Жақсылық жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға күнтізделік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:


Уақыты:12.05.17ж

Кабинет: 129

Арнайы сыныптар

Мұғалім:

2 «В» Бакишева Ж.Т

3 «В» Сейдикеримова А.К

Сабақтың атауы:

Жамандық пайда етпейді, 
Жақсылық зая кетпейді


Мақсаты:

Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 
Жақсы істер жасай білуге, қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы 
Әдісі: Әңгімелеу, пікір алысу, сұрақ – жауап

Көрнекілік: АКТ,слайд,жүрекшелер

+Психологиялық ахуал:1мин.

Көңілді сәлемдесуге шақырамын. Шеңбер бойынша мұғалім қасында отырған  оқушының алақандарына өзінің алақандарын қойып, оның атын және  бір сипатын айтады.

Мысалы: әдемі – Арайлы. Енді  осы  оқушы келесі оқушының алақандарына өз алақандарын қойып, оның аты мен сипатын айтады. Осылай соңғы оқушыға дейін тапсырма орындалады. Соңында барлығы бірге ортаға қолдарын созып «Сәлем» - деп хормен айтады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ой-толғаныс:

1мин.

Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңімен бастағым келеді.

Өзіңді тану 
Жақсы болу – болу өзіңнен,

«Мен қандаймын?» деп ойла, 
Жаман – болу өзіңнен.

Өзіңді өзің қолыңа ал, 
Өзіңді өзің ая да,

Өзіңсің – ақыл айнасы. 
Өзің үйрен, өзіңнен.

Тиеді саған мәні бар 
Жақсылық көрсең біреуден,

«Өзіңді тану» пайдасы. 


«Жақсы болу – өзіңнен, 
Жаман болу - өзіңнен » ,
- деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар? 
Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден,

« Мен қандаймын ?» деп ойла деген сөзіне көзқарастарың қандай? 
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады және сабақ тақырыбымен таныстырады.
Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады.




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.





Жана сабақ:

35-40мин.




























































Сергіту сәті: 1мин.














Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :

« Жамандық пайда етпейді, 
Жақсылық зая кетпейді
» 

-Ал енді, мына видиороликтен үзінді тамашалайық.

Мұғалім: Балалар, бұл жерден қандай құнды қасиеттерді  көрдік?

- Жақсылық жасау дегеніміз- өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады.

Мақал-мәтелдер

1.Асыңа тойғызбасаң да, 

Ақ ниетіңе тойғыз.


2.Кең болсаң, кем болмайсың.


3.Қолы ашықтың, жолы ашық.


4.Түріне қарама, қасиетіне қара.


5.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.


6.Кең болсаң, кем болмайсың.


7.Жамандық пайда етпейді, 
Жақсылық зая кетпейді. 

Тапсырма: № 1
Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі ертегіден үзінді беріледі. Балалар ертегі жолдарын жалғастырулары тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып ертегіні жалғастырып айтады. 


I топ. Қарлығаш пен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. 
Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ........... 


II топ. Мысық пен тышқандар 
Мысық пен тышқан ежелден-ақ біріне – бірі өш болыпты. Бір күні мысық іздеп барып, тышқандарға жар салады.

- Бұдан былай, араздылықты қоялық, тату-тәтті өмір сүрелік!

Сол үшін біздің ауылға келіңіздер, құшақ жайып қарсы аламыз,сый-сияпат көрсетеміз....................



- « Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын » - деген екен халық. 
Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейді. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер. 

Музыкаға билеу.

2. Тапсырма: «Көмектесе білейік»

Нұсқау: Әр топтың алдында кесте парағы және жұмыс конверті жатады. Шеңберлерде  «Жанұядағы көмек», «Достық көмек» көмектесудің түрлері жазылған. Ал, конверттерде тақырыпқа қатысты сөздер карточкаларда жазылып, араластырылып беріледі. Топтар ақылдасып, өз тақырыптарын ашатын сөздерді тауып, шеңбердің айналасына жабыстырады.

«Жанұядағы көмек» деген конвертте: өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды ойнатамын, анама көмектесемін, бос уақытымда кітап оқимын, ыдыс жуғанды жақсы көремін, гүлге су құямын, далада көп ойнаймын, сабақтан бестік баға алып ата-анамды қуантамын, ата-анамды тыңдаймын.

«Достық көмек» деген конвертте. Досыммен жиі ұрысамын, досым екеуміз қиын сабақты бірге оқимыз, достарыммен әрдайым тату жүремін, достарымды жақсы көріп, сыйлаймын, жалғыз ойнағанды жақсы көремін, достарым көп болғанын қалаймын, досыма қиындықта көмектесуге дайынмын.



Сабақты пысықтау: 1мин.











Қорытынды:1мин.



-   Балалар, бүгін біз  сабақты  достық, қамқорлық, көмек, жақсылық туралы тапсырмалар орындадық.

Сұрақтар:

- Айналаңызға көмек көрсеткенде сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

-  Көмек алған адамдар не сезінеді? (оқушылардың жауаптары)


Жүректен жүрекке 
Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған жүрекше үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісіне жақсы тілек айтып, сыйға тартады. 

Балалар өз ойларын білдіреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
696
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі