×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Хабарландыру
Байқаулар басталды Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Автор:Жүсіп Жанар Әбдіғалымқызы
Бағыты: Химия
Бөлімі: Баяндамалар, реферат
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-12-03

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

оқытушыларға әдістемелік көмек

Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім ордалары тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Химия пәнінде сабақ өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функцияналдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді деп есептеймін.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп – оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интербелсенді тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Ынталандырудың анықтамасы латын тіліндегіmovere(қозғау) сөзінен алынған. Ынта – бұл мақсатқа бағытталған іс-әрекет басталған және қолдау тапқан үдеріс. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.
Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр балаға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек. Мысалы, бұрынғылар сияқты келе салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң жаттығулар жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балаларға әлдеқайда қызық болады. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалғандарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрібір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп.
Тағы бір әдіс – сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікірін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Топ оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.
5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мұғалім және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой – өрісінің күрделі үрдісі. Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді. Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді. Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін – өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер. Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай – ақ қайталауда да қолданылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ — өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады. Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін арттырады. Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол- оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.
Химия пәні бойынша сабақтың бес типін көрсетуге болады:
1.Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.
2.Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.
3.Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпыламалау сипатындағы сабақтар.
4.Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.
5.Аралас құрама комбинациялы сабақтар.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу т.б.
Химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар,рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. Химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің мәні – осы саладағы жүмыстардың жемісті болуы – сынақ тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой жүгірте талдай білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ дамыту қажеттілігін талап етеді. Химикке тән осы сияқты және бұдан басқа да, мысалы тәртіптілік, зейіндік, жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер тек оқушылар сынақ тәжірибе жасауды сынақ тәжірибелік теория негізінде оқып-үйренумен ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай қалыптасады. Осының нәтижесінде әрбір оқушыда ақыл-ой және сарамандық іс-әрекеттің дараланған сипаты қалытасады, бірте-бірте ақыл мен естің химиктің қызметіне тән арнаулы қасиеттер дамиды, әдеттегі ғана емес, сонымен бірге теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі пайда болады.
Қорытынды
Сонымен қорыта келсек, сабақтағы ең басты және оны анықтаушы көрсеткіші оның мазмұны, дүниетанымдық бағыттылығы, мұғалімдердің педагогтық шеберлігін арттыру жөніндегі, істі ұйымдастырудың әдістемелік жағы болып табылады. Химияны оқытуды ұйымдастырудың барлық формаларында оқушылар ғылым негіздері бойынша белсенділік пен берікбілім меңгеруін, оқу еңбегінде және алған білімін іс-жүзінде қолдануда икемділік пен дағдылар алуын, сол сияқты оқушылар өздерінде дүниетану көзқарасын қалыптастыруын қамтамасыз ету — мұғалімнің парызы болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Химия мектепте ғылыми-педагогикалық журнал.
Химия анықтамалығы М.Б Усманова,Қ.Н СақарияноваАлматы 2008ж
ҚР Президентінің халқына жолдауы.
Химия Р.А Лидин, В.А Молочко,Л.Л.Андреева Москва 2002г
Ашық сабақтар сайты
Ustaz.kz сайты.
45- minut. Сайты.
М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004.
Білім технологиялары -2010.-№ 2.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: