Материалдар / Жануарлар әлемі 5-сынып

Жануарлар әлемі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша 5-сыныпқа арналған қмж
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жануарлар әлемі.

Мектеп: «Ақкөл» ш.ж.н.о.м

Күні: 28.04.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Жантуған С.

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жалқау жануар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О5.

Мәтін мазмұнын түсіндіруге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, жануарлар туралы сұрақтар құрастыра алады, сұрақ құрастырғанда қателіктер жібереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннен нақты ақпараты анықтайды, сұрақтар құрастырады, сұрақ құрастырғанда қателіктер жібереді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген мәтіндегі ақпараттарға бағытталған нақты сұрақтарды күрделі сұрақтарға айналдыра алады.

Бағалау критерийі

О5.

-Мәтін бойынша тақырыпты түсініп оқиды.

-Нақты ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар мәтін бойынша түсініп оқиды, сұрақтар құрастырады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Үш саусақ, бұтақ, ылғал, жылы.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жалқау аң, үш саусақ, күрек тіс, азу тіс, асылып ұйықтайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Үш саусақты жануар туралы естігендерің бар ма?

  3. Бұл жануар қайда мекендейді?

  4. Жалқау жануар қанша сағат ұйықтайды?

Құндылықтарға баулу

Сауатты оқуға, жауапкершілікке тәрбиелеу

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жануарлар туралы біледі. Үй жануарлар мен жабайы жануарларды ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

3-4

Оқушылар бір-біріне «жүректен-жүрекке» әдісін пайдалана отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады.

Суреттер бойынша «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар» болып бірігеді, топтасады.


Сабақтың ортасы

10 мин
























10 мин



7 мин




5 мин

«Бірге ойлаймыз» әдісін пайдалану арқылы сұрақтар құрастыру.

Мәтінді түсініп оқу.

Жалқау жануар

«Үш саусақты жалқау аң» -жануарлардың ең жайбасары. Үш саусақты жалқау аңды алдыңғы аяқтарындағы арбиған ұзын тұяқтарынан тануға болады. Жалқау аң ағаш басында тіршілік етуге бейімделген. Уақыттың басым бөлігін жалпақ алақандарымен ағаш бұтақтарын қапсыра ұстап, бұтаққа шалқасынан асылып тұрып өткізеді.

Үш саусақты жалқау аң – жайбасарлар тұқымдасының жалғыз өкілі. Жалпы дене тұрқы 60 см-дей. Құйрығының ұзындығы -7 см-дей. Салмағы 3,5-4,5 келі болады. Тоғыз мойын омыртқасы бар. Сондықтан басын оңай қозғалтады, тіпті 180градусқа бұра алады.Басы мен аузы кішкентай, құлақтары тері жүнінен байқалмай тұрады. Жалқау аң тек ылғалды және жылы жерлерде тіршілік ете алады. Жалқау аңның күрек тіс те, азу тіс те болмайды. Үш саусақты аң тәуліктің 24 сағатының 3-4 сағатын ғана белсенді тірлікпен өткізеді.

15-20 сағатқа дейін ағашқа асылып ұйықтайды. Ояу кезінде де қимылдамай жатады.


«Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұнын реттілікпен баяндайды.


Жұппен жұмыс. Нақты ақпараттарды табу үшін жұппен жасайды. Оқушылар бір-біріне нақты ақпараттарды айтады.


Сол анықталған нақты ақпараттар мен мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Интернет

Сабақтың соңы

5 мин

БББ-кестесін пайдалану арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не білгендерін көрсетеді.


Қосымша ақпарат:

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

1. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсету.
Мәтін ішінен нақты ақпараттарға байланысты

тірек сөздерді тапқызу.
Мысалы: Үш саусақты жануар, тоғыз мойынды

омыртқалы, құйрығының ұзындығы -7 см-дей.

2. Қаблеті жоғары оқушылармен жұмыс.
Білу, түсіну сұрақтарын құрастыруға жетелеймін.
Мысалы: 1. Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
2.Үш саусақты жануар туралы естігендерің бар ма?

3. Бұл жануар қайда мекендейді?

4. Жалқау жануар қанша сағат ұйықтайды?

«Қол сигналдары» әдісін пайдалана отырып, топ бір-бірлерін бағалайды.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Ия, оқу мақсатына сүйене отырып, сабақ мақсатына қол жеткіздім. Оқушылар үш саусақты жалқау жануар туралы білді. Жоспарланған саралау тиімді болды.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?















26 Маусым 2018
7341
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі