Жақсы көңіл-күй жан азығы тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы көңіл-күй жан азығы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Балапан» мектепке дейінгі бөбекжай





Shape1

Тәрбиешілерге арналған тренинг



Бөбекжай психологы: Б.Т.Усенгалиева











2018ж

Жақсы көңіл – күй жан азығы



Мақсаты: Педагогтардың әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру, психикалық көңіл – күйлерің көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық, достық қарым – қатынас орнату.

Жүру барысы:

- Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл – күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз – өзіңізге құрметпен қарауға, бір – бірімізбен сыйластық қарым – қатынаста болуға , ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1.Амандасу жаттығуы.

Жаттығу барысы: Ең алдымен оң жақтағы сосын сол жақтағы көршімізбен құшақтасамыз,амандасамыз. Қарама-қарсы отырған көршімізге бір көзімізді қысып, қалған қатысушыларға бір жымиып қоямыз. Көршіңізден көңіл-күйінің қандай екенін сұрап қойыңыз.

1Тапсырма:«Геометриялық пішіндер»(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі , сол пішіндерден өз ойларынан балаларға қызықты болатын бір нәрсе құрастыру, жапсырады, сипаттап береді )

2Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту». Парақтарға келесі сөздер жазылған ( әр топтың бір мүшесі шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды)

а) «Мұнда кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен , бұйыра айту.

б) «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап , нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен.

2.Ситуациялық сұрақ-жауап

1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?

-Ол үшін адам бірінші ойланады.

-Алдмен жолын жоспарлап алады.

-іс-әрекеттерге көшеді

-Зорға өрмелейді,сақтық шаралырын сақтамаса құлап кетуіде мүмкін.

-Кейде жалғыз өзі шыға алмай достарын,отбасын көмекке шақырады .Бірлесе әрекет етудің нәтижесінде биікке шығады.


2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?

-Әр қадамын аттарда ойланады.

-Болашағын жоспарлайды

Мамандығын дұрыс таңдайды

-Көпшілікпен дұрыс қарым-қатынас жасайды. (Мінезі,өзін-өзі ұстауы)

-Сақтық шараларын үнемі есінде ұстайды (Жаман әдеттерден аулақ болу)


3 Құндылықтар:

Үш құндылық………………….. (Уақыт сөз,мүмкіндік)

Жоғалтуға болмайтын үш құндылық…………. (Сабырлық,үміт,ар)

Қолға тұрмайтыен сенімсізщ үш нәрсе ………… (Арман, сәттілік,байлық)


3.«Сурет салайық» 

Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырғандығы байқалады.

«Бізді не біріктіреді». Бес саусақ әдісі бойынша. Әр қатысушы тәрбиешілер өз саусақтарын бастырып, әр саусағына тренингтен алған әсерлерін жазу керек.



Picture 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2018
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі