Материалдар / Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Бірінші тәрбие көзі-ата-ана, отбасы ьолса, сол отбасында қандай тәрбие алсақ, үлкен азамат болғанда да сондай тәрбиенің иесі боламыз. Екінші тәрбиені –білім ордасы мектептен аламыз. Демек, мектеп пен ата-ана берген білім, тәрбие арқылы біз жан –жақт азамат, адамгершілігі мол, иманды да инабатты адам болып өсеміз. Ата – ана алдында шыншыл болып, үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата-ана мен ұстаз тілегі- сендердің жақсы азамат болып, ең жақсы азамат болып, еңбек пен оқуда биіктен көріне берулерің үлкен қуаныш, мақтаныш екен. Олай болса, осындай жақсы қасиеттер бар баланы кім дейміз?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,

Бекболатқызы Ұлпан

Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мақсаты:  1. Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

2.Оқушылардың танымдық  қабілеттерін дамыту.

1.    Оқушыларға адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді айыра білу туралы білім беру.

Көрнекілігі: слайд, кітаптар, нақыл сөдер, безендірілген бөлме.

Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік,

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тәрбие сағатын өткізуге даярлап алу.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Бірінші  тәрбие көзі-ата-ана, отбасы ьолса, сол отбасында қандай тәрбие алсақ, үлкен азамат болғанда да сондай тәрбиенің  иесі боламыз.

Екінші тәрбиені –білім ордасы мектептен аламыз. Демек, мектеп пен ата-ана берген білім, тәрбие арқылы біз жан –жақт азамат, адамгершілігі мол, иманды да инабатты адам болып өсеміз. Ата – ана алдында шыншыл болып, үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата-ана мен ұстаз тілегі- сендердің жақсы азамат болып, ең жақсы азамат болып, еңбек пен оқуда биіктен көріне берулерің үлкен қуаныш, мақтаныш екен. Олай болса, осындай жақсы қасиеттер бар баланы кім дейміз?

Оқушылар хормен. Тәртіпті, адамгершілігі мол, әдепті бала дейміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Міне сендердің мектепке келгендеріңе төрт ай болды. Мектеп қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

І. Бөлім: Біз не үйрендік?

1. Жақсы қасиет ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Біз соны үйрендік.

2. Мектепке уақытында кешікпец келу керек. Мектепке кіргенде  басқаларды итермеу керек.

3. Сыныпқа келгенде бірінші мұғалімге, содан соң сыныптастарына сәлем беру керек

4. Сыныпқа мұғалім  немесе  ата-ана, бейтаныс адам кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұрумыз керек.

5. Сабақ кезінде мұғалімді тыңдап, жан-жаққа қарамау бір-бірімен сөйлеспеу керек.

6. Отырған партанды күт, оны сызба, былғама.

7. Егер сен біреуді  байқама   қағып  кетсең немесе ренжітіпалсаң, сол жерде кешірім сұрау керек.

 ІІ. Бөлім. Не деу керек?

  1. Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең  үлкен жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп  барып жеу керек.

Хормен:  Рахмет апа деу керек.

 

  1. Балалар жүр көшеде,

Естідеді шу айқай,

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқама.

Мұндайда не деу керек?

Хормен:  Кешіріңіз  деу керек

  1. Осы келген бетіңде

Допты қудың жарыстң.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың,

Ұмыттың сен не деуді?

Хормен:  Сәлеметсіз бе деуді.

  1. Үй артында қоқсты,

Жатқан көптен үйіліп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Хормен: Көмектесейін деу керек.

ІІІ. Бөлім: Нақыл сөздер

  1. Анаңның айтқанын алтын деп ұқ,

Әкеңнің айтқанын салтым деп ұқ.

  1. Ар-ожданыңды кірлетпе,

Ата-анаңды құрметте.

  1. Ата-анаңның тілегі,адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі адал болып өскені.

  1. Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

         Шығармашылық жұмыс.
Ал енді балалар сендерге мынандай тапсырма: «Саған айтар ақылым» деп аталады. Әрқайсысың өз іні, сіңлі, қарындасарыңа ақыл хат жазыңдар.
(өзін - өзі тану пәні бойынша)
Сабақты қорытындылау.
Сабағымыз да аяқталуға жақын. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын. « Табиғаттағы барлық жылу - күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан.» - демекші мен сендерге сол күннің жылуындай бір – бірлеріңе жылу, жақсылық жасаңдар деп күннің суретін сыйлаймын.(кішкене салынған күннің суреттерін таратады.)
Жақсылық жасауға ұмтыл!



































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!