Жанұя жылуы атты сыныптан тыс шара.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жанұя жылуы атты сыныптан тыс шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен оқушыларға арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалтыр негізгі мектебі

















ЖАНҰЯ ЖЫЛУЫ

(ата-аналар мен оқушыларға арналған)
















Өткізген: Тұяқова Қарлығаш Жалбырқызы


2017/2018 оқу жылы


Жанұя жылуы

Ата-аналар мен балаларға арналған сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты\ Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық қарым-қатынас тәрбиелеу.

Міндеттері

Ата-ана мен бала арасындаөзара келіспеушіліктер туындайтындыұтан олар бір-бірін түсінбейтіндіктерін көрсету.

Бір-бірін түсінуге үйрету,жанжалды жағдайдан дұрыс жол таба білу

Үлкендерді, жақындарды сыйлауға, көмектесуге тәрбиелеу.

Жағымды сезімдер қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар Үлестірмелі қағаздар,А-4 формат қағаз,қалам, доп, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, фотосуреттер.

Әдістері пікір алмасу,сұрақ-жауап, тест психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Таныстыру ойыны.

3.Психологиялық жаттығу.

4.Ой жинақтау.

6.Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімділік.

6.Сергіту жаттығулары.

7.Тест. Бала тәрбиесі.

8.Ата-апалардың дана кеңестері.

9.Жанұя эмблемасы

10.Ашық айтсам анкетасы.

11.Қорытынды.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Ата-аналар мен балаларды шеңбер бойымен орындықтарға отырғызу. Шеңбер-сақтандыру кепілі.

2.Танысу жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады.Өмірлік ұстанымын да айтады.

3.Псижологиялыұ жаттығу

-Бүгінгі кездесуге қандай көңіл-күймен келдіңіз Неге

Өз көңіл-күйіңізді ауа-райымен сипаттап беріңіз. Көңіл-күйлеріңіз жақсы болса, жымиыңыз.

4.Ой жинақтау. Қатысушыларға тапсырма


1.Жанұя деген не

2.Өз жанұяңызға қатысты сөздерді бір параққа жазыңыз.

3.Жанұя-ұлы байлық

Әрбір жанұяда алдамауға, ерегіспеуге,тыныштық пен жақсылыққа, жан дүниеңмен рақаттанып дем алатын орын керек

-Толыққанды жанұя-ол бір-бірін түсіну, сыйласу, махаббат, сенім.

-Сіздердің жапұяларыңызда осындай жақсылықтар бола ма

Сіздердің үйлеріңізде түсінбестік бола ма

Жанұяда түсіністік болса көк фигураны,түсіністік болмаса қызыл түстісін таңдаңыздар.Түсінбестікті шешу жолдары жайлы пікір алысу.

4.-Кімнің тырысуымен жанұяда жылу мен жылылық болады.

-Сіздердің жанұяларыңызда міндеттеріңіз қалай бөлінеді.

Әр жанұя бір параққа тапсырманы орындайды.

Ана

Әке

Бала

1



2



3



4




Тапсырма орындалғаннан кейін баладан ата-анасының қандай міндеттерін өз мойнына ала алатынын сұрау.

5.Ата-ана мен бала арасындағы үйлесім.Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.Егер әр отбасындағы мүшелер өз міндеттерін орындаса үйде жылылық та,жайлылық та болады.Үйде бар шаруа бір адамның мойнында болса, түсінбеушідік пен ренші орын алады.

6.Сергіту жаттығулары.Балаларымен жақсы тіл табысатын ата-аналар орын ауыстырсын.

-Баламен жиі ойнайтын ата-аналар орын ауыстырсын.

-Ата-анасын сыйлайтын балалар орын ауыстырсын.Жанұя ойыны.

-Балаңыздың туған күні

-Балаңыздың парталас көршісі кім

-Балаңыздың сүйікті асы.

-Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді.

-Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз.

-Балаңызға ашуланғанда алдымен аузыңызға қандай сөз түседі.

-Балаңыздың досы кім.

Ата-аналар ортаға шы,ып, сұрақтарға тез жауап береді.

7.Тест.Бала тәрбиесі.

8.Ата-аналардың дана кеңестері

-Балаларыңызға қандай сөздерді айтуға болмайтынын олаңыз.

-Жаза ретінде қандай шара ұолданбайсыздар.

-Сіздердің жанұяларыңыз қандай.

-Жанұя сөзін талдаңыздар.

Ж-жақсы, жайдары, жайлы.

А-ақылды,атақты,аяулы.

Н-нағыз, нұрлы.

Ұ-ұлағатты,ұстамды,ұрпақты.

Я-яғни үлгілі.

9.Жанұяның эмблемасы тапсырмасы.

Ақ қағаз, фломастер таратылады.Жанұя эмблемасын салыңыздар.

Тақтаға шынайы жанқяпы сипаттайтын сөздерді жазыңыздар.

Жанұя- бақыт, қамқорлық, махаббат, түсіністік,сыйластық.

10.Ашығын айтсам анкетасы

Ата-аналарға төмендегідей анкета таратылады.

Сабақтың жүргізілген күні-

Менің тренингтік есімім-

Менің тренинг барысында түйгенім-

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады-

Жүргізушіге ұсыныс-

Маған ең пайдалы, құнды болғаны-

Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер-

Маған ұнамағаны-

Келесі тренингіде мен мна жайттарды білгім келеді-

Тренингті қорытындылау-

Қолы-

11.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі-деп Абай атамыз ата-ананыңқуанышы, гүлденген үміті арманы тек бала сүю,тәрбиелеу екен. Ендеше,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейіе және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.

Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді ұрпағын тәрбиелейік.Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.Әр отбасында жылулық, түсіністік болсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.01.2018
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі