Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Жақсылық меннен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ББ-Б-20 тобы,

Қаршығақызы Гүлнұр



Жақсылық меннен басталады (эссе)

Жақсы адам-елдің ырысы, жақсы сөз- жанның тынысы”-, дейді дана халқымыз. Жақсылық- адамгершілік пен арлылықты сиппатайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің барлығы жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат- мүддесі мен арман-тілегіне, болашақтан жарқын үміт күтуіне сенімін білдіреді.

  Жақсылық- меннен басталады. Біреуге жақсылық жасасаң ол күндердің күні өзіне екі есе қайтып келеді. Жақсылық жасау арқылы- басқаларға қуаныш сыйлай аласың. Ол үшін материалдық жағдай еш маңызды емес. Көмегіңмен, сөзіңмен , ақылыңмен-ақ біреуге көмегін тиіп кетуі әбден мүмкін.

Жақсылықтың үлкен кішісі жоқ. Және жасаған жақсылығыңды еш міндетсінуге болмайды, әйтпесе оның арты қайырымсыз болады. Біреудің жүзіне күлкі сыйлап, сен арқылы қуанғанының өзі- бір бақыт емес пе?!

Қайырымдылық- қайырлы іс. Біреуге көмектесу арқылы өзімізге мол сауап жинаймыз. 2020 жыл-еріктілер жылы болды. Мен де еріктілер қатарына қосылғым келіп, мектепте сынып болып “Мейірімділер” тобын құрдық. Бұл ұйым барысында біз әр сәрсенбі күні мектеп ауласындағы қарт кісілердің ауласын тазартып, басқа да керек заттарына қолымыздан келгенше көмектестік. Оның есесіне біз ата-апаларымыздың үйіп- төгіп батасын алдық, тәтті бауырсақтарынан ауыз тидік. Және біз еріктілер ретінде мектебіміздегі бастауыш сынып оқушыларының сабағына қосымша көмектестік, оларды іс-шараларға дайындап, би үйретіп, өлең жаттатқыздық. Балалар бізді аға-әпке деп мектепте көргенде алдымыздан шығып, жүгіріп кеп құшақтайтын.

Сондай-ақ, ата-анамыз бен мұғалімдерімізбен ақылдаса, келісе отырып, демалыс күні қаламыздағы “Талсуат-балаларды оңалту орталығына” барып, өзімізбен қатар, бірақ мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысып, олардың көңілін көтеру үшін ән айтып, би билеп, оларға ойын ұйымдастырып, көңілдерін ауладық. Одан бөлек оларға қызықты кітаптар мен жаңа дәптер мен оқу құралдарын сыйлап, жақсы оқуға шақырдық. Балалар риза болды, оны көрген біз де, апайларымыз да қуанып, осындай жақсы іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұруды жөн көрдік.

Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады. Жүрегі жылуға толы, жақсылық жасауға жаны құмар жандар әрдайым көпшіліктің алғысына бөленіп, бақытқа кенеледі.

Биыл еріктілер жылы аяқталды, дегенмен біздің сыныбымыз өз жұмыстарын тоқтатпапты. Жақында олардың суреттерін мектебіміздің “Facebook” әлеуметтік желісінен көріп қалдым. Дәл сол кезде мен сыныптастарым үшін қуанып, олардың жасап жүрген жақсылықтарын көріп, “Мынау менің сыныптастарым ғой” деп толқып, оларды көргеніме қатты қуандым. Яғни, олар әлі де жақсылық жасауларын тоқтатқан жоқ. Мен де “Еріктілер” тобының мүшесі едім. Бірақ қазір колледжге кетіп қалған соң, олардың қатарынан шығып кеттім десем де болады. Мен сыныптастарымды әрқашан қолдаймын, жұмыстарыңа сәттілік тілеймін және көмегім қажет болса көмектесуге әрдайым дайынмын. Бос уақытымда мен де оларға қосылып, мен де жақсылық жасағым келеді.

Есіңде болсын, жақсылық жасаудан қашпа, қорықпа, жақсылық сеннен басталады, осыны есіңнен шығарма. Жақсы сөз айт, жақыныңды қуант, солайша айналаңды бақыт пен шаттыққа толтыра аласың!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12