Материалдар / Жануарлар қалай дыбыстайды? 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жануарлар қалай дыбыстайды? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
688
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Сабақ тақырыбы: Жануарлар қалай дыбыстайды?


Күні:

Мұғалімнің есімі: Қойшығали Ш.С.


Сынып: 2

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


2.5.3.1 дауыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу;

2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: дауыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктей алады. «Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіре алады.

Оқушылардың басым бөлігі: дауыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктей алады. «Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіре алады. Жануарлардың қалай дыбыстайтынын болжай алады.

Кейбір оқушылар: Жануарлардың қалай дыбыстайтынын болжай отырып, зерттей алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Дауыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктейді.

«Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіреді.

Жануарлардың қалай дыбыстайтынын болжайды.

Зерттеу жүргізеді.

Ойлау деңгейінің дағдылары

Қолдану және талдау

Тілдік мақсаттар

Терминология: таралу

Сөз тіркестері: дыбыс көздері

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы оқып-үйрену

Пәнаралық байланыстар

Математика – топтық жұмыс

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Дыбыстың таралуының ерекшеліктері туралы түсініктері бар. Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырата алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру. «Өз тобыңды тап» ойыны

Үлестірмелі қағаздарда көрсетілген жабайы және үй жануарлар бойынша 2 топқа бөлінеді.

Табиғи дыбыс көздерін еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады.

Дыбыс көздері қандай болады? (табиғи және жасанды)

Жануарлардың дыбысы қандай дыбыс көзіне жатады? (табиғи дыбыс көзіне жатады)

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау;

Дыбыстың қалай таралатынын білесің;

Жануарлардың қандай дыбыс шығаратынын ажыратасың;

Үлестірмелі қағаздар




Ортасы

Белсенді оқу ортасын құру

ҰЖ. «Тауға серуен» әдісі

Негеш пен Эврика тауда қандай жануарларды кездестірді? Оқушылардың алдына жануарлардың муляждары беріледі. Олар қандай дыбыстар шығарады? Оқушыларға білмейтін жануарлар түрлерін ғаламтормен жұмыс жасау арқылы, ақпарат беремін.

Дескриптор.

Білетін жануар түрлерін атайды.

Қалай дыбыстайтынын айтады.

Таныс емес жануар түрлері туралы ғаламтордан ақпарат алады.

ҚБ «Ауызша» бағалау

ЖЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Оқушыларға жануарлардың суреттері беріледі. Жұпта оқушылар қай жануардың қатты дыбыс шығаратынын анықтайды.

Дескриптор

Жануарлардың қалай дыбысталатынын анықтайды.

Қай жануар қатты дыбыс шығаратынын анықтайды.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Бірлескен оқу тәсілі

ТЖ «Зерттеп көр» әдісі

Әр топқа дене тұрқы әртүрлі жануарлардың суреттері беріледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

Үлестірмелі парақшаларды жануарлардың кішірею ретімен қою керек;

Өз жауаптарының дұрыстығын энциклопедия мәліметтерімен салыстырады;

Жануарлардың дыбыстарын тыңдайды;

«Жануарлардың дыбыстары олардың дене тұрқына байланысты бола ма?» деген сұрақты талқылайды.

Дескриптор.

Жануарларды дене тұрқына байланысты реттейді;

Энциклопедиямен салыстырады;

Жануарлардың дыбыстары дене тұрқына байланысты болатынын немесе байланысты болмайтынын анықтайды;

ҚБ «Сэндвич» әдісі



Жануарлар муляжы









Жануарлар суреттері






Жануарлар суреттері





https://www.youtube.com/watch?v=s1SO__WJPYk

Аяқталуы


Саралау тапсырмалары

Мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушыларға берілетін тапсырма

«Қайталап көр» әдісі

Оқушылар үлестірмелі парақшалардағы жануарлардың қалай дыбыстайтынын көрсету керек. Дене тұрқына сай келе ме анықтау керек.

Дескриптор.

Жануарлардың қалай дыбысталатынын көрсетеді;

Дене тұрқына сай келу,келмеуін анықтайды.

ҚБ «Кері байланыс бутерброды»

Мұғалімнің көмегін аз қажет ететін оқушыларға берілетін тапсырма

«Қатты ма,бәсең бе» әдісі

Оқушылар берілген кестеге қатты дыбыстайтын және бәсең дыбыстайтын жануарларды ажырату керек.

Дескриптор.

Қатты дыбыстайтын жануарларды ажыратады;

Бәсең дыбыстайтын жануарларды ажыратады.

ҚБ «Кері байланыс бутерброды»

Рефлексия «Жетістік баспалдағы» әдісі




Үлестірмелі парақшалар






Үлестірмелі парақшалар






Үлестірмелі парақшалар

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!