400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жануарлардың эхинококкозын меңгеру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауылшаруашылық жануарлары эхинококкозы көбінесе интенсивті малшаруашылық аудандарда кездеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Хұсанов Ж

Сабақ тақырыбы:Жануарлардың эхинококкозын меңгеру

Таепііdае тұкымдасындағы Есһіnососсus gгаnulоsus таспа кұртының личинка сатысы эхинококктар қоздырады. Эхинококк көпіршіктерді қойлардың, ірі қараның. шошқалардың, түйелердің, жылқылардың, есектердің, жабайы тұяктылардың және адамның бауырлары мен өкпелерінде мекендейді, ал ересек түрі етқоректілердің аш ішегінде болады. Ауылшаруашылық жануарлары эхинококкозы көбінесе интенсивті малшаруашылық аудандарда кездеседі (Қазақстан. Қырғызстан, Грузия, Саратов, Омск т.б. облыстары). Эхинококкоз мал, әсіресе қойшаруашылығына үлкен экономикалық шығынға апарады.

Қоздырғышы. Ересек эхинококк өте ұсақ таспа құрт, ұзындығы 2-6 мм, 28-40 ілмектермен қаруланған сколекстен тұрады және 3-4 буыны болады. Соңғы буыны жетілген, ішінде 500-800 жүмыртқалары (онкосферасы бар), қап тәрізді жатырда орналасады.

Эхинококк личинка сатысы сұйыққа толған әр түрлі көлемді көпіршік, жылауық, герминтативті қабыршықта бастары бар қалыптастыратын капсуласы (сколектерімен) орналасады. Көпіршіктің ішінде қыздыш, ал оның ішінде немерелік көпіршіктері болады. Эхинококк көпіршіктерінің кейбір түрлерінде сколекстері болмайды, оларды стерильді көпіршік немесе ацефалоцисталар дейді.

Тіршілік кезеңі, Эхинококк дефинитивтік (иттер, қасқырлар мен түлкілер) және аралық иелері (тұяқты жануарлар мен адамдар) қатысуымен дамиды. Дефинитивтік иелері қиымен сыртқы ортаға эхинококктың жетілген буындарымен жұмыртқаларын шығарады, олар жем-шөпке, суға, төсеніштерге, ит жүндеріне түседі.

Паразиттің жетілген буыны, өзінше қозғалатын қабілеті бар, қозғалған кезде сыртқы ортаға (еткоректілер денесіне, жер мен суға) жұмыртқаларын өзінен сығып шығара алады.

Аралық иелері эхинококк личинка сатысымен жем-су арқылы жұмыртқаларын жұтып зарарланады, олардың қарнында ұрық жұмыртқа қабығынан шығып ішек қабырғасына еніп қан ағысымен мекендейтін орнына (бауыр, өкпе т.б.) жетіп, бірнеше жыл бойы эхинококк көпіршігіне дамиды. Эхинококк көпіршігі 6-15 айдан соң инвазиялайды.

Еткоректілер эхинококкозбен өлтірілген немесе өлген ауылшаруашылық жануарларының тіршілікке қабілеті эхинококк көпіршігі бар ішкі органдарын жегенде, зарарланады. Иттердің немесе қасқырлар ішегінде, жұтқан көпіршігінен ересек эхинококктар дамиды, 2-3 айдан мүше бөліктер эхинококк денесінен үзіліп, иесінің нэжісімен сыртка шығып отырады. Кейде иттерде өте көп жетілген паразиттер (20 мыңға дейін) тіршілік етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.02.2023
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі