Материалдар / «Жанында жүр жақсы адам» ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жанында жүр жақсы адам» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №34 көп салалы мектеп-гимназиясы

Мерзімі: 06.04.2018 жыл 28 сабақ

Мұғалім: Жаңбырбайқызы Айгерім Сыныбы: 6 «А»

Оқушылар саны: 26

Сабақтың тақырыбы: «Жанында жүр жақсы адам».

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жақсылық, шынайлық.

Мақсаты: оқушылардың адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты жайлы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды жақсылықққа бейімдей отырып, айналадағы адамдардың жақсылығын көре білудің маңыздылығын түсіндіру;

  • Оқушыларды қоршаған ортамен, айналасындағы адамдармен мейірімді қатынас жасай білу дағдыларын әрі қарай дамыту;

  • Оқушыларды жақсылыққа, мейірімділікке, шынайы болуға тәрбиелеу;

Ресурстар: (слайд,плакаттар)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі:

  • Тәртіп.

  • Талап.

  • Тыныштық.

  • Тазалық.

  • Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару. Топқа бөлу (Адамның бойындағы жақсы қасиеттерге 3 топқа бөліп отырғызу).

1 топ- Мейірімділік

2 топ- Жақсылық

3 топ- Шынайылық

Ескерту

Тыныштық сәті. Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1. Тыныштық сәті ұнады ма?

2. Қандай әсерде болдыңыздар?

3. Ішкі тыныштыққа жете алдыңыздар ма?

Түйін: Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, бар жақсылықтарды жүрегімізде сақтай отырып сабағымызды бастайық!


Үй тапсырмасын тексеру. (4 мин)

108-109 беттегі О.Бөкейдің «Менің әкем» («Қайдасың қасқа құлыным» повесінен үзінді) повесінен үзінді оқу.

Сұрақтар:

1.Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

2.Баланың әкеге деген махаббаты туралы не айтар едіңіздер?

3.Бұл баланың әрекетін дұрыс әрекет деп атауға бола ма? Неліктен?

4. Ұрпақ жалғастығы дегенді қалай түсінесіздер?

5.Сіздер осы баланың орынында болсаңыз қандай әрекет жасайтын едіңіздер?


Дәйексөз (3 мин)

Жақсы адам алысты жақын етер.

Сүйінбай Аронұлы

(Дәйексөзді ұлдарға, қыздарға және топпен айтқызу)

  • Жақсы адамға қандай қасиеттер жаттады?

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Түйіндеу


Мұғалім сыйы (4 мин)

«Жан жарасы жазылмайды» (оқиға айту)

 Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады.
Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала  тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын  да күнге  жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр»  Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде  таусыпты. Әкесі қуанып  «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім » Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» ешкімді ренжітпе дейді.

Сұрақтар:

1. Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

2. Әкесінің баласына талап қоюына не себеп болды?

3. Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

4. Бұл оқиғада дұрыс әрекет жасаған деп кімді атауға болады?

5. Cіздер осы баланың орынында болсаңыздар не істер едіңіздер?


Түйін: Олай болса балалар жамандық пен жақсылықты ажырата білейік. Жақсылық жасау әр адамның өз қолында. Жанымызда жүрген жақсы адамдардың жақсылығын одан әрі арттыру үшін оларға риясыз сүйіспеншілігімізді арнайық!


Шығармашылық жұмыс (5-7 мин)

І топ - Жақсылық жасау деген не? (өлең шығару).

ІІ топ - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? (көрініс көрсету).

ІІІ топ –«Жақсы адам-елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы» (постер қорғау).


«Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
— Маған қажет қасиеттер, мыналар……
— Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ……
— Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар …..
— Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ...


Топпен ән айту (5 мин)

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: Айбек Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар .

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.

Қайырмасы:

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Қайырмасы:



Үй тапсырмасы (3 мин)

180-181 беттегі С.Бақбергеновтің «Қасиет» мәтінін оқып келу.

«Жақсы адамдар көп!» деген тақырыпта ашық хат жазып келу.(мысалы: досыңа, ата-анаңа, мұғалімге т.б)


Соңғы тыныштық сәті: (1 мин)

(Баяу музыка ойнап тұрады)

Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



Мұғалім:_______________А.Жаңбырбайқызы


Мектеп директоры:_____________________О.Х.Хуандыкова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!