Жаңашыл ұстаз - заман талабы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңашыл ұстаз - заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардың білім беруіне деген жаңа көзқарас…
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛАР,

ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ШЕШІМ»

Айтқалиев Біржан Құрманғазыұлы

Алматы облысы білім басқармасының

Қарасай ауданы бойынша “Білім бөлімі” мемлекеттік

мекемесінің“Батан ауылының орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Аннотация

Жаңа ғасырдың белесінде тұрған ұрпақтар үшін заманауи, озық, жаңашыл білімнің маңызы өте зор екені бәрімізге мәлім. Сондықтан заманауи инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім берумен бірге өмірмен байланыстыруды және ұлттық ерекшелігі бар табиғат пен қоғам, оқу мен тәрбие процесін тиімді ұйымдастыра білу әдіс-тәсілдері арқылы шығармашыл және қоғамда белсенді тұлғаны қалыптастыруға болады. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгертуіне ықпал ететін жаңаша білім беруді құра білу - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Кілт сөздер:инновация,педагог,дидактикалық материал, жаңа заман мұғалімі,ғылым

Аннотация

Всем известно, что современное, передовое, инновационное образование имеет огромное значение для поколений, стоящих на рубеже нового века. Поэтому, используя современные инновационные технологии, можно сформировать творческую и активную личность в обществе, используя методы и приемы связывания образования с жизнью и эффективной организации процесса обучения и воспитания, природы и общества с национальной самобытностью. Создание нового образования, способствующего овладению основами знаний и умений подрастающим поколением, формированию мировоззрения - одна из актуальных проблем в системе образования.

Ключевые слова: инновации, педагог, дидактический материал, учитель нового времени, наука

Abstract

Everyone knows that modern, advanced, innovative education is of great importance for generations standing at the turn of the new century. Therefore, using modern innovative technologies, it is possible to form a creative and active personality in society, using methods and techniques of linking education with life and effective organization of the learning and upbringing process, nature and society with national identity. The creation of a new education that promotes the mastery of the basics of knowledge and skills by the younger generation, the formation of a worldview is one of the urgent problems in the education system.

Keywords: innovation, teacher, didactic material, teacher of the new age, science

Қазіргі таңда елімізде, жалпы жаhан бойынша маңызды мәселелердің бірі болашақ ұрпаққа сапалы білім беру өзекті болып тұрғаны сөзсіз. Себебі, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы әр педагог үшін жауапты жұмыс екені белгілі. Күнде қарыштап дамып , дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек . «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол!    Болашығыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!» дейді. Ендеше біздің білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгерісі орынды.

Қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім берудің дамуына жаңаша әрі тың көзқараспен келуді, педагогикалық ғылымның әдістемелерін өзгертуді талап етуде.Осыған байланысты білім беруді ұйымдастыруда «Не үшін оқытамыз?» деген сынды сұрақ туындайды. Бұл нәтижелерге тек жеке пәндер бойынша меңгерген білім, білік, дағды ғана емес, өмірлік дағдылар да жатады. Бұдан кейінгі мәселе «Оқушыны қалай үйрету керек?» деген сұрақпен байланысты болмақ. Бүгінде жаңа форматты мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбай, баланы өздігінен ізденуді дағдыландыру қажет. Себебі, әлемнің барлық елдеріндегі білім беру саласы оқу үрдісінің нәтижелі болуына кепілдік беретін оқу жүйесіне көшіп, оқу үрдісінде нәтиже алуға нақты қол жеткізіп, оны шынайы бағалауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдердің қажеттілігі туындап жатқандықтан, оқыту үдерісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқытудың жаңаша технологиялары кеңінен орынды қолданысқа ие болуда. Ұлт жоспарында белгіленген елімінің жаңаша білім мазмұны әлі де өзгеру үстінде. Білім беру мазмұнының барлық бағдарламалары жаңа форматқа көшуімен тікелей байланысты.Әдеби білім беру мазмұнындағы білім жүйесі де заманауи талаптарға сәйкес жаңартылған білім мазмұнының жаңаруы, тиімді оқытудың жолдары педагогтарға көптеген өзгерістер әкелуде. Жаңа ғасырдың белесінде тұрған ұрпақтар үшін заманауи, озық, жаңашыл білімнің маңызы өте зор екені бәрімізге мәлім. Сондықтан заманауи инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім берумен бірге өмірмен байланыстыруды және ұлттық ерекшелігі бар табиғат пен қоғам, оқу мен тәрбие процесін тиімді ұйымдастыра білу әдіс-тәсілдері арқылы шығармашыл және қоғамда белсенді тұлғаны қалыптастыруға болады Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгертуіне ықпал ететін жаңаша білім беруді құра білу - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Өйткені оқушылар білім алу міндетті әрекет ретінде емес, күнделікті өмірге қажетті әрекет ретінде қабылдау керек.Бұрын оқушы мұғалім беретін білімді қабылдаушы болса, ал жаңа талаптарға сай өздігінен білім алушы әрі үйренушіге айналып отыр. Бұл ретте оқушыны осындай ағымға лайықтау үшін жеке тұлғаны жаңа заманауи талаптарға сай дайындау қажеттілігі туындап отыр.Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Енді білім беру жолындағы педагогикалық мамандықтардың тағы бір маңыздылығын арттырған, төрт дағдыны мысалға келтіргім келеді.

Олар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

Осы төрт дағдының білім берудегі маңыздылығына зер салсақ.

Тыңдалым:

- негізгі ойды түсіну;

- ақпаратты анықтау;

- түсінгенін практикада қолдана білу;

- ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;

- ой қорыта білу дағдылары.

Оқылым:

- мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;

- астарлы ойды анықтау;

- шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;

- зерттеп оқу;

- сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.

Айтылым:

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;

  • өз көзқарасын дәлелдеу;

  • шешім шығару, қорытынды пікір жасау;

Жазылым:

  • тақырыпты аша білуі;

  • өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;

  • қорытынды шешім шығаруы;

  • өз көзқарасын дәлелдеуі;

  • цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады [1].

Ендігі кезекте гуманитарлық бағытқа жіті назар аударатын болсақ. Солардың ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің шоқтығы биік екендігі сөзсіз. Себебі жоғарыда көрсетілген дағдылар осы пәннің негізінде қарастырылғаны белгілі. Елімізге белгілі танымал ғалымдар ұсынған, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен Оқулық, Лексикалық минимум, Дидактикалық материалдар, Мұғалім кітабынан тұрады. Соларға кішігірім тоқталып кетейін.

Оқулық — оқу бағдарламасы негізінде сыныпта берілетін білім мазмұнын толық қамтитын, оқушының сөйлеу дағдысын дамытатын теориялық және практикалық тапсырмалар жиынтығынан тұратын, коммуникативтік мақсатқа сай қазақша тілдік қатынасты үйретуге бағытталған ең басты құрал. Кітапта оқушының өз ойын дұрыс жеткізе алуын, дара тұлға ретінде қалыптасуын, тілдік құзыреттіліктерді жан-жақты игеруін қамтамасыз ететін әдістемелік жүйе ұсынылған. Оқулықтағы жаттығулар баланың қабілетіне қарай жеңілден күрделіге ауысып, сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша берілген. Оқулық оқу бағдарламасының негізінде дайындалады. Сондықтан оқулықта әрбір сыныпта берілетін білімнің мазмұны толық қамтылады.

Сабақта өтілетін тақырыптар аясына сәйкес орындалатын жұмыстар «Мәтіналды жұмыс», «Мәтінмен жұмыс», «Мәтінсоңы жұмыс» деп бөлініп, оқушының сөйлеу дағдысын бекітеді; тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерін толық жүзеге асырады. Сол себепті оқулықтағы тапсырмалар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым бойынша жүйеленді. Тақырыптың ерекшелігіне қарай сөйлеу әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі. Тілді оқытудың басты мақсаты — оқушылардың қазақша сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу сияқты қоммуникативтік қабілеттерін дамыту болғандықтан, әрбір сабақтың нәтижесі сөйлесім әрекетіне құрылған тапсырмалармен бекітіледі.

«Лексикалық минимум» — оқулықта берілген тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан меңгертуге бағытталған, тілдік қатынас барысында жиі қолданылатын сөздер тізбегін қамтитын көмекші құрал. Бұл құралда сөйлеуге қызмет ететін лексика сөз, сөз тіркесі және сөйлем түрінде қазақша- орысша берілген. Оқушы тақырыптық лексикалық минимумда берілген белсенді әрі қажетті сөздерді игеру арқылы дұрыс сөйлеуге үйренеді. Лексикалық минимум оқушының сөздік қорын молайтуына, өз бетімен сөздердің қолданысын еркін игеруіне ықпал етеді.

«Дидактикалық материал» — сыныпта немесе үйде оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін, оқушының оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін дамытатын, сөйлеу үлгілері бойынша әр алуан мәтіндерді, көркем әдебиет үзінділерін қамтитын қосымша құрал. Кітапта ұсынылған түрлі тапсырмалар оқушының білімін толықтырып, білім, білік дағдыларын қалып- тастырады, түсінікті, дұрыс сөйлеуге үйретеді.

«Мұғалім кітабы» — тіл үйрету барысында мұғалімге оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, орта және қысқамерзімді жоспар құрудың, оларды пайдаланудың жолдарын көрсететін нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін оқыту үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған.

Оқытудың инновациялық жүйесін зерделеген әдіскер-ғалымдардың пайымдауынша, «формативті бағалау — оқу үдерісіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының даму жолын бағалай отырып, мұғалімнің оны одан әрі жетілдірудің тетіктерін табуына жол ашатын бірден-бір бағалау жүйесі». Мұнда оқушы өзін-өзі бағалауға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Сөйтіп, оқушы бастапқыда мұғалімнің жетекшілігімен өз әрекетін жоспарлай отырып, кейіннен өз бетінше әрекет етуге, шешім қабылдауға, ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушының рефлексивтік машықтарының жетілуіне жол ашады. Ал жиынтық (суммативтік) бағалауды мұғалім тоқсандық, жылдық қорытынды бақылау кезінде қолданады. Жиынтық бағалау оқушының белгіленген уақыт аралығында жинақтаған білім, білік, дағдыларын тест тапсырмалары, жазба жұмыс түрлері және т.б. арқылы тексеру нәтижесінде жүргізіледі.

Негізгі сатыда формативті бағалаудың «Шағын шолу», «Білемін/Білгім келеді/Не білдім» стратегиясы, «Бас бармақ» тәсілі, «Бағдаршам» әдісі, «Көңіл күй» смайликтері, «Жетістік баспалдағы» және т.б. тиімді тәсілдер қолданылады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады, өз әрекетін өзі бағалауға төселдіреді. Сонымен қатар сабақ барысында кері байланыс жасау үшін «Сұрақ ілмегі», «Аяқталмаған ой», «Бір сөзбен», «Менің сабақтан кейінгі әсерім» әдіс-тәсілдері, т.б. мен «Бір + плюс, бір — минус» стратегиясы қолданылады.

«Мұғалім кітабында» оқушылардың білімін бағалаудың жалпыға ортақ үлгісі берілген. Оны өз қалауыңызбен оқыту мақсатыңызға сай өзгертіп не жетілдіріп пайдалануыңызға болады. Сабақта өзіңіздің тәжірибеңіз бен кәсіби шеберлігіңізге қарай жаңа әдіс-тәсілдер қосылып, оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмалар да, амал-тәсілдер де үнемі дамытылып отырғаны жөн. «Мұғалім кітабында» беріліп отырған әдістемелік нұсқаулықтар сіздің ізденісіңізге жол ашу, бағыт-бағдар беру мақсатынан туындап отыр [2].

«Білімді, көзі ашық, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» [3], - деп көреген елбасымыз айтқандай, жас ұрпақтың сапалы білім игеруі – бүгінгі таңда бәрімізді де алаңдататын мәселе. Бүгінгі оқыту оқушының қабілетін жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін тиімді ұйымдастырудың қажет екендігін дәлелдеп отыр. Біздің ендігі стратегиямыз – баланың сабақтың үстіндегі іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру,әрекет нәтижесін бақылау, қалай оқу керектігін үйренуге бағыт-бағдар беру. Яғни,ең бірінші алдындағы оқушының білім алудағы үдерісіне белсенділігін танытып,мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің шеберлігін бірге ұйымдастыра ала білуге қарастыру. Осы ретте ғалым, педагог, қазақ халықының алғашқы ағартушысы, ғалымы А.Байтұрсыновтың «Мұғалім қызықты әдісті көп білуге тырысуы керек өйткені, оларды өзіне тарту, қолғабыс сезіну есебінде қолдануы керек» деген пікірі өте орынды айтылған [4]. Балалардың бір-бірінің пікірін сыйлау, бір-біріне құрмет білдіру, өз ойларын еркін әрі дәлелді жеткізу, тілдік дағдылары қалыптасып, шығармашылық қабілеттері ұштала түсуіне, жағдаяттарды шешіп, қиындықтан шығу жолдарын таба білуге негіз қаланды. Келешекте осы сипатта өткізілетін сабақтардың шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, шығармашылыққа баулуға, өздігінен білім алып, жұмыс жасауға зор ықпaлын тигізеріне сенемін.

«Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман даярлау, білім кеңестігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі.Қарқынды дамып  келе жатқан, бүгінгі уақытта, жеткіншектерге білім берудің сапасын көтеру, жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын, күнделікті жұмысында қолдана білетін, ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Сол үшін де мұғалім өз тәжірибесін жетілдіруі қажет, бір сөзбен aйтсақ, мұғалім көшбасшы болуы керек. Себебі уақыт алға жылжыған сайын, мұғалімдерге қойылатын талап та жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Мұны біздер, мұғалімдер, жақсы сезінеміз.

Жаңа заман мұғалімі — рефлекцияға қабілетті, өзін- өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс- тәсілге бай, зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті , азаматтық жауапты , белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. «Білім берудегі жаңа инновациялар, ізденіс және шешім» тақырыпта көрсетіліп тұрғандай, әлем елдерінің алдында иық теңестіретіндей деңгейде болуымыз үшін елімізден көптеген сапалы техника саласының және ІТ мамандығын иеленген мықты кадрларды жасақтап, гуманитарлық бағытта оқушылардың шығармашылық жұмыстарын арттырып, баланы болашақ маман, тұлға ретінде көру үшін оған дұрыс кәсіби бағыт беріп, білім саласында соның ғылымға көп назар аудару керек. Себебі,

ғылым – білімнің қайнар көзі, бұлағы. Ғылымды қолға алып, дамыту арқылы, адам ізденісте болады, ақпараттарды зерттейді, жаңалық еңгізуге талпынады, жасайды. Міне осы критерийлер арқылы елдің болашағы дамиды. Ол үшін ғылымға деген тұрақтылық болу керек. Білім беру арқылы ғылым қолға алынса, ғылым арқылы адамның сана сезімі, ой өрісі дамиды, ізденістер, жаңашыл дүниелер көп болады. Осы тұста ғылым мен білім егіз ұғым деген тұжырымға келемін. Ғылым даму арқылы «Білім берудегі жаңа инновациялар, ізденіс және шешім» өзінің оң жүйесін табады.

Осындай қыруар жұмыстарды атқара отырып, білім берудің жаңашыл технологияларымен қаруланған, қажетті білім дағдыларын игеріп, білік-дағдысы, өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері қалыптасқан, алған білімдерін өмірінде өздігінше пайдаланатын, өскелең өмір талаптарына сай, өз бетінше жоспарлайтын, өмірдегі өз орнын тауып, өздігінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастырамыз.



Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2016


2. Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина,

А. Н. Юсуп ғалымдарының еңбектері


3. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу – білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. «Егемен Қазақстан».2006ж


4.Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал. Алматы,«Сардар» баспасы,2009 - 348 бет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі