Мақсаты : Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға ,үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, ата-анаға мейірімді болуға және имандылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу .
Көрнекілігі : өнегелі сөздер ,мақал-мәтелдер, бүктемелер,альбом, қабырға газеті.
Тәрбие сағаты Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқудан басталады.
Оқытушы: Білер қазақ баласы : « Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
1-оқушы: Сәлеметсіз бе, ағай!- деп,
- Сәлеметсіз бе, апай деп!- деп,
- Есенсіз бе, әжей!- деп,
- Амансыз ба, атай!- деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Мұғалім: Жақсы сөз - жарым ырыс дейді халқымыз. Әр кезде оны есімізден шығармағанымыз дұрыс болар.
2 оқушы: Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен
Қайырлы тан деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
Қайырлы күн тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
Кеш жарық деп кіремін.
Мұғалім: Алтын ақыл
-
Үйде, мектепте, көшеде Сәлем!, Сәлеметсіз бе!, Қайырлы күн деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа
-
Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді, ал ұл балалар қыздарға амандасады.
-
Кітапханада, емханада немесе көшеде әлдекімнен жөн сұрасаң немесе өтініш жасасаң, ептеп басынды иіп сөйлес-бұл сәлемдесу белгісі.
Мұғалім: Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұңдайда не деу керек?
Оқушылар: Кешіріңіз! деу керек
- Осы келген бетінде
Допты қудың,жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе? деу керек.
- Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Оқушылар: Көмектесейін деу керек.
- Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін.
Білмейсін - ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке,
Ортаға екі оқушы шығады, біреуі - салақ, біреуі - жақсы. Жақсы оқушы мен жаман оқушыны салыстыра отыра салыстыру диаграммасын толтырады.
Оқу құралдарына, киімдерімізге, мектеп мүліктеріне, ұқыптылықпен қарауымыз керек.
Күй: Қос алқа
Мақал-мәтелдер
Әр топ оқушылары мақал-мәтелдер оқиды.
Мұғалім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деген мақалға қалай жауап береміз?
Хормен: Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдеппен!
Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз!
Мұғалім: Кітап,дәптер,қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Мұғалім: Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Үлгілі екен бұл дейміз!
Мұғалім: Саған біреулер әлдебір іске қол ұшын беріп немесе дәмді не тәттісін ұсынып сыйлап жатса, тілегіңді орындай қалса,оларға алғыс айтып рахмет деуді ұмытпауымыз керек
Мұғалім: Кейде біз көшеде жүру тәртібін бұзып, өкінішті жағдайларға тап боламыз. Сондай оқиғаның бірін мына өлеңнен байқаймыз:
Тентек сары Тұрабай
Басылмаған желігі,
Алып шықты сұрамай,
Ағасынын велигін.
Тас көшеге түсті де,
Болғанымен жас әлі,
Велосипед үстінде
Түрлі фокус жасады.
Олай-бұлай великпен.
Ойқастады, аптықты.
Тентек сары желікпен
Ұмытты әбден сақтықты.
Қоя беріп рульді,
Қолын салды қалтаға.
Естіп сол кез гүрілді,
Айқай салды жұрт оған:
-Әй, балақай, кет жолдан!
- Машина, әне, кеп қалды!
- Қағады енді!
- Бол жылдам!
Бірақ батыр кеш қалды.
Енді не амал қалады?
Сасқалақтап Тұрабай,
Ойға барып құлады,
Велигін жөн бұра алмай...
Тәрбие әлеміне саяхат
-
Сіз қонақтасыз.
-
Телефонмен сөйлесу мәнері.
-
Қалалық көліктен жүру тәртібі.
Сіз қонақтасыз.
“Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма” деп халық біліп айтқан.
1. Ескертусіз, шақырусыз бару мәдениетсіздікке жатады, себебі сіз үй иесін қиын жағдайға қоясыз.
2.Ал қонаққа шшақырған жағдайда тура айтылған уақытта барған жөн. Тым ерте барған немесе күттіріп, кеш келу
3.Кешігіп келген жағдайда, бөлмедегі бар адаммен амандасуды ұмытпаңыз.
4.Қонақта болған кезде мерекелік көңіл-күйді көтеруге жиынды қызықты, ұмытылмастай етіп өткізуге үлесіңізді қосыңыз.
5. Басқа адамдарды ренжітуден,мерекені бұзудан, шектен тыс ішімдік ішуден аулақ болыңыз.
6. Кетер мезетте үй иелеріне рақметіңізді айтып, барлығымен қоштасуды ұмытпаңыз.
7. Егер ертерек кетуге мәжбүр болсаңыз, жайлап қана үй иесіне айтып, білдіртпей қайту қажет
Телефонмен сөйлесу мәнері
-
Ең алдымен телефон соққан адам өзінің кім екенін айтып амандасуы қажет
-
Телефонға жауап беріп тұрған адам өзінің аты-жөнін айтып, амандасуы қажет.
-
Телефон сұхбаты негізінен 10 минуттан аспауы тиіс.
-
Әдетте таңғы 8-ге дейін және кешкі 8-ден кейін телефон соғып, адамдардың мазасын алу дұрыс емес деп саналады. Сонымен қатар танғы ас, түскі ас, кешкі ас мезеттерінде де телефон соғу әдепке жатпайды.
-
Басқа жерге қателесіп телефон соқсаңыз, міндетті түрде кешірім сұраңыз.
-
Бір уақытта телефонмен және тағы басқа біреумен қабаттасып сөйлемеу керек.
-
Егерде белгісіз жағдайда байланысты телефон үзілсе, бірінші телефон соққан адам қайта соғуы керек.
Көшеде кездескенде
-
Көшеде таныс адамды кездестіретін кезде міндетті түрде, ең алдымен, амандасуы қажет. Бұл жағдайда әйел адаммен және жасы үлкен адаммен бірінші болып сәлемдесесіз.
-
Көшеде әңгіме қысқа болғаны жөн.
-
Қақ жолдың ортасында тұрып алмауы керек. Адамдардың жолын бөгемеу керек.
-
Кездескен адамыңызбен сөйлесу барысында сағыз шайнау, қайта-қайта сағатқа қарау, менсізбегеніңізді сынап көрсету, асығыстықты білдіру мәдениетсіздіктің белгісі.
-
Егерде таны адамыңыздың қасында бейтаныс болса, онымен де амандасу қажет
-
Еш уақытта әдейі көрмегенісіп, бұрылып кету жақсы қылыққа жатқан емес.
-
Қасыңызда серігіңіз болса, кездескен адаммен таныстырғаныңыз жөн.
-
Сәлемдесу- үлкен мәдениет белгісі. Сәлем бергенде лауазымына, тағына қарама, адамгершілігіне табын.
Қалалық көлікте жүру тәртібі
-
Қалалық көлікте жүру әдеп пен тәртіпті қажет етеді, көлікке ең алдымен, балалар, қариалар мүгедектер мінде.
-
Қалалық көлікте тамақ жеу, ішу, темекі тарту мәдениетсіздікке жатады.
-
Көліктен түсер кезде ер адам бірінші түсіп, басқалардың түсуіне көмектесіп, жағдай жасауға тырысады.
Би кеші
Адам баласының өмірі бимен ерте заманнан-ақ тығыз байланысты. Адам қоғамының дамуымен қатар бидің де алауан түрлері, бағыттары пайда болды. Алғашқы би діни мамандық ғүрыптарға байланысты дамыды. Кейіннен бидің негізгі мағынасы ойын-сауық, көңіл көтеру үшін пайдаланылды. Вальс- бидің ерекше түрі. Негізінен ер адамдар әйел адамды биге шақырады. Би барысында ер адам биге икемділік көрсетуі керек.
Егер бойжеткеннің қасында жігіт не үлкен анасы болса, солардан рұқсат сұрауы керек. Би аяқталған соң рақмет айтыңыз. Ал, бойжеткен сәл жымиса ғана болғаны. Билеу барысында билер арақашықтығын байқау қажет. Әйел адам бейтаныспен билеуге қарсылық көрсетуге қақысы бар. Билеу барысында өлеңмен қосылып әндету мәдениетсіздіктің белгісі.
Ой толғаныс.
Әр топқа тапсырма беріледі. Жеке, жұппен, топпен жұмыс.
-
Мен әдепті баламын (эссе жазу)
-
Өлең құрастыру.
-
Үш ұл мәтіні бойынша сурет салу.
-
Үндеу тастау (кішілерге)
-
Ақ баталар
Әумин! десең маған,
Құдай берсін саған.
Он жағына қарасан
Алтыннан терек орнасын,
Еш жамандық болмасын,
Әумин!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" ( тәрбие сағаты)

шағым қалдыра аласыз