Жақсылық жан шуағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121ЖОМ» КМММерзiмі: 20.09.2018ж.

Тақырып:Жақсылық-жан шуағы Сабақ №3

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімді, қамқорлық, достық.

Мұғалiм:Мырзалиева Гаухар

Сынып: 11«Ә» Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: «Жақсылық», «Мейірімділік» құндылықтарының мәнін кеңірек түсіндіру.

Міндеті:

Білімділік: Жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып,жақсылықты жасау,оны қолдау,жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін ұқтыру.

Дамытушылық: Жақсылық,қайырымдылық жасау сезімімен адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру; ізгілік,мейірімділіктің адамның өзін-өзі дамытып тәрбиелеудегі ерекше орын алатынын түсіндіру.

Тәрбиелік: Мейірімділікке,ізгілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:Оқулық,тақта,бор,

үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар Нұр мен Махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз

Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі.

Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын ашу.

4.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушыларға әңгімелесу сұрақтарын қоя отырып,олардың жақсылық жасау туралы ойын,түсінігін,пікірін анықтау.Әңгімелесу барысында балалардың басынан өткерген,өздері жасаған жақсылықтарын айтқызудың мәні зор болады.

  • Қалай ойлайсыңдар,адам қай уақытта мейірімділікті көбірек қажетсінеді?

  • Еш ойланбастан жақсылық жасаған кезің болды ма?

  • «Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

  • Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

  • «Жақсылығың алдыңнан шықсын» деген халық ұғымы нені білдіреді?



Пікір-талас

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тапсырманы балалар жекелей немесе топпен орындауларына болады.Оқушылар ереже түзу барысында пікірлесіп,ой толғайды.

«Жақсылық ережесін» түзіңдер.

Үлгі:-Жақсылықты ақылмен жаса.

Жасаған жақсылығыңды міндет етпе...


6.Топпен ән айту.

Ақ ниетСөзі Т.Әлімбектікі

Әні Н.Сәрсенбаевтікі


7.Үй тапсырмасы.

З.Ахметованың «Шуақты күндер»мәтінін оқу.



8.Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Жаймен көзімізді ашамыз. Рахмет

Сау болыңдар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1044
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі