Андақұлова
Назгүл Бодыққызы
Қызылорда
облысы, Жаңақорған ауданы
№229
жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Жақсы
мұғалім-мектептің жүрегі
«Білім
негізі-бастауышта» деп тегін айтылмаған.
Оқушы білімінің іргетасы дұрыс қаланса,
оның әрі қарайғы білімі де дұрыс болатыны
хақ. Бірақ ол үшін ерінбей еңбек етіп,
көп тер төгу қажет. Әйтпесе еткен еңбектің
жемісі тұщымды болуы екіталай.
Ұстаздың
еңбегі «инемен құдық қазғандай». Ол
әрдайым өзі іздене отырып,оқушыға білім
нәрін себеді. Әсіресе, бастауыш сыныптағы
бала бойына жақсы қасиеттерді аналық
мейіріммен сіңіре білу, оны біліммен
сусындату асқан шеберлікті, біліктілік
пен білімділікті қажет етеді. Әрине,
білімі мен білігі шеберлігімен астасып
жататын мұғалімдер біздің мектебімізде
де жетерлік. Сондай мұғалімдеріміздің
бірі-бастауыш сынып мұғалімі Кенжесариева
Ләззат апай.
Бала
жанының бағбаны бола білген Ләззат
апай алғашқы еңбек жолын №229 жалпы орта
мектебінде бастады.Содан бері осы
мектепте жемісті еңбек етіп келеді. Ол
оқу-білім жүйесіндегі озық тәжірибелерді
ұтқыр пайдалана отырып, жас ұрпақты
ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық
педагогика негізінде тәрбиелеп келеді.
Жаңа технология үрдістерін күнделікті
сабақта пайдалана отырып, жаңаша білім
беруде нәтижелі еңбек етіп жүрген ұстаз.
Шәкірттерінің бойына кіндік қаны тамған
қасиетті туған жерінің мәдениеті мен
тілі, ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,
имандылық қасиеттерін еге білді.
Кенжесариева
Ләззат апай сабақтарына үлкен дайындықпен
келіп, әрбір сабағын мәнді де қызықты
етіп өткізеді. Сабақтарында жаңа
технологияның әдіс-тәсілдерін дәстүрлі
әдістермен астастыра отырып өте тиімді
пайдаланады.Оқушының ой-өрісінің,
қиялының артуына, білім көкжиегінің
кеңеюіне зор үлес қосып жүрген ұлағатты
ұстаз. Әр жылдарда бітірген оқушылары
өте сауатты, жан-жақты білімді болып
шығады. Сабақтарына тәжірибе алмасу
мақсатымен кіргенде, математикадан бір
сабақтың өзінде 10-12 есеп шығартып
үлгереді. Қазақ тілінен сол күнгі
тапсырмаларды түгел орындап,оқушы
сауаттылығына баса назар аударып, әр
оқушыға жеке-жеке көңіл бөлуге уақыт
тауып отырады. Ана тілі сабағында
оқушылардың мәнерлеп оқуына, түсінгенін
әдеби тұрғыдан жеткізе білуге көп көңіл
бөледі. Бүгінгі таңда көптеген оқушылары
Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр
түрлі салаларда еңбек етіп, білім алып
жатыр. «Алтын белгі» иегерін шығарған
білікті ұстаз.
Оқушы
жүрегінен жол таба білетін, әр оқушыға
өз баласындай мейірлене қарап, оларды
біліммен сусындатуда талмай еңбек етіп
жүрген ұстазымыздың еңбегі кімге де
болса үлгі. Ұжымда беделді, уәдеге берік,
жаны жайсаң ұстазымыздың еңбегіне
әрқашан табыс тілегім келеді.