Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық»,
«қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту
Міндеттері:
- жақсылық
жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін
түсіндіру;
- жақсы
істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
-
-
қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға
тәрбиелеу
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер күнделік, дәптер, оқулық, пенал,
бейджик.
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Су асты
патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды,
қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды
өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка
қойыңыз).
Мұғалім:
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді
босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.
Теңіз
жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл
шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен
құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған
кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету
үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр.
Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз.
Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су
астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда
кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар
қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда
тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор
балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор
сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені
байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық
күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз
қалады).
Ал қазір
жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті
қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ
түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин
кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және
осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Сыныпқа
оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді
ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға
тырысыңыз.
Сұрақ: Қандай әсерде
болдыңдар?
Қортынды:
Үнемі
бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.
2.Үй
тапсырмасын тексеру
«Қайырымдылық» тақырыбын
сұрау.
қорытындылау
|
Амандасу.
Жағымды
күйге енудің физиологиялық ұстанымы:
-
Арқаларын
тік ұстап;
-
Еркін
отырады;
-
Көздері
жұмулы;
-
Денелерін
бос ұстайды;
Талдау
сұрақтары.
|
3.Дәйексөз.
Табиғаттағы барлық жылу -
күннен,
Өмірдегі
барлық жылу – адамнан. М. Пришвин Қорытынды: Өзің адамдарға,
айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар,
айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.
Жан-жағына
жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.
|
-Дәйексөздің мән-мағынасын талқылап, өз
пікірлерін ортаға салады.
Сабақ
тақырыбы мен дәйексөзін дәптерге түсіреді.
|
4.Әңгiмелеу
Мәтінмен
жұмыс.
Балаларды
табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың
«Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ
бойынша өз ойларын айтады.
- Маржан
жауқазынға қандай жақсылық жасады?
- Маржанға
баға бер.
Шығармашылық жұмыс.
«Жақсылық
тамшысы»
Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған
тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі
жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге,
айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария
етеді.
- Балалар,
әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға
айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде
бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір
сүреді.
|
Слайд –
шоу.
«Колледж тынысы»
әдісі
Колледж
миссиясы:
Білімгерлер: «Әлемдік деңгейдегі жаһандану үдерістеріне сай,
жаңа форматтағы көшбасшы болуға лайықты, ойы, сөзі, ісі бір,
бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар
даярлау.»
|
5.Шығармашылық
жұмыс
Оқушыларға
алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды
үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып
немесе жазып жеткізу.
-
Жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар,
әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен
дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария
суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер
бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір
сүреді.
|
|
6.Үй
тапсырмасы
Дәптерде
берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі
сұрақтарға жауап жазу
1.
Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып
жүресіңдер?
2. Өз
бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап
жазыңдар.
3. Қандай
жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге
тырысасыңдар?
|
|
7.Оқушылар барлығы қосылып
айтады.
Жақсы сөз,
жақсы тілекті
Болайық
ізгі ниетті
Жақсылық
ойлап кісіге,
Тілейік
үлкен - кішіге
- Ата -
анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен
білдіреді.
-
Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең
пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі
балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты
достарыма табыс тілеймін.
-
Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма
бақыт тілеймінСоңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен
балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді
үйрендік?
Қане
бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!тілектер
айту
Ал енді,
демалып келіңдер!.
|
|