400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жаңғыру жолындағы мұғалім рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарың әлемдік даму жолына қадам басқан тәуелсіз еліміздің дамуындағы басты рөлатқарушы тұлғалар екендігін жалпы халыққа ұғындыру, ұстаздардың беделін көтеру мақсатында жазылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жаңғыру жолындағы мұғалім рөлі»





Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқи отырып, бүгінгі ұстаздардың алдында жаңа жауапты міндеттер тұрғанын түсіндім. Мемлекет басшысының бұл мақаласы ұлттық идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыруға бағытталған аса құнды құжат деп білемін. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жүзеге асуда. Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздағы ең басты тұғырлардың бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Бұл орайда білім берудің маңызы зор. Ал білім беру мұғалімсіз жүзеге аспасы хақ. «Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп, ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.

Аталған мақаланың барлық бағытында да мұғалімнің үлесі, мұғалімге жүктелер міндет жетерлік. «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Ұлттық дәстүрді өскелең ұрпақтың бойына сіңіруші, ұлтының тағылымы мол тарихын танытушы ол – әрине, ұстаздар. «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады». Йә, жеткіншектерді дәстүрдің озығын пайдаланып, қоршаған табиғатты аялап, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге жетелейтін де мұғалім. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс». Аталған құндылықтардың барлығын оқушыға танытушы, бойына дарытушы – мұғалім. Еліміздің болашағы жастардың елін сүйер, шынайы патриот болып қалыптасуына тарихтан тағлым алып, тілі мен мәдениетін сақтап, жетілдіретін тұлға болып қалыптасуына ықпал етуші де ұлттың ұйтқысы ұстаздар қауымы болмақ. Себебі, таяу жылдарда жүзеге асырылуға тиіс міндеттердің барлығы дерлік ұстаздардың тікелей қатынасуы арқылы көрініс таппақ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі