorlyq-quqyq-degenimiz-ne

(5,16мин)




А4 жазылған мәтін

Сабақтың ортасы


























































1-тапсырма.Топтық жұмыс: «Графикалық органайзер» әдісі арқылы жаңа сабақты пысықтайды.

Өтілген тақырып бойынша әр топ постер қорғайды

1-топ: Жеке құқық

2-топ: Мүлік құқығы

3-топ: Плагиат


Дескрипторлар

1.Жеке құқық туралы ақпарат толық бере алады

2.Мүлік құқығы туралы ақпарат бере алады,қосымша ақпаратты тиімді пайдалана алады

3.Плагиат туралы толық ақпарат береді


Қалыптастырушы бағалау «Қол шапалақтау»



2-тапсырма. Жұптық жұмыс.«Көршіңмен ақылдас»

Авторлық құқық және плагиат ұғымдары тақырыбында MS Power Point программасында презентация құрады.

ЖАДА(Жақын арадағы даму аймағы) Мұғалім мен құрдастарының қолдау көрсетуі арқылы оқушының дамуына қолайлы орта орнатылады

Дескрипторлар

1. Ақпаратты жинай алады

2.Компьютерде презентация жасай алады.

3.Жасалған презентациясын қорғай алады

Қалыптастырушы бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.



3-тапсырма. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Әр топқа екі түрлі автордың жұмысын ұсынамын. Осы жұмыстарды плагиатка online тексеруде орындайды.

Дескрипторлар

  1. Ғаламтор желісін пайдалану арқылы антиплагиат сервистерін пайдалана отырып мәтіннің бірегейлігін анықтай алады.

  2. Мәтіннің бірейгейлігінің пайыздық мөлшерін көрсете алады.

Қалыптастырушы бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Топтық жұмыс

«Ақпаратты сүзу» тәсілі арқылы сөз жұмбақты шеше отырып , сүзгіден өткізіп өзіне керекті сөздерді жазып алады

Оқулықтағы 151 бетіндегі сөз жұмбақты шешу

1.Әр түрлі ақпарат көздерімен сақталып, тасымалданатын және қолданатын кез келген мәлімет

2.Түсініктеме жазуда немесе ресурстарға, әдебиет көздерге сілтеме жасауды ұйымдастыруда қолданатын мәтін элементі

3.Өнер туындысын құратын,жасайтын немесе жазатын тұлға

4.Зияткерлік жекеменшік нысананың туындысы

5.Зияткерлік жекеменшік нысана құқығы бар тұлға «Авторлық құқық......»

6.Авторлардың құқығын қорғайтын заңдар кешені


Дескрипторлар

1.Сөз жұмбақты дұрыс шешеді

2.Өз жауабының дұрыс екендігін дәлелдейді

Қалыптастырушы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Маркер, ақ қағаз,қосымша ақпарат
















Оқулық , дәптер, компьютер
















Компьютер,

қима қағаздар.















Сөз жұмбақ жазылған қағаздар










Сабақтың соңы





Рефлексия: « 5 жолды өлең» әдісі арқылы кері байланыс

Оқушыні аты-жөні

  1. Сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

  2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім, үйренгенім аз болды.

  3. Мен басқаларды мұқият, зейінсіз тыңдадым.

  4. Мен пікірсайыстарға жиі, сирек қатыстым.

  5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.

Стикерлер

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға орындаушының әрекетін анықтау үшін жеңілінен күрделісіне қарай тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыс орындатамын. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін тапсырмалар мен дескрипторлар қолдандым. Топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың бірлескен әрекетін бақыладым.

Қабілеті жоғары оқушылар

Сұрақтар оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады. Топтық жұмысты ұйымдастыру жұмысын қолға алады.

Қабілеті орта оқушылар:

орта деңгейдегі оқушыларға үлестірме тапсырмалары ұсынылады.

Қабілеті төмен оқушылар: оқушыларға қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсету ұсынылады

Оқушылар үнемі бағаланып отырады. Топтық жұмыста өзара бағалау. Жеке жұмыс жасағанда өзін бағалау.

«қол шапалақтау», «смайликтер» «бағдаршам», арқылы бағалаймын.

Кері байланысты оқушылардың қабілетіне қарай сабақтан түйген ойларын жазады.

топтық, жеке тапсырмаларын орындау барысында жинаған сәйкес білімдерінің деңгейін білемін.


Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау. Техника қауіпсіздігін сақтау.

Интерактивті тақтаны уақытымен пайдалану.

Шамадан тыс тапсырма бермеу Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлекция




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!