Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабак
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың

ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен

таныстыру.

Дамытушылық: Жапырақтың қызметіне тоқталып маңызын түсіндіру. Оқушылардың

сабақты меңгергендігін пысықтап бекіту.

Тәрбиелік: Өсімдіктердің жапырағының маңызын түсіндіру. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Оқулық, плакаттар, суреттер, кесте, биологиялық диктант.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды түгелдеу, сыныптың дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

§Сабақтың түрлері мен қызметі

Биологиялық диктант

............. – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады. Сабаққа ......... жапырақ ........., жеміс бекінеді. ............ сабақ арқылы қозғалады. ........... қатысады. Тік сабақ - ......... .......... ......... ...... .......... өсімдіктерінде кездеседі.

Жатаған сабақ – өте әлсіз, жұмсақ . Жер бауырлап жатады , ..........болады. Асқабақ , қияр, қауын, қарбыз өсімдіктерінде болады.

.......... . ........ - нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды. ........ ........ өсімдіктерінде кездеседі.

Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты, ол .... ..... ..... қабаттарынан тұрады. ......– жас сабақтың сыртын қаптайды, ........– беріктік, мықтылық қасиет береді........–жасушалары ұзын болып түтікше құрайды, қоректік заттар қозғалады. Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркені.

........ – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені.

3.Жаңа сабақты түсіндіру:

Қызығушылықты ояту. Жапырақ туралы оқушылар өз білгендерін жазу .


Жаңа тақырып суреттерді пайдалана отырып тірек - сызбалар арқылы түсіндіріледі.

Жапырақ-өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі:

  1. Ауадан көмірқышқыл газы мен су сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзеді;

  2. Жасушадағы артық суды буландырады;

  3. Газ алмасады;

  4. Органикалық заттарды қорға жинайды;

  5. Көбеюге қатысады;

Жапырақтың сыртқы құрылысы.

Жапырақ тақтадан, сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлімі- тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады.

Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ деп атайды. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.

Shape2 Shape1 ЖShape3 апырақ тақтасының пішіні.

Shape5 Shape4

Бүйрек тәрізді Жебе тәрізді Жүрек тәрізді Қылқанды тәрізді Ромбы тәрізді

Shape7 Shape6 Жапырақтың жүйкеленуі.



Бір ғана тақтасы бар жапырақты Бір сағақта 2 одан да көп майда жапырақшалары

жай жапырақ деп атайды. болса күрделі жапырақ деп аталады.









  1. Үш құрақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады,

мысалы беде, соя

  1. Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады

мысалы атбас, талшын, бөрібұршақ

  1. Жұп қауырсын жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады

Жапырақтардың сабаққа орналасуы.

Shape10 Shape9 Shape8


қарама-қарсы топтанып кезектесіп


1.Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған

жағдайда оны кезектесіп орналасу деп атайды.


2.Сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне

қарама-қарсы орналасу деп аталады.

мысалы: үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз


3.Бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса

онда оны топтанып орналасу деп атайды.

мысалы сарыағаш, қызылбояу, талгүл, қарғакөз


Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз - өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.

Жүйкелердің қызметі

су мен минералды тұздарды, органикалық заттарды қозғалысқа келтіреді.

жапыраққа беріктік қасиет береді.


ЖShape13 Shape14 Shape11 Shape12 үйкелену түрлері



тор жүйкелі саусақ салалы жүйкелі параллель жүйкелі доға жүйкелі


  1. Жаңа сабақты бекіту:

Биологиялық диктант:

Қалтырылып кеткен сөздерді орындарына қою.


Өсімдіктің өсу мүшесі ....... деп аталады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі - ...... ,сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі..... деп аталады. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасы ..... болады. Шыршаның жапырағы... . Бір ғана тақтасы бар жапырақты ....., Бір сағақта бірнеше жапырақ болса ол .. ... деп аталады. Жапырақ өңінің түссіз болу себебі онда ... болады.



Жай жапырақ.

Жапырақ.

Сағағы.

Күрделі жапырақ.

Қылқанды.

Әртүрлі.

Тақтасы.

Лейкопласт.


  1. Сабақты қортындылау:

Оқушылар төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Өсімдіктің жапырағы қандай қызметтер атқарады.

2.Жапырақтың құрылысы. Жапырақтың қызметі.

3.Жүйкелену дегеніміз не, оның қандай түрлері бар.

4.Жапырақтың сабаққа орналасуы.

5.Жай және күрделі жапырақ дегеніміз не.

6.Жапырақ тақтасының пішіні қандай болады.

7.Жапырақтардың қарама-қарсы орналасуы дегеніміз не.

8.Жапырақтардың топтасып орналасуы дегеніміз не.

9.Күрделі жапырақтардың атаулары.

10.Жүйкелердің қызметі.


  1. Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне бағаларын қою.

  1. Үйге тапсырма: Жапырақтың ішкі құрылысы тақырыбын оқып келу.


Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Болдырев ауылы

Болдырев негізгі мектебі

Тлекқабылова Римма Сабырғалиқызы

Биология пәні мұғалімі












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
1336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі