Материалдар / Жақсы сөз жарым ырыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсы сөз жарым ырыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларына арналаған.Жақсы сөз жарым ырыс деп аталады бұл жерде ырым тиым сөздер туралы тоқталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2022
1114
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жақсы сөз жарым ырыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жақсылық, адамгершілік, қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері: Оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушыларды жақсылықты бойына сіңіруге, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету. Сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу..
Сабақтың барысы.
Шаттық шеңбері: оқушылар шаттық шеңберіне жиналып бір - бірінің бойынан қандай жақсы қасиет бар екенін айтады.
Сөз жұмбақ шешу:
Сұрақтары:
1. Адам өмірінің бір кезеңі, шағы?
2. Өмір негізі неде?
3. Адамның асыл қасиеттерінің бірі?
4. Кіші мемлекет деп нені атайды?
5. Бір – біріне шын берілген, кез келген қиын шақта көмектесуге дайын адамдар арасындағы қарым – қатынас?
6. Адамгершілік бастауы, немесе адамның өзін - өзі дұрыс ұстауы
7. Бірлік, ауызбіршілік сөздерінің синонимі?
8. Сіз өмір сүріп жатқан орта: сізді қоршаған орта?

Пікірлесу: Сұрақ жауап.
1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
3. Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
4. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
5. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?


Назар аударыңыз
Жақсылық: Адал қасиет, Жылы лебіз, Ізгі ниет, Ізгілік әдеттер, Ізгілік, мейірімділік, Сыпайылық, Игі іс.

Дәйек сөз: Жақсы сөз адамға не береді?
Қуат береді, жанын жадыратады, көңіл көтереді.
Ойын жаттығу.
Оқушылар 5 топқа бөлінеді. 5 топ шағын диалог – көрініс құрастырып, жақсы сөздерді пайдалана отырып көрсетеді.
Қорытындылау: Балалар біз бүгінгі сабақта жақсы сөз – жарым ырыс тақырыбымен таныстық. Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді. Қайырымдылық пен қамқорлықтан, махаббаттан, ізгілік пен игіліктен тұрады. Осы барлық қасиеттер қай адам бойынан табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз. Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет. Жасаған жақсылығымыз алдымыздан шығады. Жақсылық жасасақ өзіміз де жақсылыққа, қамқорлыққа бөленеміз. Адамзат біткен бір - біріне барлық уақытты жақсылық жасайтын болса, қоғамның болашағы жарқын адамдары бақытты болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс» деген сол.

Жүректен – жүрекке.
Балалар сіздерді жүректен – жүрекке шеңберіне шақырамын. Балалар біз бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттер туралы айтты


Тақырыбы:“ Қазақ халқының ырымдары”

Мақсатым:

Қазақ халқының ырымдарын зерттеп, мағынасын ашып көрсету.


Зерттеу міндеттері

  • Ырымдардың түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.

2. Оның қай жерлерде қолданылатынын білу.

3. Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.



Зерттеу болжамы

- Зерттеу барысында қазақтың ырымдарының түрлерімен танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.

  • Ата-бабаларымыз ырымдар арқылы бала-шағасын қауіп-қатерден, бәле-жаладан қорғап отырған


Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Ырым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Зерттеу жұмысымның барысында оқушыларға бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан ырымдарды күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.



Кіріспе бөлім

Қазақ халқы ерте заманнан б аласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Баласына дұрыс тәлім – тәрбие беру мақсатында оған ерте жастан – ақ, ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып, жаман әдеттерден тыйып отырған. Осы мақсатта тыйым сөздер арқылы жаман іске бармауын қадағалап, түрлі ырымдар арқылы жақсылыққа баулып отырған. Тәрбие берудің бұл әдісі бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Оған дәлел – менің “Қазақ халқының ырымдары” атты зерттеу жұмысым.


Зерттеу бөлімі

Ырым - халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырымның түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату сияқты ырымдар бар.

Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.

  • Жақсы ырым.

Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.

Үйдің төбесіне қарлығаш ұя салса, жақсылық болады

2. Жаман ырым.

Табалдырықты басқан баланың бойы өспейді.

Қазақ түнде мал санамайды, ол жаман ырым.

Ырымдар қүнделікті өмірде кеңінен қолданылады.

Соларға тоқталатын болсақ:


Ыдыс-аяқтарға байланысты

Киім-кешекке байланысты

Бесікке байланысты

Күн,ай,

жүлдыздарға байланысты

Мектепте 8 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым.

  • Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі.

  • Ырымдар жайында:

Білетіндер: 2 оқушы Білмейтіндер: 6 оқушы

Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді”деген ырымды білмейді екен.

Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.

Ырымдардың

қолдану аясы


Мектепте 9 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым.

  • Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі.

  • Ырымдар жайында:

Білетіндер: 5 оқушы Білмейтіндер:4оқушы

Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді” деген ырымды білмейді екен.

Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.



Бесікке қатысты ырымдар:

  • Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.

  • Бесікті сатуға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.

  • Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды.


Киімге қатысты ырымдар:

  • Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

  • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше.

  • Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым.



Ыдыстарға қатысты ырымдар:

  • Су құйылған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.

  • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

  • Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады


Ай және жұлдыздарға қатысты ырымдар:

  • Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.

  • Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар “менің жұлдызым жоғары” дейді.

  • Жаңа айды көргендер “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды.


Қорытынды

Ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде ерекше орын алып келеді. Соның ішінде зерттеу жұмысы кезінде ырымға сенбейтін бірде бір отбасын көрмедім.

Менің осы ғылыми жобамда мынандай ұсынысым бар:

  • Ырымдарға қатысты қосымша мағлұматтар жинау.

  • Қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарын жаттату.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!