Материалдар / "Жақсы көңіл-күй формуласы" педагогтерге тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жақсы көңіл-күй формуласы" педагогтерге тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтерді сауықтыру мақсатындағы тренинг жаттығулар,психологиялық ойындар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
1507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мақсаты:

1.Тренинг жөнінде түсінік бере отырып,тренинг ережелерімен таныстыру;

2.Жақсы көңіл-күйде болу жолдарын үйрету, жағымды көңіл-күй формуласымен таныстыру,өз ойын айта білуге шақыру.

3. Эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері арттыру;

4. Психологиялық кеңестер беру



Тренингке қажетті құралдар:проектор,сладтар,музыкалы колонка,фломастерлер,алмұрт,

жүзім,грейфррут суреттері салынған дөңгелекше төсбелгілер,түйреуіштер,

А-4 форматтары,магнитті тақтарефлексия қажетті парақтар, «Жарқын

жүзді адамсыз ба?» суретті тестіне үлестірмелі парақшалар.

Тренинг барысы:

«Адамдарға жақсылық жасаңыз мұның қайтарымы болады» тәлімдік видеосын қарау.

Шағын лекция: Shape1



Оқудың интербелсенді әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – дегенді білдіреді. Тренингтің бірнеше түрлері болады: оқу тренингі, қарым-қатынас жақсартатын тренингтер, бизнеске байланысты тұлғалық өсуді қамтамасыз ететін тренингтер, психикалық денсаулықты жақсартатын: стрессті, күйзелісті, суицидтің алдын алу деген сияқты.

Тренингтің негізгі құралдары рөлдік ойындар мен пікірталастар, сұрақтамалар болады.

Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.



Тренинг ережесі:

1.Бір-бірімен тең ,бірдей қарым-қатынас жасау
2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
3. Болып жатқанға белсенді қатысу.
4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.

Ойын:«Грейфрут,алмұрт,жүзім»

Сәлемдесу ойыны: “Шынтақпен амандасу”

Мақсаты: Тренинге қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату,күнделікті амандасу стретипін өзгерте отырып,креативті дамыту..

Шарты:Педагогтар Грейфрут,алмұрт,жүзім бірін таңдайды да соған сәйкес дөңгелектерді кеудесіне тағып алып,шеңбер бойына тұрады.Грейфрутты ұнататындар қолдарын желкеге қойып,Алмұрт таңдағандар қолдарын беліне қойып,жүзім таңдағандар қолдарын кеудесіне қойып тұрады да шеңбер бойындағы көршісімен амандасады,тренер бубенді соққанда таңқурай таңдағандар қызыл кегли,банан таңдағандар сары кегли,киви таңдағандар жасыл кеглиді қоршап 3 жақта тұрған кеглиге 3 шеңбер құрып енді өзара амандасады.

Ойын: «Таңдаған жемісім» Тренингке қатысушылар өздері таңдаған жемістің нені білдіретіндігі жөнінде өз мінез-құлқы туралы мәлімет алады.

Грейпфрут
Елімізде аса танымалдыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.

Алмұрт
Шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды. 

Жүзім
Жүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.

Қар үйіндісі” жаттығуы

Мақсаты: Эмоциональдық қысымды бәсеңсіте отырып,қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.

Тренинг топтарының ережесіне сәйкес бір-бірімізді әкеміздің атауымен қоса айту бекітілген,бірақ бүгін мұны уақытша ұмыта тұрайық.

Шарты: Кеудешеңіздегі дөңгелекшеге атыңыз бен сіздің үнемі көңіл-күйіңізді бейнелейтін кейпіңізді жазып,қайта кеудеңізге тағып алыңыз. Мысалы: Ақшагүл-сабырлымын т.б.Шеңбер бойымен біреуміз бастап,келесіміз бастаушының аты мен көңіл-күйін айтып,өз есімі мен өз көңіл-күйін айтады,келесі жалғастырушы екеуін айтып өзінің есіңмі мен көңіл-күйін қоса айтады

Шағын әңгіме: «Менің көңіл-күйім»

МShape2

мұң

ды

ақсаты: Тақырыпқа енгізе отырып,өзіне-өзі талдау,сараптау жасауға үйрету.

Shape3

Белсенді көзқараспен





Shape4

Өмірге құштар

лықпен











Бір сәтке ойланып қараңызшы,Сіз көбіне қандай көңіл-күйде жүресіз?

Миға шабуыл” жаттығуы

Мақсаты: «Жақсы көңіл –күй мен жаман көңіл –күй » туралы түсініктер тізбегін құру арқылы

қатысушылардың тез ойлап табу қабілеті белсенділігін арттыру.

3 топ А-4 қағазға маркермен :

-Жақсы көңіл-күй деген ол.................

-Жақсы көңіл-күйді түспен белгілесек,ол .................. түс болар еді.

  • Ал,жаман көңіл-күйді түспен белгілесек,ол .................. түс болар еді.

Әуе шарлары”жаттығуы

Мақсаты: Дұрыс тыныс алуды үйрету, психологиялық қысымды түсіру.

Шарты: Музык аәуенімен іштерін толтыра дем алу,жа йтыныспен дем шығару.(3-4 рет қайталанады.)

Талқылау: Бұл жаттығу ұнады ма?

Қандай сезімде болдыңыздар?


«Жақсы көңіл –күй формуласы»

Shape5

Ал осы денсаулықты сақтап,анық ақылды болу мен жағымды эмоциялар мен сезімдерге төмендегі құрамдас бөліктерді есімізде ұстап,сақтап жүруіміз қажет.Олар:


Shape6

Ал,енді мына парақшаларды алып,өзіміз суретті жалғастыра салйық.Суретті тест: «Жарқын жүзді адамсыз ба?» деп аталады.Жағымды музыка әуенімен суретті жалғатырып саламыз содан кейін нәтижесімен танысасыздар.Бұл суреттеріңіз өздеріңізде қалатындығын ескертіп өтейін.

(Музыка әуенімен педагогтар суретті жалғастырып салып келесі слайдтан нәтижесімен танысады.)

«Жарқын жүзді адамсыз ба?» суретті тестінің қорытындысы:

Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз, оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз,

онда сіз дәл осы уақытта өзіңізді бақытты сезінуде емессіз. Сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің басыңыз қара ойларға, ал жаныңыз – уайымға толы.

-Егер сіз қара, түнерген бұлттың суретін салсаңыз, онда сіз нағыз пессимист адамсыз. Сіз мінезіңіз

нашар, өте ашулы адамсыз. Сіздің ыңғайызды табу қиын, өйткені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз

толмайды. Сіз өмірдің сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрседен қараны көріп

тұрсыз.

-Егер сіз үйді басты азарда ұстап, оған мұржасынан түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің

терезесінен жарық көрінсе, онда сіз жарқын жүзді, бақытты адамсыз. Сіздің өмірдегі басты

құндылығыңыз – бұл сіздің үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз. Сіз осы аталғандардан

өзіңіздің өміріңізге күш-қуат аласыз. Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін

тұлғасыз.

-Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің жарқын жүзді, шынайы адам

екендігіңізді білдіреді.Бұл сіздің бүкіл әлеммен байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы. Сізді

айналаңыздағылар жақсы көреді, өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.

-Ауадағы қарлар – бұл сіздің жағымды, жақсы әсер қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті

өмірдің күйбегіңінен басқа дүниені аңсайтындығыңызды білдіреді.

-Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің күш-қуатыңыздың көптігін,

шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.

-Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік

мақсат қою керек немесе біреуді сүю қажет.

-Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу қажет. Сіз рухани және физикалық тұрғыдан

шаршағансыз.

Келесі кезекті «Кеңестер кәрзеңкесіне » береік:

  • 1. Ұйқыңызды қандырып ояныңыз.

  • 2. Жай темппен сөйлеп,жай екпінмен жүріңіз.

  • 3. Таза ауада көбірек болыңыз.

  • 4. Бүгінгі күнге жұмыс тізімін жасақтаңыз.

  • 5. Алдыңызға шынайы мақсаттар қойыңыз.

  • 6. Әр күніңіздің тым болмағанда 1 сағатын өзіңізге арнаңыз.

  • 7.Айнаға қарағанда жымиып қарап,өзіңізге комплимент айтыңыз.

  • 8.Келеңсіз жағдайға тап болғанда жақындарыңызбен бөлісіңіз.

  • 9. Іштей 10-ға дейін санаңыз.

  • 10. 1 шыны аяқ шөптен шай жасап ішіңіз, жылы ванна немесе жылы душ қабылдаңыз.

  • 11.Өз мүмкіндігіңізді бағалап,артық уәде беруден сақтаныңыз.

  • 12. Өз көңіл-күйіңіздің көтерілуі мен түскенін бақылай біліңіз.

  • 13.Өзіңізге талапты көп қоя бермей,бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.

  • 14.Барлығы жақсы болған күндерді есіңізге түсіріңіз.

  • 15.Барлық адамға жағам деп тырыспаңыз-бұл мүмкін емес.

  • 16. Жалғыз емес екеніңізді естен шығармаңыз.

  • 17.Өмірге құшатар болыңыз! Бұл өмірдің келеңсіз сәттерінен гөрі қуанышты кездерін

  • таба білуге көмектеседі.

  • 18. Асығыс шешім қабылдамаңыз.Өзіңізді сабырға шақырып алып,шешім шығарыңыз.

  • 19.Сәтсіздікті қабыл алыңызІ Әр адам боцйында жетістігі мен кемшілігі болады.

  • 20.Стресс арылулудың ең жақсы емі- сүйікті қызмет,жұмыс.

Тәлімдік видекөрсетілім «Жақсылық пен жамандық»


Кері байланыс: Рефлексия (Педагогтарға төмендегіше парақшалар таратылып беріледі де бүгінгі тренинг туралы өз әсерлерін жазып бөлісіп,ұсыныстарын толтырады.)


30.11.2017 ж. «Жақсы көңіл-күй формуласы» тренингі бойынша

«Мен нені үйрендім?» рефлексия

Мен...........................................................................................................................................................үйрендім.

Мен...........................................................................................................................................................білдім.

Мені...........................................................................................................................................................таңқалдырды.

  Маған..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................ұнады.

Маған..............................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................ұнамады.

 

Мен үшін ең маңыздысы ...........................................................................................................болды.

Аты-жөніңіз:................................................................. Қызметіңіз:.......................................................


Қорытынды: «Шеңбер бойымен тілек»

Мақсаты: Бір-біріне жақсы тілектер айтып,қорытындылау.

Шарты:Тренинге қатысушылар шеңбер құрып,оңнан солға қарай бағытпен бір –біріне жақсы тілектер тілейді.

Құрметті ,педагогтар,Сіздерге уақыттарыңызды бөліп тренинге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айта отырып,отбасыларыңызға амандық,сәттілік,береке,еңбектеріңге жемісті нәтиже мен үлкен шыдамдылық тілеймін!Әр таңыңыз қуаныш пен бақытпен атып,сатти күндеріңіз мол болсынІ Келесі кездескенше аман-счау болыңыздар!

«Жақсы көңіл-күй формуласы»

тренингінен фотосуреттер:

Рисунок 2 Рисунок 7

Рисунок 9 Рисунок 9

Рисунок 2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!