400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жасау-парасаттылық пен имандылықтың көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
жақсылық жасауға түрткі болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Жөнелбек Мөлдір Серікқызы

Тақырыбы:Жақсылық жасау-парасаттылық пен имандылықтың көрінісі

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытып жүрген жандар жоқ емес. Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу бізге бір қиын секілді көрінеді. Ол үшін арнайы уақыт бөліп, өзге дүниені ұмытуға тура келетіндей. Ал кейде тіпті жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз. Көңілі ақ, адал адам бола білу тым қиын дүние емес екенін айтқым келеді. Соған мысал ретінде велошабандоздардың Австралияда өткен реткі жарысында қатысушылар әбден шөлдеп, жарыс жолына шығып алған коалаға жарысқа қатысушылар су беріп жақсылық жасаған. Сол сәтте далада 40 градус ыстық болған екен. Кейінірек Нью-Йорк полицейі Ларри Депримо Тайм-Скверде кезекшілігін атқару кезінде көшедегі бір шарасыздың аяқ киім көлемін сұрап алады. Бірер уақыт өткен соң ол қыстық аяқ-киім алып, замандасына ұсынады. Ұсынып қана қоймай, шұлығымен бірге кигізеді. Көшеде кетіп бара жатқан бір әйел бұл істі көріп қалып, суретке түсіріп алған. Әлден уақытта бұл сурет Facebook бетінде пайда болды. Сол секілді айналамызда қаншама қайырымды жандар бар. Сол жандарға өте ризамын. Осы сәтте алысқа бармай ақ өз ауданымыздың халыққа жасап отырған жақсылықтарын да атап өткім келеді. Жамбыл ауданы бойынша 156 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Ауданымыздың белді азаматтары демеушілік танытып осы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жылына 2 рет киіммен қамтамасыз етіп отыр. Ауданымыздың қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманына және аса мейірімділік танытып отырған жанашыр демеушілерге алғасым шексіз.

«Жақсылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, мейірімділік таныту. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Бірақ жасаған жақсылыққа ешқашан да қайтарымын сұрамау керек. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Мысалы мектептерде ата-ана қамқорлығынсыз қалған немесе жетім балалар бар. Соларға мектеп тарапынан үлкен қолдау қажет. Сынып детекші және әлеуметтік педагог,психолог мамандары өз баласындай мейірімін бөлеп, қамқорлық таныту керек. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.

Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ,  «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғасытырылып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.Мейірімді болайық!Қолдан келген жақсылықты аямайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі