Жақсылықпен жаным дос.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылықпен жаным дос.

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нәтиже көзі – ізденіс.


Э.К.Джабыкбаева

Тараз қаласы,

54 орта мектептің

шағын орталық тәрбиешісі.


Жақсылықпен жаным дос.


Мақсаты: «Жақсылық» қасиеттінің мәнін ұғындыру.

Міндеттері: Балалардың жақсылық жасаудың маңызылығы жөніндегі

түсініктерін кеңейту: Жақсылық жасау, іскерліктеріне

баулу, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, бейне таспа, үнтаспа.

Шаттық шеңбер.

Таң атты: - Қайырлы таң! – деп.

Күн шықты: - Қайырлы таң! – деп.

Жел есті: - Қайырлы таң! – деп.

Қайырлы күн!

Жақсылық баршаңызға!


Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жақсылықпен жаным дос» деп аталады. Қазір, баршамыз бейнетаспадан «Қозы мен қосақ» жақсылықты қалай іздеді? «мультфильмін көреміз


Әңгімелесу кезеңі.

  • Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттер жақсылыққа жетелейді.

  • Жақсылық жасау дегеніміз не?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?

«Мейірімді жүрек» ойыны.

Балалар ойын түрінде адамның адамды жақсы көруі, бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қайырымдылық, қамқорлық көрсетуі, бірін-бірі сыйлайды, өздерінің істеріне жауапкершілікпен қарауы, уәдесінде тұруы, қашан да шындықты айту сияқты көріністерді бейнелеп береді.


Сахналау. «Дүние неліктен жақсы?»


Автор: Балапан Қараторғай қанаты бекіп, қатайған соң ұшуды үйренеді. Айналасына сүйсіне қарап:

  • Жарық дүние неліктен жақсы? – деп сұрайды.

Күн: Барлығымыз да әйтеуір бір жақсылық істейміз, сондықтан жақсы.

Қараторғай: Күн, сенің қандай жақсы ісің бар?

Күн: Мен бе? Мен адамдарға жарық пен жылыу беремін. Ал, өзің не істейсің?

Автор: Қараторғайдың балапаны әлі ештеңе істеуді білмейтін еді, не айтарын білмей абыржыды.

Қараторғай: Жарық дүние неге сонша жақсы, ә?

Жауын: Жақсы болатын себебі, бәріміз қолымыздан келген бір қайырымдылық жасаймыз.

Қараторғай: Жауын, сен қандай жақсылық жасайсың?

Жауын: Мен дүниедегінің бәрін тазалап жуамын және таза, сумен сусындатамын. Сен өзің не істейсің?

Автор: Балапан Қараторғай тағы да қатты ұялды.

Қараторғай: Жарық дүние неге жақсы?

Тоқылдақ: Бәрімізде бір жақсылық жасаймыз. Сондықтан, ол жақсы болады да.

Қараторғой: Сен өзің кімсің? Қандай жақсылық жасайсың?

Тоқылдақ: Менің атым – Тоқылдақ. Зиянды құрттар мен қоңыздарды жеп, ағаштарды олардан қорғаймын. Сондықтан мені орман санитары дейді. Өзің не істейсің?

Автор: Қараторғай не дерін білмеді. Қараторғай қайтіп шыдасын, тағы да шиқылдады.

Қараторғай: Бұл дүние не сонша жақсы?

Автор: Балапан Қараторғай: «Ұятқа қалмау үшін не істеуге болады өзі? Деп ойға батты. Кенет, ол өмірі айтып көрмеген бір әдемі сазды әуенге салып, әндете-сайрай жөнелді.

Барлығы: Қандай тамаша!

Қараторғай: менің бәріңе ұнаған екен, ендеше, мен де жұрт үшін жақсылық жасай алады екенмін.

Слайд көрсету: Интерактивті тақтаның көмегімен адамдардың қамқорлық істері туралы слайдтар көрсетіледі.

Өзімен-өзім: - Балалар, бір сәт тыныштық сақтап, ыңғайланып отырып алыңдар. Тұла бойларының жақсылықа толғаның сезінуге ұмтылыңдар. Жақсылық жасаудың ғанибет екенін түсініңдер.

Дәйексөз: «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, қуанышқа бөлейді. Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгене бір-біріне жыл, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Қорытындылау:

Жүректен жүрекке. Өлең жолдарын оқиды.

Мен тілеймін, жарқыным, сен де тіле.

Орнасын де жақсылық жер бетінде.

Мен сағынсам, сендағы сағын, жаным,

Тек жақсылық адамнан табылғанын.

Барлығы «Айналайын» әнін үнтаспаға қосылып орындайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.08.2018
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі