Материалдар / Жаңартылған сыныпқа оқу тоқсанының қорытындысы бойынша талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған сыныпқа оқу тоқсанының қорытындысы бойынша талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
5,7-сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2018
1798
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылындағы 5-сынып бойынша жиынтық бағалаулар қорытындысына талдау сараптама


5-сыныпта барлығы 9 оқушы, 3-еуі ұл, 5-еуі қыз бала. Сыныпта көп балалы және жағдайы төмен отбасылар төртеу.  Олар: көп балалылар: Виктор Орынай, Сүйеу Нұрай, Қуаныш Тойындық Аз қамтылған (күн көрісі төмен отбасы) балалары: Амангелді Нұрай, Ғиниятолла Аяулым.

Жалпы  сынып оқушыларының  интелектуалдық  деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі жақсы, тәртіп жағынан жақсы. Бастауыш сыныптан 5 үздік оқушы, 4 екпінді және 2 орташа оқитын оқушы болды. 2оқушы бастауыш сыныптан кейін Атырау қаласына ауысып кетті. Қазіргі таңда сыныптың жаңартылған бағдарламаға бейімделуі қиындық келтіріп отыр. Себебі, оқушылар осыған дейін бастауыш сыныпты дәстүрлі сабақ аясында өткендіктен өз ойларын еркін жеткізуге, ашық сөйлеуге тарқыншақтайды. Сабақ барысында жаңа сабақтың мақсатына жету үшін бірнеше тапсырмалар мен сұрақтар қою арқылы орындатып отырмыз. Биылғы оқу жылының І оқу тоқсанында 5оқушы үздіктер қатарына қосыла алмай сыныптың, әрі мектептің білім сапасының төмендеуіне әсер етіп отыр. Оған себеп оқушыларға жаңартылған білім мазмұнын игеру қиынға соғуда. Сыныпқа тоқсан аяғында 7-і сабақтан ТЖБ өткізілді. ТЖБ өткізу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алмады, логикалық тапсырмаларды орындау барысында және дәлелдеңіз, анықтаңыз, түсіндіріңіз деген талдау, қолдану деңгейлеріндегі тапсырмаларды орындауда көптеген қиындықтар болды.ТЖБ-ды өткізу барысында қазақ тілі мен әдебиетінен берілген тапсырмаға сай оқушылар нормаға сай 20 сөз жазуға тиісті болса, олар өз пікірлерін бір-екі ауыз сөзбен ғана баяндаған, ал орыс тілі пәнінен 60-80 сөзден тұратын тілдік нормаға сай «Табиғат және ауа-райы» тақырыбына 2 түрлі бағытта досыңа хат жазу және «Ауа райы адам ағзасына әсер ете ме ?» деген тақырыптарда шағын әңгіме құрау берілді. Балалар ойларын жаза алмады. 7-8 балл аралығында жазған оқушылар да нормаға сай 60-80 сөзге жеткізе алмады. Оқылым бөлімінде де максималды балл- 10 болса, оқушылар көрсетілген 10 тақырып бойынша диалог құруы керек. Бұл жерде екі оқушы кезекпе-кезек сұрақ қою, жауап беру, рольдерін ауысып керісінше келесі оқушы сұрақ –жауаптарын келісу немесе келіспеу арқылы жалғастыра беру керек болса, осы тапсырмаларды орындау барысында Райымберді Саят, Бекешов Ерқанат,Тыныштық Жанбота,Сүйеу Нұрай,Куаныш Тойындық сынды оқушылар орындай алмады. Орыс тілі пәні бойынша максималды балл өте жоғары қойылған және берілген тақырыптар балалардың ауызша айтуына өте ауыр болып келді. Жаңа бағдарламаны оқушылар әр түрлі деңгейде қабылдап жатыр. Информатика пәнінен қарапайым «Ғаламтор дегеніміз не?» деген сұраққа оқушылар жауап бере алмай қиналды. Бұл жерден байқағанымыз оқушылардың өз ойларын жеткізіп айтудан гөрі, жаттанды оқуға бейімделгені көрінді. Үздік оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, жаратылыстану, информатика, математика пәндерінен «4»-ке шыққан. Математика пәнінен де 5,7 сыныптарда оқушылардың тоқсандық жиынтық бағалауында білу, түсіну, қолдану ойлау дағдыларының деңгейі бойынша максималды балл 20 болу керек Бастауыш сыныпта үздік болған 5 сынып оқушылары да, 7 сынып оқушылары да бұл жердегі 20 баллды қорғай алмады.. Оқушылар жаңа бағдарламаны дұрыс қабылдау үшін математика сабақтарында оқыту әдісін дұрыс таңдау - ең басты мақсаттардың бірі. Мұғалім математика сабағында сөздік құзыреттілікті дамыту үшін мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып, жұмыс жүргізуде: сұрақ-жауап, көрнекілік, кітаппен жұмыс, аудио-бейне тәсілдері, интерактивті әдістер. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор.Бұл дәстүрлі әдістерге қарағанда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді, алайда 5-сынып оқушылары өз ойларын айқын айтуға үйренбеген, топтық жұмыс жүргізуге дағдыланбаған. І тоқсанның І бөлімінің ІІ бөлімшесіндегі «Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері» тақырыбы бойынша бастауыш сыныптарда математика пәні бойынша алған білімдерін айтарлықтай дәрежеде көрсете алмады, яғни кейбір оқушылар көбейту кестесін де білмеді, екі- үш таңбалы сандарды көбейту, бөлу ережелерін ұмытып қалған.Осы кемшіліктерді жою мақсатында оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілуде.Бірақ Бекеш Ерқанат деген оқушы жеке жұмыс кезінде өз білімін көрсете алмады және жазу каллиграфиясының төмен екендігі де байқалды.. Ал, география пәнінен өткізілген сабақтар мен жиынтық бағалауда кездескен қиындықтар: оқушылардың өз ойларын тез, жүйелі ауызша-жазбаша жеткізуге дағдыланбауы, оқулықта жоспардағы кейбір тақырыптардың бағдарламаға сәйкес келмеуі деп түсіндірді. Кездесетін қиындықтар негізінен материалдық базаға негізделген. Себебі, барлық кабинеттерде компьютерлер, интербелсенді тақталар жоқ. Сол себепті, мұғалімдер кей кездерде дайын көрнекі құралдарды толық пайдалана алмауда. Кабинеттердің барлығында техникалық құрал-жабдықтардың жоқтығы қиындық туғызуда.

ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен керісінше оқушылар жаратылыстану, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті пәнінен тілдік нормаларға сай өз пікірлерін бір-екі ауыз сөзбен ғана емес бір-біріне диалог құрып сөйлеуге жаттығып келе жатыр. Оқушыларға алдыңғы тоқсанға қарағанда осы тоқсанда жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бірақ орыс тілі мен әдебиеті пәнінен әлі де болса кемшіл тұстары бар. Осы пәннен 2оқушы модерацияға түсіп, хаттамаланды. Оқушылардың барлық пәндерден жұмыстары ата-аналарына таныстырылып, рубрикасына қолдары қойылды. Жиынтық бағалау жұмыстарының папкалары жинақталды.

5-сынып оқушыларының І және ІІ оқу тоқсаны бойынша пәндерден бағалары:

Оқушының аты-жөні

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі мен әдебиеті

Ағылшын тілі

Математика

Информатика

Жаратылыстану

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

Тоқсан

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

Амангелді Нұрай

4

4

5

4

4

4

5

4

4

4

4

3

4

3

5

5

5

4

Бекеш Ерқанат

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

Виктор Орынай

4

5

5

5

4

4

5

5

5

5

4

4

4

5

4

5

4

5

Ғиниятолла Аяулым

3

4

4

4

3

3

4

3

3

3

5

4

4

3

5

5

5

4

Қуаныш Тойындық

4

5

4

5

4

4

5

5

5

5

4

4

4

4

4

5

4

5

Райымберді Саят

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

4

3

3

3

3

Серікқали Даулет

3

4

3

4

4

4

4

4

4

4

4

4

3

4

4

4

4

4

Сүйеу Нұрай

4

5

4

4

4

4

5

5

4

4

5

4

4

4

5

5

5

4

Тыныштық Жанбота

4

4

4

4

4

4

5

5

4

4

4

4

4

4

5

5

5

5

І оқу тоқсанында ата-ана сабаққа қатынасқан жоқ. ІІ оқу тоқсанында 3ата-ана және сынып жетекшісі мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қатынасты.


Сынып жетекшісі: Р.Анесова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!