Мағынаны тану
Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа
сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа,
одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз
пікірін білдіру.
1 тапсырма.
Топ болып кеңесіп, кейіпкерлердің диалогтерін
құрыңыздар. Рөлге бөлініп, үнсіз бейнетаспаға үн
беріңіздер.
Бағалау критерийлері:
- диалогте кемінде 1 қыстырма сөз қолданды;
- диалогте кемінде 1 қаратпа сөз қолданды;
- диалогте кемінде 1 одағай сөз қолданды;
- креативті диалог құрды.
Бағалау.
Әр топтың қойылымын, өз үлгісін
тыңдау.
(Тыңдау барысында топтар бір-бірінің ұқсамайтын тұстарын
белгілеп алады. Ұнайтын тұстарымен бөліседі.
Барлық нұсқалар тыңдалған соң, бейнежазбадағы ертегіні
тыңдап, екеуін салыстырып, айырмасы бойынша талқылау
жүргізіледі).
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Сыныпқа сұрақ:
- Балалар, ал біз қоршаған ортаға, ата-анамызға қандай
пайда келтіре аламыз?
Тыңдалымдағы негізгі ойды жалғастырып, «Бұл өмірде менің
қолымнан қандай жақсылық келеді?» тақырыбындағы өз пікірін білдіру
диалогіне дайындықсыз қатысады.
(Диалогте осы бөлімде алған ақпараттарын кең түрде қолдана
алады).
|