Материалдар / Жаңаша білім беру мазмұны негізінде оқушыларда тарихи сана қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңаша білім беру мазмұны негізінде оқушыларда тарихи сана қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Республикалық Форум

«Білім берудегі инновациялар және мобильділік»

Қатысушының аты-жөні

Сугирбаева Майра Садуахасовна

Жұмыс орны

99 орта мектеп

Облыс/қала/аудан

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Ақай ауылы Сақыпжан көшесі №42

Қатысушының лауазымы

Тарих пәні мұғалімі

Қатысушының e-mail адресі

m.sugirbaeva.ss@mail.ru

Қатысушының байланыс телефоны

8705 572 34 77

Баяндаманың тақырыбы

Жаңаша білім беру мазмұны негізінде оқушыларда тарихи сана қалыптастыру


Трек № 2, бағыты

Білім шыңына жетудегі кедергілер мен мүмкіндіктер





































ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДА ТАРИХИ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сугирбаева М.С

Тарих пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Ақай ауылы, №99 орта мектебі


Түйін: Аталмыш мақалада автор оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейтіндігі туралы айтады.

Тірек сөздер: «Мәңгілік Ел», «Бодан», «Тарихи сана», «Құрылтай»

Қазaқстан Республикасында жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде тарихи-құқықтық білім берудің аса үлкен маңызға ие болуы Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін оқытудың оқушыларда тарихи сана мен құқықтық сауаттылықты қалыптастырудағы тәжірибелік тұрғыдан маңыздылығына байланысты. Оқу-тәрбие үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні оқушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұлы дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді. Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ал бұл өз кезегінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқыту мақсаттарын іске асыру арқылы тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мынадай тарихи тұжырымдардың (ұғымдардың) негізінде жүзеге асырылады: өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамда қаншалықты өзгерді); себеп және салдар (мысалы, берілген тарихи кезеңде саяси үдерістерге қандай басты факторлар әсер етті); дәлел (мысалы, белгілі бір кезеңнің мәдениеті құндылықтар, наным және технологиялар туралы бізге не айта алады); ұқсастық және айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы мемлекеттің саяси құрылымының ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде); мәнділік (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының мәні неде); түсіндіру (мысалы, қандай да бір тарихи оқиғаны әртүрлі зерттеушілер қалай сипаттайды). Ұғымдардың негізінде оқыту тарихи оқиғалардың, үдерістер мен құбылыстардың мағынасы мен мәнін «қамтуға» бағытталған, бұл пәннің мазмұнын анағұрлым тереңірек түсінуге көмектеседі. Тарихи ұғымдарға сүйене отырып, тарихи материалды аналитикалық талдау жүзеге асырылады. Оның нәтижесінде оқушылар пәндік материалды ғана емес, сонымен қатар зерттеу рәсімдерін және олар мен байланысты дағдылар мен қабілеттердің үйлесімін меңгереді (материалды жинау және реттеу әдістері, мәселелерді тұжырымдау және дереккөзбен жұмыс жасау үдерісінде проблемаларды қоя білу қабілеті, дереккөздерді сәйкестендіру және сын тұрғысынан бағалау тәсілдері, зерттеу жоспарын әзірлеу, материалды жалпылау және тұжырымды тексеру әдістерін таңдау).

Мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды, өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бір де біреуі атқара алмайды. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуды тиімді жүзеге асыру үшін оқыту үдерісі тарихи концептілер негізінде ұйымдастырылады. Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте алға ілгерілеу мен алған білімді кеңейтуді есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи концептілерге баса назар аударуға негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.

Жеке адам өзінің өткені мен өмір сүріп отырған қоғамындағы орын алған оқиғаларды дұрыс па­йымдап, оң баға беру үшін оның  жастайынан қалыптасқан озық тарихи санасы болуы қажет.  Ғалым-оқымыстылар «тарихи сана» дегенді – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың тарихын сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын, өткен өмір жолын танып-білуі, сол арқылы патриоттық сана-сезімінің оянуы деп түсіндіреді.

Тарихи сананың қоғамдағы маңызы жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы мамыр айында Астана қала­сында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында сөйле­ген сөзінде: «Тарихи сананы дұрыс қа­лып­тас­тыру арқылы біз болашаққа нық қадам жасайтын боламыз. Оны іске асыратын құрал – әркімнің өзінің төл тарихы пен мәдениетін білуі», деген еді.

Расында, қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаң­ғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлт­тық таным­ның өзегі – тарихи сана. Ал тари­­хи сананың қалыптасуында ақи­қат­ты арқау еткен шынайы тарих пен халықтың байырғы қайнарынан сусындап, салт-дәстүрдің алтын арқауына байланған руханияттың рөлі зор.  

Өткен замандарға көз жіберсек: тарихи санасы жансызданған этностың белгісі-өзінің даму үрдісіндегі ақиқат болмысын парықтау қабілетінен айырылып, асылын бағалай алмайтын, басқаның жасығын малданатын, санасы қортық, өзін басқадан кем санайтын, кембағал түсінік сияқты сипаттары болады екен. 

Тарихи сананың бұлай ойрандалуы, әсіресе, отаршылық қыспаққа ұшыраған әрбір халықта сөзсіз болады. Мұндай сипат ұзақ жыл отаршылық заманды басынан өткерген қазақ халқының да бойынан табылары анық. Мысалы, Ресейдің Ағарту министрлігі 1870 жылы  «Ресейде тұратын жатжұрттықтарды орыстандыру  шаралары»  атты құжат қабылдап, бұратана халықтардың тарихи санасын әлсірету үшін арнайы шаралар қарастырған. Осы сала бойынша ұзақ жыл зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі академик Манаш Қозыбаев: «Бодан болған елдің санасын тұсап, рухани құлдыққа қарай икемдеу үшін қолданылатын ең төте тәсіл – халықты өз тарихи санасынан айыру. Бұл үрдіс 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін де жалғасып, жаңадан орнаған кеңес­тік идеологияның басты құралы болды. Мысалы, Кеңес өкіметі құрыл­ған алғашқы жылдары Одақ бойын­ша барлығы 194 ұлт пен ұлыс өмір сүрген болса, 1991 жылы Одақ құлағанда осылардың 50 пайызы тарихи санасын жоғалтқандықтан, ұлт ретінде жойылып кетті», дейді.

Адам өзінің өткенімен өмір сүріп отырған қоғамындағы орын алған оқиғаларды дұрыс пайымдап, оң баға беру үшін оның жастайынан қалыптасқан озық тарихи санасы болуы қажет.

  • Тарихи сана дегеніміз не?

Тарихи сана дегеніміз – ұлт­тың түрлі прессингтерге қарсы тұ­рариммунитеті, әлеуметтікжа­дыжәнеұлт коды сақталған «мат­рица». Ол – ұлттық сана мен мемлекеттік сананың негізі

Тарихи жады

Әлемде ерте уақыттарда тарихи жады қалай сақталған. Олар жазу мен сызу жоқ кезде аңыздар, ертегілер, ауызша жаттап жеткізетін жол мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келген. Ал, жазу пайда болғанда шежіре, жылнама, библиографиялық сипаттама және тағы басқалары арқылы жалғасып отырды.
Тарихи білім

Тарихи сананы қалыптастырудың негізгі жолы – тарихи білім. Ал, оқушыларда тарихи сана қалыптастыру үшін тарихи ойлау дағдыларын дамытамыз.

Тарихи білім – шын мәнінде ұр­пақты отансүйгіштікке тәрби­елеудің негізгі қайнар көзі. Ел­басы тарих туралы тағы бір сөзінде «Өркениетті алға бас­тырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жасұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәр­бие­лей алмайды», – дейді

Тарихи сананың тұғыры – тарихты танудан қалыптасады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы мамыр айында Астана қала­сында ұйымдастырылған Дүниежүзі қазақтарының ІVқұрылтайында сөйле­ген сөзінде: «Тарихи сананы дұрыс қа­лып­тас­тыру ар қылы біз болашаққа нық қадам жасайтын боламыз. Оны іске асыратын құрал – әркімнің өзінің төл тарихы пен мәдениетін білуі», дегенеді. Расында, қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаң­ғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлт­тық таным­ның өзегі – тарихи сана.

Ендеше, жас ұрпақта тарихи сана қалыптастыру үшін, күнделікті оқыту үдерісінде берілетін жаңа білім-туған ел тарихы, өз өлкесінің тарихымен байланыстырылып өтілуі тиіс деп білемін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. www.egemen.kz сайты

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

3.Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында»

4. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы

5. Н.Назарбаев өмірбаяны











АННОТАЦИЯ

Бұл баяндамада «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылатынын негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде тарихи-құқықтық білім берудің аса үлкен маңызға ие болуы керектігі жөнінде күрделі мәселелер айтылған.

Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін оқытудың оқушыларда тарихи сана мен құқықтық сауаттылықты қалыптастырудағы тәжірибелік тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып оқу-тәрбие үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына ерекше ықпал ететіндігін түсіне, сезіне білген. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні оқушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұлы дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейтіндігі айтылған.

Әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі ерекше. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ал бұл өз кезегінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асатындығы жөнінде түсінікте тілде жеткізілген.

Баяндаманың негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын, шығармашыл, өз ойын еркін айта білетін, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау жөнінде құнды пікірлер жазылған.

Қоғамда тарихи сана дұрыс қалыптаспай, ұлттық сананың жаң­ғыруы мүмкін емес. Өйткені, ұлт­тық таным­ның өзегі – тарихи сана. Сондықтан салт-дәстүрдің алтын арқауына байланған руханияттың рөлі зор екендігін ескеру басты бағытта ұсталу қажет.

Жобаның негізгі мақсаты: Тарихи сананы қалыптастырудың негізгі жолы – тарихи білім.


 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!