Материалдар / Жақсы ата-ана болуды үйренеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы ата-ана болуды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарға арналған кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2024
288
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жақсы ата-ана болуды үйренеміз

Баланың жасы - 3 жастан бастап, 6-7 жасқа дейінгі психологиялық даму кезеңі. Негізгі қимыл-қарекет ойын болып табылатынымен сипатталады. Ойын барысында басқару қызметінің негізгі тәсілдерін игеру орын алады, құрастыру және сурет салу дағдылары қалыптасады, қоғамдық мінез-құлық ережелері белгіленеді. Бұл жастағы балалар уақытының көп бөлігін ойынмен өткізеді. Бұл жаспен әрі қарайғы даму үшін маңызды басқа екі қызмет түрлерінің дамуы байланысты: еңбектену және оқу. Бұл жастағы балалардың ойынын, еңбектенуін және оқуын бірізді жетілдірудің белгілі бір кезеңдерін мектепке дейінгі балалық шақты шартты түрде үш кезеңге бөлу арқылы көруге болады: мектепке дейінгі кіші жас (3-4 жас), мектепке дейінгі орта жас (4-5 жас) және мектепке дейінгі үлкен жас (5-6 жас). Сонымен қатар балалардың тамақтануындағы мінез-құлқын қалыптастыру да маңызды орын алады.Тамақтанудағы мінезқұлық адамның өмірі бойында мәдени, әлеуметтік, отбасылық, биологиялық факторлар әсерімен қалыптасады. Дұрыс тамақтану мықты денсаулықтың және сәйкесінше, өмір сапасының кепілі болып табылады. Екі жастан бастап-ақ, бала алғашқы тамақтану әдеттерін иелене бастайды, атап айтқанда, екі жастан бес жасқа дейін ол тамаққа қатысты тым талғампаз болады. Ерте жастан бастап тамақтануда қалаулар, тамақтануға қатысты мінез-құлық қалыптасады. Міне, сондықтан, 9 ерте балалық шақтан бастап, баланың «дұрыс», сау тамақтану мінез-құлқын қалыптастыру және оның артық тамақтану, аз тамақтану, «әбден тойғанша жеу», тамақ мөлшерін үлестіре білмеу, қандай да бір өнім түріне әуестік, тамақтануда қандай да бір өнімнің болмауы, тамақтанудағы қорқыныштар сынды ауытқушылықтардың туындауын болдырмау маңызды. Мамандардың пікірінше, тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы негізінде көбінесе қорқыныш, күйзеліс сияқты психологиялық сипаттағы мәселелер жатады, олардың туындауы ата-ананың, құрдастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының теріс әсерімен байланысты. Көп жағдайда баланың тамақтану мінез-құлқындағы бұзылушылықтар үшін ата-ана жауапты. Баланың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру барысында қате жіберу мүмкіндіктері - орасан зор, олар ата-аналарды әр қадам басқан сайын аңдып тұрады. 1. Дұрыс тамақтану қағидасын ұстану - денсаулыққа пайдалы тағам дайындау (дәнді дақылдар, көкөністер, жеміс-жидектер, теңіз өнімдері, ақуызға бай азық-түлік өнімдері). Балаға берілетін тамақта майлы, ысталған және ұннан жасалатын тағам түрлерінен бас тартыңыз немесе азайтыңыз. Тәтті тағамдарды қысқартыңыз - баланың тәбеті жақсарады. Балаға пайдалы тағамдардың фаст-фуд (лезде әзірленетін) тағаммен салыстырғандағы артықшылықтарын түсіндіріңіз. 2.Баланы күштеп тамақтандыруға, тамақты аз жейтіні үшін жазғыруға болмайды. Шамамен бір-бір жарым жаста бала өз бетінше тамақ іше бастайды. Бұл - аса қолайлы сәт, әрі оны жіберіп алуға болмайды және баланы қасықпен тамақтандыруды жалғастырудың қажеті жоқ. Бұл кезеңде ол аз тамақтанып, арықтап кетеді деп қорықпаңыз. Әр бала өз денсаулығын сақтауы тиіс және қалыпты өсу қарқынын қамтамасыз етуі тиіс тәбетпен туылады. Егер сіз қасықты баланың аузына апарып, оны қасықтан тамақтандыру жалғастыра беретін болсаңыз, бала оған аузын созғанын күтіңіз, тамақты аузына өзіңіз салмаңыз. Баланы тәрелкеге салынғанның барлығын жеуге мәжбүрлемеңіз. Жалпы, бұл жаста тәбет қандай болатынын болжау қиын, бірақ, бірде-бір дені сау бала өз еркімен өзін аштықпен азаптамайды. 3. Баланы нашар тәбеті үшін сөкпеңіз. Тамақ үйдегі басты мәселеге айналмауы тиіс. Тағы бір есте сақтайтын жайт, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Төменде баланың тамаққа қатысты пайдалы әдеттерін қалыптастыруға көмектесетін ережелер келтірілген: Ата-аналар балаларының тамақтану мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды қалай байқай алады? Тамақтанудағы мінез-құлқында бар қиындықтардың жанама себептеріне келесілер жатқызылуы мүмкін: селқостық; ұйқышылдық; ойындарға қызығушылықтың жоғалуы; құрдастармен қарым-қатынастардағы қиындықтар (құрдастары баланың артық немесе жеткіліксіз салмағына қатысты кемсітуі, мұқатуы мүмкін); мектепке бутерброд апарудан бас тарту; үлгерімнің төмендеуі; тамақтану барысында және басқа да жағдайларда баланың ашуға бой алдыруы; туған күн немесе басқа да мейрамдарға баруды қаламау; тамақты өзін мәжбүрлеп ішу.Егер бұзылушылықтардың өрбу үдерісі айтарлықтай күрделеніп кетсе, мамандардың - педиатр дәрігерінің, емдәмші мамандардың, психотерапевтердің көмегіне жүгінген жөн, алайда, балаға көмектесуде оның ата-анасы басты рөл ойнауы тиіс. Егер баланың бойынан тамақтану мінезқұлқындағы бұзылушылықтардың ашық немесе жасырын белгілері байқалса, мәселенің шешімін кейінге қалдырмаған дұрыс. Дене шынықтыру -бұл балабақшадағы немесе мектептегі дәріс емес, бұл салауатты өмір салтының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ал баласының дені сау болғанын қай ата-ана қаламас? Әр ата-ананың дене шынықтыру мәдениетіне баулу мәселесіне өз көзқарасы бар. Кейбірі балабақшаға және мектепке арқа сүйейді, бала онда аптасына екі рет дене шынықтыру сабағына барады-мыс. Басқалары баласын ерте жастан бастап-ақ спортқа тарта бастайды, спорт үйірмелеріне береді, әрі көбінесе өздері айналысқан немесе айналысқысы келген спорт түріне береді. Алайда, кәсіби спорттың балаға әр жас кезеңінде қажет физикалық жүктемеден айырмашылығы жер мен көктей. Ал кейде ата-анасы жасөсіпірім жастағы баласын компьютерде ойнауға рұқсат беру арқылы спортзалға «итеріп» кіргізеді... Барлық айтылған мысалдар дене шынықтыру мәдениетіне баулудан алыс.Бұл өте маңызды, әрі шешуші сәт. Егер ата-ана өздері қимыл-қозғалысы аз өмір сүрсе, спортпен айналыспаса, мысалы, велосипед, шаңғы, коньки тебуден және т.б. ләззат алмаса, баласы да спортты өз өмір салтына айналдырары екіталай.Сондықтан, бұл істі тек өзімізден бастау қажет. Ата-ана есте сақтауы тиіс, белсенді қимыл -қозғалыс жасай отырып, бала денесін жаттықтырады, осылайша ми мен қимыл -қозғалыс арасында байланыс орнатады. 2-2,5 жаста дені сау баланың істей алатыны көп. Ол жүруді, 10 жүгіруді үйреніп алды, сұрақ қоя алады, сұрай алады, өз қалауларын жеткізе алады. Жаңа мүмкіндіктер балақайды сансыз жаңа әрекеттерді байқап көруге итермелейді, өз бетінше әрекет етуге құштарлығын оятады. Дәл осы уақытта балалардың ерік-жігері, өзін-өзі қадағалау қабілеті қалыптасады. Барлығымыз баламыздың жауапты және ешкімге тәуелсіз болып өскенін қалаймыз ғой. Міне, осы тұста жанашыр, қамқор және тиімді ата-ана бола отырып, біз оған көмектесе аламыз. Қараңызшы, балалар қолдарынан келетін тапсырмаларды қалай қуана-қуана орындайды. Ересектердің көмегімен олар дүкен сөрелерінен тауар таңдауға, ақша ұстап тұруға, сатып алынған заттарды себеттен шығаруға көмектесе алады. Кейбір үш жасар балалар дәретханаға өздері бара алады. Балалар көбінесе тамақты өз қолымен жеуге, тағам және киім таңдау құқығын иеленуге ұмтылады, ас дайындауға қатысқанды жақсы көреді. Балалардың көпшілігі теледидарды немесе бейнефильмдерді қосуды және өшіруді тез үйреніп алады. Алайда, балаға қай бағдарламалар лайық, ал қайсысы лайық емес екенін ата-анасы ғана шешеді. Eгер сіз тәрбиелеудің мәнін балаға өз-өзіне көмектесе алуына жәрдемдесу, оған өмір сүруді және басқалармен ойнауды үйренуге, барлық жаңа дүниені сақтықпен зерттеуді, өз сезімдерін жеңе білуді, қызығушылықтарын дамытуды үйренуге көмектесу деп түсінсеңіз, тәрбиелеу сондай күрделі мәселе емес. Бұл оңай шаруа емес. Ешқандай «сиқырлы әдіс» жоқ. Балаңызды тәртіпке үйрететін және тәрбиелейтін әдістеріңіз отбасыңызды басқаларынан ерекшелендіретін барлық өзгешеліктерге тәуелді болады. Тәртіп - баланы сіздің қалауыңызды жасауға мәжбүрлеу емес. Сіз баланы «жақсы» болуға мәжбүрлей алмайсыз; әрине, кейбір балалар айғайлап, қол жұмсаған соң, жағыну үшін сізге ұнамаған әрекеттерді жасауын доғарады. Ата-анасы үнемі өз шаруаларымен жұмысбасты болып жүргенде, қатты абыржып жүргенде немесе ауыр кезеңдерді бастан кешіріп жүргенде, балалар ерекше тілазар болады. Кейде өзіңізге де назар аударыңыз: балаңыз бүгін мүлдем тіл алмай, жүрген жерін шулатып жүр ме? Сіз оны бояуды әдейі төгіп тастағаны үшін немесе әкесі жұмыстан кеш келгендіктен жазаладыңыз ба? Сізге келесі кеңестердің көмегі тиюі мүмкін.Балақайлар мақтау естігенді ұнатады, басқалардың көңілін табуды ерекше жаны сүйеді. Олар өздеріне назар аударғанды барынша қалайды. Егер сіз балаңыздың өзіңізге ұнаған іс-әрекетін мақтасаңыз, ол сіздің көңіліңізді табу үшін сол әрекетін қайта жасауға бар күшін салуға тырысады. Құшақтау, күлімсіреу, ол жасаған әрбір іске қызығушылық білдіру - ең қымбат сый-марапат. Кәмпит те, жаңа ойыншық та қажет емес. 1. Қай уақытта болмасын, барлық ата-аналарды балаларына барынша жақсы тәрбие беру мәселелері толғандырған - баланың тұлғасы үйлесімді дамуына септесу үшін қалай марапаттауға және жазалауға болады. Марапаттау - аса ықпалды мінез-құлық реттегіші, оның көмегімен үйрету үдерісі жылдамырақ жүреді. Бірақ, кез-келген мадақтау түрі пайдалы бола бермейді, сол сияқты жазалау да әрдайым зиян емес - тәрбиелеу мәселесінде жаман немесе жақсы әдістер жоқ, орындысы немесе орынсызы ғана бар 2. Адам күніне кем дегенде 8 рет әртүрлі әдіспен және әртүрлі ықыласпен сипауға зәру. Міндетті түрде таңертең және түнде ұйықтар алдында мақтау қажет. Баланы өз-өзін жетілдіруге талпынған әрбір тіпті болмашы әрекеті үшің мақтаңыз. 3. «Мен сені жақсы көремін...» Қандай жағдай болмасын, оны ата-анасы жақсы көретінін және кез келген уақытта қолдайтынын сезіну керек. «Сен тамаша баласың» (күшті, ақылды) Баланы мақтай отырып, оның өзін өзі бағалай білуіне шақырамыз.Мақтай отырып «ең» сөзін қолбанбау керек. Әйтпесе, бала қоршаған адамдарды менсінбей бастайды. «Сенің қолыңнан келетініңе сенемін...» Баланы жақсы көргенде «соқыр махаббаттан» сақтанған дұрыс. Кішкентай балаға өзіне тамақ ішкізіп, содан ас үйді жинап жатқаннан гөрі, өзімізге бере салған оңай секілді. Баланың орнына барлығын істемей , оған үйрету керек. Баланың қолынан келетініне сеніп қана қоймай, баланың өзіне де оның қолынан келетінін көрсетеміз. Әдебиеттер. 1. Фельдчер Ш., Либерман С. 400 способов занять ребенка от 2 до 8 лет. - СПб.: Питер Пресс, 1996 г. 2. Ю.Б. Гиппенрейтер. Общаться с ребенком как? - М.: АСТ: Астрель, 2007. 3. Экслайн Вирджиния. Игровая терапия. - М., «Психотерапия», 2007 4. Савенков А.И. Физическая активность и развитие интеллекта ребенка. 5. Никитин Б.П., Никитина Л.А. Резервы здоровья наших детей.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!