«Жақсылық пен
Жамандық»
(ертегіге
көрініс)
Кейіпкерлері:
-
Автор
-
Жақсылық
-
Жамандық
-
Бай
-
Байдың
қызы
-
Түлкі
-
Арыстан
-
Қасқыр
Автор:
Бұрынғы өткен заманда
Жақсылық, Жамандық атты екі адам
болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан
бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын
білісіпті. Ол келген Жақсылық екен.
Жамандық:
- Жақсылық, сен мені артыңа
мінгестіре кетші
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз
жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан
соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін.
Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек
атқа қиын соғар,
(Жамандық атқа мініп, кетіп
қалады)
Автор:
Жамандық атқа мініп алып, сол
кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете
беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір
күркезге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір үлкен қазан
асулы тұр екен.
Жақсылық:
«Айдалада қайнап тұрған не
қылған тамақ? Дәм татайын»,
(бір саусағының ұшын
батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады. Бір уақытта
қасқыр, түлкі, арыстан - үшеуі келіп, күркезге
кіреді)
Түлкі:
- Ойбай, мына тамақтан біреу
жепті!
Қасқыр мен арыстан
:
- Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл
жер?
(түлкі сөзді доғарып, үшеуі
отырып тамақ ішіп, әңгімеге
кіріседі.)
Арыстан мен
қасқыр:
- Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не
білдің?
Түлкі:
- Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген
байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың ортасында, бір сүйем
жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап
келемін,
Қасқыр:
- Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында
үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: ол байдың ауырып
жатқан бойжеткен қызы бар, қандай ем қылса да жазылмайды және оның
емін ешкім білмейді. Бірақ мен білемін: ол қызды жазатын ала тоқты.
Ала тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тагы да ол бай жар
салган: «Кімде-кім осы қызымды емдеп жаз- са, соган осы қызымды
беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып
айта алмайды да
Арыстан:
- Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының
біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және
маған оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір-ақ тайы
бар. Ол тай пәлен тоғайдағы жылқының ішінде. Сол тайдан басқасынан
мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім
менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір
жылқымды беремін», - деп.
Автор:
Олар әңгімелерін аяқтап,
ұйықтап қалады да, азаңнан тұрып, бет-бетіне
кетеді.
Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып,
адам емдеуші боп, байдікіне келеді. Бай оның түріне қарап: «Осы
емші шыгар», - деп ойлайды.
Бай:
- Жоғары шық!
(Жақсылық
отырады)
Бай:
- Қызыма бал ашып бер!
Жақсылық:
«Мақұл»,
(қызға
қарайды)
Жақсылық:
- Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар гой! Әкел
анау үлкен ала тоқтыны. Мұның ауруы соның
өкпесінде,
Бай:
Дереу сойыңдар анау үлкен
тоқтыны! Өкпесін мұнда алып
келіңдер!
(Байдың үйіне табақпен өкпені
әкеліп, қызға жегізеді)
Қыз:
-әке, менің сырқатым жазылған
секілді!
Бай:
Жақсылық қызды алып,
сахнадан шығып кетеді
Шымылдық
жабылады.
Жақсылық қайтадан байға
келеді
Жақсылық:
- Мен сізге арыстанды ұстап
берсем, сіз маған не бересіз?
Бай:
- Егер ұстап берсең, саған бір
үйір жылқы беремін
Жақсылық:
-Жарар!
Жақсылық ала тайды ұстап алып,
арыстанды күтіп тұрады.
Арыстан келіп, жылқыны алып қаша бергенде,
Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды ұрып жығып, байдың
бір үйір жылқысын алып, келген жолына
түседі.
Арыстан:
-Ай, құлың боп кетейін, маған
тимеші!
Жақсылық:
-Байдың жылқысын неге
ұрлайсың? Жүр, қане, сені байға
апарайын!
Бай:
-Бәрекелді! Енді бір үйір
жылқы сенікі болсын!
(Сахнадан арыстан, бай,
Жақсылық шығып кетеді) Сахнада көңілді әуен
ойнайды.
Автор:
Неше ай, неше жылдар
өткенде,
бір күні бұған Жамандық келіпті. Жақсылық Жамандыққа қараса,
үсті-басында түк жоқ, қайыршы, дуана секілді
екен.
Жамандық:
- Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп,
мүндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл
мал-мүліктерді қай жақтан таптың?
Жақсылық:
- Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық
істегенмен, мен саған жақсылық істейін,
- Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет.
Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек
бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат.
Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай
бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай
боласың,
Жамандық:
«Жарайды,»
(Жамандық баяғы күркеге
барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен,
қызығып кетіп, шыдай алмайды)
Жамандық: «Мына бір жілігін
жейінші»
(еттен жеп, сорпасынан да,
бес-алты рет ұрттап алады. Үйдің төбесіне шығып
жатады. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр - үшеуі
күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала
айқай
салады)
Түлкі:
- Ойбай, мына еттің тоқпақ
жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу
жепті!
Арыстан мен
қасқыр:
- Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме
еді?
Түлкі:
- Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс
көрейінші
(Түлкі жатып қалады
да,біраздан соң қайта тұрады)
Түлкі:
- Осы күрке үстіне шығайықшы,
сонда бір пәле бар секілді
(Бұл сөзін қасқыр мен
арыстан да мақұл көріп, түлікі төбеге
шығады)
Жамандық
:
Арыстан мен
қасқыр:
(Үшеуі Жамандықты қуып,
сахнадан шығып кетеді)
Автор:
Сөйтіп, Жақсылық жақсылығынан
өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа
жем болыпты.