400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңғыру тілді қастерлеуден басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңғыру тілді қастерлеуден басталады


Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көшпелілер дәуірінің ендігі кезеңдегі даму қарқыны да сол байырғыдан келе жатқан көне білдерін сақтауымен тікелей байланысты. Ұлттық тілді сақтау үшін сананың ашықтығы айқын болуын да Елбасы мақаласында дұрыс тұжырымдайды: «Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі». Демек, ұлттық жаңғыруымыздың келешектегі көрінісі осындай мысалдардан аңғарылып тұр: ешкімнің қолы жете бермейтін шыңыраудағы су болғанша әркімнің несібесіне ырзық болар жайдақ су болуды мақсат тұту деген Абай мұраты бізге осылай жетеді.Тәуелсіз елдің ертеңгі ұрпағы өз тілінің жанашыры ғана емес, кез -келген ортада, ғылымның барлық саласын меңгерсе де ең алдымен өз ана тілінде ойлап, өз ана тілінде сөйлей алатын, пікір білдіре алатын өзіндік «мені» бар тұлға болуы керек.

«Адамға екі нәрсе тірек : бірі- тіл, бірі-ділің жүректегі»,-деген Ж.Баласағұнның сөзін қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде.Әрбір тіл өзінің халқы үшін-ұлы» деген сөздермен толықтыруға болады.Бұл мысалдан біз тіл мәселесінің қай кезеңде де келелі мәселе болғандығын, әлі де бола беретінін түсінгендейміз. Бала тәрбиесінде оңай еш нәрсе де болмайды, соның ішінде ұлттық салт-сана, адами болмысы мен жеке басын қалыптастырудағы тілдің орны ерекше. Адам ойы сөзбен берілетін болса, сөз тіл арқылы ғана жарыққа шығады. «Ақынның көзі-аталы сөз» деп ұққан халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Оның айғағын «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді» т.с.с. даналық сөздерден байқауға болады. Әйгілі өнер майталманы С.Қожамқұлов: «Жастарымыздың үлкен бір кемшілігі бар, ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі-ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтын, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбар ала келетіні бірден байқалады. Бұның өзі, әрине тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары» деген екен. Өкінішке орай, жоғарыдағы кемшілікті бүгінгі таңда да көптеп кездестіруге болады. Ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, ұтымды да ұтқыр сөйлей білуге, сөз мәдениетіне тәрбиелеуге тек тіл мамандары ғана жауапты деп ғана санамай, отбасында не сыныпта өткізілетін тіл мерекесіндегі шаралармен шектелмей, әр ұстаз, тәрбиеші ретінде ғана емес, жеке тұлға ртеінде баланың дұрыс сөйлей білуіне, сөз әдебіне зер салып, назар аударып, бұрысын түзеп, тіл шұбарлануына жол бермей, иісі қазақ, ұлт жанашыры ретінде күресе білсе, нұр үстіне нұр емес пе? Біз тек сөзімізбен емес, ісімізбен де үлгі бола білуіміз керек. Әр халық, әр адам өзінің тіршілігі үшін, қажет болса, ана тілінен өзге тілді өзі ізденіп, оқып үйренеді.

«Өткірдің жүзі,

Кестенің ізі.

Өрнегін сендей сала алмас»,-деп дана Абай айтқандай, кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырған сұлу да бай, қонымды да толымды тілімізді тәрбие құралы ретінде де, сөйлеу құралы ретінде де орнымен қолданып, оны дамытуға, жастардың бойына сіңіруге баршамыз өз үлесімізді қосайық!







Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры, Р.Маханов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі