400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімді, білікті ұстаздардың еңбегін насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Андақұлова Назгүл

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

229 орта мектеп

Жаңашыл ұстаз

Нұрғали Меруерт – өзінің ізденімпаздығымен көзге түсіп жүрген ұстаз. Оның әрбір сабағы оқушылардың ұлттық танымға жетелегенде, халықтық салт – дәстүр негізінде өтеді. Ол педогогикалық білім көтеруде сындарлы оқыту теориясын оқып, үйрене отырып, әр сабағын жүйелі түрде өтеді. Сонымен қатар оқытуда жұптық, топтық, деңгейлік тапсырмалар бере отырып, жаңа инновациялық тәсілдерін әр сабағында пайдаланады.

Меруерттің мінезі салмақты, өз ойын тұжырымды жеткізе отырып, тұшымды ойлар мен идеялар айтып отырады. Ол білуге құштар. Озық тәжірибені үйрене отырып, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңаша жұмыс ұйымдастыру үшін үнемі ізденісте жүреді. Соның нәтижесінде ол өткізген ашық сабақтар жаңа технологияларды пайдалана отырып, қызықты өткізіп отырады. Оның 9 –сыныбында физика пәнінен өткен «Энергия. Энергияның сақталу заңы», 7 сыныбында өткен «Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.» сабақтары, «Физика сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі», «Жаңаша оқыту – заман талабы» деген әдістемелік баяндамалары әріптестері арасында кең қолдау тауып, республикалық, облыстық баспасөз материалдарына жарияланды.

Нұрғали Меруерт 2008 жылы «Мультимедия сыныбында және интерактивті тақтамен пәндік дәрістердің сабақ беру әдістері» курсын бітірді, 2010 жылы Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Жергілікті есептеуіш желісін және он- лайн режимінде интерактивтік сабақтарды оқыту» және 2011 жылы желтоқсанда «CMS, CRMS және LMS әдістемесі», 2012 жылы «ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдардарламасы», 2013 жылы «Оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін оқытуда тиімді пайдалану» тақырыбында өз білімін көтерді.

Меруерт сондай – ақ үнемі шығармашылық жұмыстармен айналысады, мақалалары облыстық «Педагогикалық ізденіс» журналына, «Сындарлы оқуты курсының тиімділігі» облыстық «Жаңа практика. Ізденістер мен тәжірибелер» жинағына, Республикалық ғылыми -әдістемелік «Сыныптағы тәрбие» журналына «Диалогтік оқытудың маңыздылығы» атты сабағы, «Физика пәндерін оқытуды дамыта жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми - әдістемелік конференцияға қатысып, «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді.

Оқушылардың жан – жақты дамуы үшін білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, өз бетінше білім алуына Меруерт үнемі көмектесіп отырады. Нәтижесі де жаман емес. Оқушысы Шегенов Керімхан аудандық компьютерлік анимациялар сайысынан ІІІ орын иеленсе, аудандық пәндік олимпиададан 2017 жылы Құрбанғалиұлы Бектай ІІ орын, ал 2018 жылы І орын иеленді.

Меруерт өзіне берілген барлық істерді әріптестерімен бірлесіп жан – жақты ынтымақты жағдайда орындайды. Яғни өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.

Еліміздің болашағы – бүгінгі дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасқан жас ұрпақты шығаратын осындай еңбекқор ұстаз әлі де еңбек биігінен көрінері сөзсіз.

Оқушылардың сабақ үстіндегі көңіл – күйіне мән беріп, сабақты түрлендіріп өтеді. «Ұстазына қарап шәкіртін таны» деп дана халқымыз айтқандай, Меруерт балаларға талап қойғыш, айтқанын орындата алатын, ұжымдағы мұғалімдермен, ата –аналардың қайсысы болса да, тез тіл табыса алатын, сөйлеу мәдениеті, педагогикалық шеберлігі қалыптасқан өзіндік қабілеті бар, үлкенге ізетті, кішіге сыйлы, сый – сыяпатқа лайықты тұлға деп білемін. Ата – аналардан алынған пікірлер арқылы мұғалімге деген ризашылығы шексіз екенін көруге болады. Мектептегі тәрбиемен отбасындағы тәрбиені байланыстыра жүргізіп, ата – аналармен ұжым арасында құрметке ие.

Еліміздің болашағы – бүгінгі дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасқан жас ұрпақты шығаратын осындай еңбекқор ұстаз әлі де еңбек биігінен көрінері сөзсіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі