Жаңашыл ұстаз болу-заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңашыл ұстаз болу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазіргі жаңашыл ұстаз болу үшін не істеу керек жайлы екені айқын жазылған.Бұл материал барлық ұстаз қауымына арналған.Оқушыларды қалай қызыға оқытуға болатыны жайлы сөз қозғалған.Мақалада" прагматизм" туралы айтқан Елбасының сөзі бар.Қандай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану, жүзеге асыру жолдары қамтылған.Қысқаша айтқанда озық тәжірибелер жайлы сыр шертілген.Дарындылықты дамыту да қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Солтанбекова Армангуль Муратбековна

Шығыс Қазақстан облысы «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық

мамандырылған мектеп-интернат-колледжі»



Жаңашыл ұстаз болу-заман талабы.

«Мектептің жаны-мұғалім».Мұғалім қандай болса,мектеп сондай

болмақшы.Яғни, мұғалім білімді болса,ол мектептен шәкірттер терең білім

алып шықпақшы.Солай болған соң,ең әуелі мектепке керегі-

білімді,педагогика,методикадан хабардар,жақсы оқыта білетін мұғалім деп

ағартушы,ұстаз,алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Риддер

қаласындағы олимпида резервінің республикалық мамандандырылған

мектеп-интернат-колледжінде жаңашыл сабақ берудің инновациялық әдіс-

тәсілдерін жақсы меңгерген икемді,өзгерісті тез қабылдай алатын,жан-жақты

дамыған ұстаздар қызмет етеді.

Аталмыш оқу орны спорт пен білімді қатар алып келе жатқан еліміздің

аттары әлемге таныла бастаған дарынды спортшылар тәрбиелейтін мекеме

болып саналады.Спортпен қоса заманға сай білім алу,үлкен жетістіктерге

жету-олардың басты мақсаты.Себебі еліміздегі білім беру үрдісі мына 21

ғасырда зияткерлік қуатқа толы,жан-жақты дамыған,кез келген ортада

мәдениаралық қарым-қатынасқа түсе алатын үш тілді меңгерген тұлғаны

тәрбиелеуді мақсат етеді. Мемлекетіміздің саясаты қазақ тілін мемлекттік тіл

мәртебесіне сай өткізу тіл мамандарының еншісінде.

Сондықтан мұғалім оқу материалдарын іріктегенде оқушылардың өздеріне

қажетті ақпаратты табуға,және тілдік әрекеттің кез келген түрінде белсенді

пайдалануға,алған ақпаратты тірек етуге,өзін-өзі тексеруге дағдыландыруы

қажет.Әр сабағымды заманауи әдістер мен тиімді технологияларды қолдану

арқылы дарынды оқушыларға жұппен және жеке тапсырмалар бере

отырып,оларды басқалардың ойларын құрметтеуге,қолдауға

шақырамын.Сонымен қатар сабақ үрдісінде балаларды шапшаң

ойлауға,тез нәтижеге,алға ілгерілеуге бағытталған тапсырмаларды жиі

беремін.Жаңа сабақты бекіту кезеңінде дарынды оқушыларды іздеуге

бағыттап топтарға бөліп оқыту оң нәтижесін береді.Оқушылардың пәнге

қызығушылығын арттыра отырып,дарындылығын дамытуда іздену-зерттеу

бағытында еліміздің дана,дара тұлғаларының даналық сөздері мен

елбасымыздың ел мен жер,тіл мен тарих туралы айтқан сөздерімен

тапсырмалар жүйесін жиі енгіземін. Бұл оқушының білім көкжиегін

кеңейтіп, тіл мен тарихты қатар есте сақтауына мүмкіндік береді.

Жуықта жарық көрген елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

атты мақаласында: Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи

байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады.

Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт 21 ғасырға лайықты

қасиеттерге ие болу керек деп атап көрсетілген ізденімпаздық,

шығармашылық қабілеттерін арттыруды басты назарда ұстап, әр сабақ

жоспарына зияткерлік ойындар, сайыс сабақтар, тапқырлықты қажет ететін

викториналық сұрақтар элементтерін қосып отырамын.

Осы аталған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша

жоғары сыныптағы дарынды оқушылар арасында дөңгелек үстел,брефинг

сабақтары өткізілді.

Мақаладағы «Прагматизм»-өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты

білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,

ысырпашылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу

деген сөз ұғымын дарынды оқушыларға жете түсіндіру мақсатында «оқу

кафесін» ұйымдастырдым. Бұл ойын түріндегі әдіс. Оқушыларға ақпарат

беріледі.Мұғалім даяшы ретінде «ас мәзіріне» мерзімді басылымдар, соңғы

жаңалықтар, десертке оқушының сүйіп оқитын авторын ұсынады

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында мектеп кітапханасымен

тығыз қарым – қатынаста жұмыс істеймін. Кітапханаға айтулы күндерге

қойылған кітап көрмелеріне шолу жасап, олардың білімдердін арттыруға

күш саламын. Туған жерді сүю- отансүйгіштік қасиеті. «Туған жерге

айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі»-

деп елбасы айтқандай дарынды оқушылардың бойына отансүйгіштік

қасиеттін қалыптастыруда әр сабақ жоспарына қаламыздан шыққан

танымал спортшылар мен тұлғалар туралы, қаланың құрылу және даму,

көркею тарихын, көрікті орындары мен таңғажайып табиғат көріністерін

сипаттайтын элементтерді жиі қолданамын.

Ұстаздың жолы-ұлы жол дейді. Осы ұлы жолдан нәр алған шәкірттерім

биік шыңдарды бағындырары сөзсіз екеніне сенемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі