Материалдар / Жақсы өнеге.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы өнеге.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптер үйрену, дыбыстық жаттығула жасау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Жақсы өнеге.

Мақсаты: қазақ тіліндегі сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Білімділік міндеті: сыпайылықты білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру,

артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Тәрбиелік міндеті: балаларды сыпайылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жұмсақ ойыншықтар, жұмыс дәптері, айна.

Билингвалды компонент: жақсы өнеге – хорошие манеры, әдепті – воспитанный, рақмет – спасибо, кешіріңіз извините, өтінемін – пожалуйста.


ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?!

Өткен тақырыпты қайталау. Ойын «Кім көп біледі?»

Мазмұны: балалардың әрбір айтқан сөз, сөйлеміне фишка беріледі. Соңында фишкалар саналып, жеңімпазды анықталады.

    • Қандай мамандықтарды білесіңдер? (Ғарышкер, құрылысшы, сатушы, дәрігер).

    • Балабақшада кімдер жұмыс істейді? (Тәрбиеші, аспаз, мейірбике т.б)

    • Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді? (Менің әкем – дәрігер).

  1. Негізгі кезең.

Педагог: Балалар, қандай сыпайы сөздер білесіңдер? Қазір бәріміз жағдаят шешейік. 1-жағдаят:

Жанына екі баланы шығарып, екеуінің біреуіне ойыншық береді.

Досыңның ойыншығын сұрау үшін, оған қандай сыпайы сөз айтасың?

Балалар жауап береді.

  1. жағдаят: екі баланың біреуі екіншісіне ренжігені туралы.

    • Егер байқамай досыңды ренжітіп алсаң, оған не айтасың?

    • Мен кешірім сұраймын.

    • «Кешір» деген сөзді айтамын.

    • Дұрыс, сыпайы сөздерді жиі айтатын балаларды әдепті бала деп атайды.

Ойын: «Ғажайып сөздер»

  • Сәлеметсіз бе?

  • Өтінемін.

  • Рақмет, рақ-мет.

  • Кешіріңіз.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ә- ә - ә - ә – ә – әәдеп-ті, әдепті. Ө -ө-ө-өөті- не-мін, өтінемін.

І-і-і - ке-ші-і-р-і-і-ң-ң-і-і-з, кешіріңіз Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»

  • Тақпақтарды тыңдап, назар аударамыз. Қай жауабы дұрыс?

Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді.

Не деп айтып жеу керек?

«Рақмет, апа!» – деу керек. Балалар жүр көшеде,

Естілді шу-айғай.

Сен де шықтың досыңды, Қағып кеттің байқамай.

Сергіту сәті

Мұндайда не деу керек?

«Кешір досым», – деу керек. Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың. Көшенің сол шетінде, Кезікті бір апайың,

Ұмыттың сен не деу керек?

«Сәлеметсіз бе!» деу керек.


Біз әдепті баламыз, Ойнап асыр саламыз. Айтқан тілді аламыз, Сәлем беріп үлкенге, Жол көрсете аламыз.


Жұмыс дәптерімен жұмыс.

  1. Суреттерге қара. Сыпайы сөздерді қай кезде айтады? Суреттерді сәйкес сөздермен қос. Сөйлем құра.

  2. Мақал-мәтелдерді жаттап ал.

Әдептілікті данадан үйрен.


«Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген – көмек.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Ойын «Сұраққа жауап бер».

  • Сен әдепті баласың ба?

  • Иә. Мен әдепті баламын.

  • Досыңды ренжітсең, кешірім сұрайсың ба?

  • Иә. Досымды ренжітсем, кешірім сұраймын. т.б

  1. Рефлексия.

Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.

Қандай тапсырма қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген

білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады. Күтілетін нәтиже:

Жасайды: сыпайы сөздер мен сөйлемдерді айтады.

Түсінеді: қарапайым сұрақтарды, сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінеді.

Қолданады: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді, жай сөйлеммен жауап беред


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!