жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жаңғыру жолындағы жас маман" эссе
Жаңғыру жолындағы жас маман рольі
Мамандық – бұл сіздің сүйіп, әрі үлкен бір қуанышпен жасайтын іс-әрекетіңіз. Мамандық таңдау бұл өте күрделі іс. Әлемде 40 мыңға жуық мамандық болса, сіздің сол сан мыңдаған мамандықтан қателеспей жол таба алуыңыз ол үлкен бақыт. Мамандық таңдауда қателесе алмаймыз. Себебі біз осы арқылы өз қуанышымыз бен бақытымызды тауып, мақсатымызды айқындай аламыз. Әрине, әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді, ал, осы мамандарды даярлайтын, маманды маман ететін ол- мұғалім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын, шәкірт жүрегіне гүл егетін, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеурініне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Өзге мамандақ атаулылары өздерінің түр- сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз, сол бәз баяғы қалпында тұратын, жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен осы бір қиындығы мен қызығы мол мұғалімдік мамандықты бала күнімнен армандадым. Мұғалім болғанда да «жай мұғалім» емес тіл мамандығын қаладым. Тағдырымның берген сыйы болар, осы мамандық менің келешегім мен бүгініме айналды. Маған осынша өз мамандығын сүюге не әсер етті дерсіз? Ұтазым. Ұстазымның қосымша оқуға ұсынылған кітаптары болды. «Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол», – дейді дана Абай. Тіл мамандығын өз мүддем үшін сүймеймін, яки, келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салсам деген ниет еді. Бұл мамандықтың қоғамдағы рөлі аса зор. Адам мен қоғамды дәнекерлеуші. Ондағы ойым-қазақ деген ұлы халқыма опалы перзент бола алсам екен деген арманмен тілшілікті тірлігіме тірек еттім.
2015 жылы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталады. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол тұру керек » - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан айрылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жар дегенде жалғызы, бірі – ерке, енді – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жар дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортады жарқылдауына жаныңды саласың.
Дегенмен, осы тұстарда қателік жіберіп жатқан жандарды да күнделікті өмірде кездестіріп жатамыз. Мамандықтың үлкен-кішісі болмайды. Әр адам өз мамандығының шебері болуы - міне нағыз мәртебе осы. Мамандық таңдау бұл - жүректің қалауы. Біз жүрегімізге құлақ асып, шешім шығарған жағдайда өз өміріміздің кілтін табамыз. Әр адам мамандық таңдағанда әр қалай таңдайды. Біреуі арман қуып, өз жүрегіне құлақ асып келсе, екінші біреуі-өзіне әсер ететін адамның нұсқауы бойынша, ал үшіншісі – осы мамандық қалталы азамат болуыма көмегін тигізер деген үмітпен келеді.
Қазіргі таңда бала жүрегіне жол табу, дұрыс нұсқау беру бұл үлкен білімділік пен көрегенділікті талап етеді. Интернет желісімен бала санасының улануы және ата-анасының бала тәрбиесінде кездесетін оқылықтар осылардың барлығы қоғамдағы бала тәрбиесінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Қайбір ата-ана баласының тәрбиесінің нашар болғанын қалайды дейсіз? Барынша жақсы жаққа бағыт беруге ұмтылғанмен ата-ана бала тәрбиесінің өте нәзік тұстарын аңғара алмай қалатын кездері болады. Ата – ананың әрбір ісі мен сөзі балаға әсер етеді. Оның көз қарасы түзу болуы үшін біз оның әрбір кірпішін дұрыс қалай білуіміз қажет. Ата – ананың бала тәрбиесіндегі аздаған білместігі оның тәрбиесінің әлсіреуіне себеп болады. Осы тұста қарапайым бір мысал келтіре кетейін. Ата-ана балаларына сабақ жаздырып отыр делік. Жазып үлгере алмай отырған баласының тезірек аяқтағанын қалаған ата-ана ағаңды қарашы, ол сабағын жазып қойды, сен әлі отырсың деуі ғажап емес. Бір қарағанда онда тұрған не бар дерсіз. Дегенмен, астарына үңілсек біз білместіктен бауырына қарсы қойып, бақталастық пен қызғаныш отын тұтатқанымызды байқамай қаламыз.
Бүгінгі жас- болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
Еңбек жолын енді бастаған мен – осы мамандық арқылы өз жолым мен, арман мақсатымды және келешегімді байланыстырдым. Әрбір адамға қоғамға пайда келтіре алуын білу, өмірде өзінің орны бар болуын сезіну, осының бәрі адамды шабыттандыра алады. Менің мамандығым менің келешегім. Сондықтан мен өз мамандығымды ерекше құрметтеп, жақсы көремін.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» дейді тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов. Міне ширек ғасыр бұрын ата-бабалар сан ғасыр бойы сабылып армандаған азаттыққа, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әр сөзі «қазақ» деп жаңғырып тұрған жалынды жас мамандарымыз үшін ендігі басты қажеттілік – терең білім. Кемел келешекте кедергілердің құлпын бұзып, ел алдындағы жарқын болашақтың есігін айқара ашатын да білімді жас мамандар екені анық. Сол себепті мен осы жолда бар еңбегім мен қажыр қайратымды бар білімімді жұмсаймын. Білімді, тәжірибиелі маман атану үшін көбірек ізденіп, ары қарай сауатымды аша түсіп, бар күш-қайратымды жұмсаймын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген