Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның
күрделі және қызықты шым-шытырығы
мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»

Ы.Алтынсарин

....Өмір деген әркім өз жолын ғұмыр бойы іздеп өтетін қиындығы мен қызығы қатар жүретін, күрделі тарам-тарам соқпақтардан тұратын үлкен мектеп.Осынау үлкен мектепте АДАМ деген үлкен атқа лайықты болу үшін білім мен тәрбие керек.

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі ақиқат. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар адами-рухани құндылығы жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Келер ұрпақ алында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бекер айтылмаған. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және шығармашылыққа баулу туындайды.

Ал шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін оны қалыптастыратын мұғалім де шығармашыл, дарыны мен таланты ұштасқан, рухани бай болуы қажет-ақ.

Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісінде. Ал жаңа формация мұғалімінің ең басты талабы оның адами-рухани құндылығы. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды», демекші ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жас тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине –ұстаздар қауымы.

Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ал адам жүрегіне жол таба білу оңай шаруа емес, тек қана адами рухани құндылығы тереңдер сол жолдың ізінен адам жүре алады.

Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...»– дегендей білімнен бұрын, оқушыларға тәрбие берілуі тиіс.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезімі қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру – отбасының, мектептің, жалпы халықтың қасиетті борышы екендігі баршаға мәлім. Осы бағытта жас ұрпақты болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы, дені сау, адамгершілікті азамат етіп өсіру жолындағы тәрбие ісі ең қиын да қызықты іс. «Әлемде екі қиын іс бар: ол – мемлекет басқару және адам тәрбиесі» - деген аталы сөз.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл - Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде.

Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды , ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем.. .Шәкірт жүрегіне жол табу мен бағбан боп баулу ұстаздық  шыңның асқары болып саналатыны сөзсіз. Ұстаздық жол сонысымен құнды, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де сол себепті. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып,  оның сырлы тағдырына басшылық етуді  мойнына алған маман.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу,оның адамшылық ар-ұжданын, намысын, тұлғасын  жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткен мұғалім-мектептің жүрегі»,-деген болатын Ыбырай атамыз. Ал ұлы химик Д.И.Менделеев: «Мектеп-халықтар мен мемлекеттер тағдырын айқындайтын алапат күшке ие» деген болатын.    Олай болса,тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбиелейтін қазіргі заман  ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі  айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып білуші әрі оның жеке тұлға етіп, қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу,жеке тұлға бойындағы  қасиетті дамыту, «Мен»  менталитетін қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін мәселесі. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес.

Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,зерттеуші,практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Жақсы мұғалім-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын,оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол- өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

XXІ ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп елбасымыз өз жолдауында айтқандай, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалардың курстарында оқытудың тиімділігін, ерекшеліктерін, нәтижелілігін байқадым. «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері — сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.Мектептегі мұғалім құзіреті де басты назарда, оның оқушылармен қарым-қатынас түрі де, сабақ жүргізу тәсілдері де оқушылардың, білім алушының өз білімін, өз ойын ештеңеден «қорықпай» еркін білдіре алатынында. Мектепте білім сапасын артыруда   мұғалімдердің және оқушылардың  іс-әрекетін қалай бақылауға, зерттеуге болатынына бағыт ала отырып,көшбасшы болу үшін эмоциялық зиятты басты назарда ұстау жаңаша білім беруде қажет-ақ. Мұғалім- өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек.

 «Барлық мүмкіндік балалардың бойында» деген ұлы ойшыл А.Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Жалпы алғанда барлық салалардағы сияқты педагогикалық істе де талант сирек кезесетін нәрсе. Барлық ұстаз талантты болмаса да өз ісінің шебері болуға міндетті.

Шығармашылыққа жетпей тұрып, шебер педагог болуы мүмкін емес. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, оның ақыл –ойының көрінісі. Шығармашылық-әр ұстаздың дара қасиеті.

Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды пайдалана біледі. Олай болса, рухани бай мұғалім – қай бағытта да табысты болмақ.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2018
5460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі