Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал болашақта мамандық таңдайтын жас түлектерге немесе жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Мен бақыттымын! Тұғырлы тәуелсіздігі, көк аспанда қанатын кеңге серпіп, қияға қанат керген, күн астындағы қыран бейнелі көк туым, қос қанатты пырақ шаңырағымды қорғаштап, қанатына ақ бидайымыздың бейнесін салған, маңдайымызда жарқыраған жұлдыз, қақ жүрегімізде «Қазақстан» деп алтын әріпті еліміздің есімі жазылған еңселі елтаңбам, әуені құлаққа келгенде, қолын жүрегіне қойып, мақтанышпен шырқайтын әнұранды бейбіт елде дүниеге келдім.

«Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - деген Елбасымыз. Біз жас ұрпақ қазіргі кезде білім, ғылым, мәдениет, өркениеттің нағыз дамып, өскіндеп келе жатқан тұсында өмір сүрудеміз. Осы орайда, білім беру саласында жүрген жас маман ретінде менің де айтарым бар. Еліміздің біртуар азаматы Ж.Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен. Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт Жолдауында білім саласын арттыруда жаңа стандарттарды енгізу бойынша нақты тапсырмаларды белгілеп берген.

Қазіргі заман талабына сай - ұстаз шығармашыл, озық ойлы, жаңашыл болуы тиіс. Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес, шығармашылық ұстазы С.Л.Рубенштейнннің сөзімен «Жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасайтын қоғамдық мәні бар адам әрекеті» - деп түсіндірілген екен. Демек, заманға сай ұстазға дәріс беріп қана қоймай, барынша қабілетті, дарынды, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Халқымызда «Баланы өз тәрбиеңмен емес, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөз бар. Оқытушы оқушының бірсарынды білім алуын ғана емес, оның ой қызметін, шығармашылық мүмкіндіктерін, сонымен қатар, ұлтына, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікке қатар баулуы тиіс деп білем.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы біздің басты бағдарымыз болу керек. Халық өзі дауыс беріп анықтаған 100 жаңа есімге қарап бой түзеп, Қазақстан қоғамын дамытудың «темірқазығы» етіп алсақ әбден болады. Сөзімнің тұздығы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының сөзін келтіре кетейін: «Жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін». Бізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Жаңа инновациялық – технологиялық талаптарға сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі тиіс. Өз мамандығын жетілдіру, өзі қызмет ететін саладағы жаңалықтар мен озық тәжирбиелерді үнемі пайдалануға тиіс. Үздіксіз іздену – қазіргі кезде кез-келген мамандық иесіне қойылып отырған басты талаптардың бірі. Осының ішінде мұғалім шеберлігінің басты көрсеткіштерінң бірі – ғылыми жаңалықтар немесе озық технологиялық тәжирбені жетік игеру болып табылады. Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақты түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан қазіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана білу бейімділігін қажет етеді.

Қорыта келгенде ұстаз алдындағы ең басты көзделген мақсат әр алуан тәсілдерді қолдана отырып, оқушы санасына сапалы білім нәрін сіңдіру болып табылады. Қазақ халқының ағартушы ғалымы А.Байтұрсынов «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушыға ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады», - деп атап көрсеткендей, оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде және бала білімін саналы түрде жетілдіруде – мұғалім басты тұлға болып табылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі