|
Сабақтың
басы
|
Барлығымыз да бірлік пен
татулықты ту етіп, ұлттық рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне үлес
қосатын азамат болып өсулерің
керек.
Т
Мен
кіммін?
оптастыру. Сол азаматтардың бірі – сендерсіңдер,
еліміздің болашағымызысыңдар!
(Осы орайда «Мен кіммін?»
деген сауалға өз ойымызды ортаға
салайық).
«
Мен» тұлғасын тәрбиелеу – өзекті
мәселе. Осы
тұста, сөз патшасы – Абай есімі еске оралады. Ол өзінің қара
сөздерінің бірінде қайрат, ақыл, жүрек – үшеуінің ғылымға
жүгінгенін, айта келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруға үшеуінің
бірлігі керек екенін айтты емес пе?! Қайрат – білімді игеруге,
ерінбей, жалықпай, ізденіп орнына келтіру менің ісім десе, Ақыл:
пайдалы іс болса, не залалды іс болса білетұғын – Мен, сенің
сөзіңді ұғамын – Мен.
Менсіз ештеңе бітпейді
дейді. Ал жүрек болса, мен адам баласын алалаймын
депті.
Сонда Ғылым: үшеуің күш
біріктіріп, бір тұлғаның бойынан табылсаңдар нағыз қасиетті адам –
сол деген.
Адам өмірінің мәні – сол
өмірде бастан - аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің,
сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден
айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам
болып қала білу, қандай да бір шым – шытырық, қиын-қыстау
жағдайларда да адамдық тұрғысынан талмай, өз кісілігіңді байыту,
кеңейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй
кешу.
Әр адам өз кезінде толыққанды
өмір сүріп, бақытты бола алады, бұл оның ақыл-ойына, қайрат –
жігеріне, өмірге деген құлшынысына, кісілік тұғырына
байланысты. Адамның бақыты, кісілігі, тіпті тектілігі де туа
бітетін, әлдебір сырттан жұға салатын, оп-оңай беріле қалатын нәрсе
емес, мұның бәрі де тек адам жанының күйзелуімен, тынымсыз
ізденумен келетін, бекитін және баянды болатын құндылықтар.
Жақсылықты өз бойына дарыта білу, оны сақтап қана қоймай арттыра
білу: іздену – адам жанының қажымай-талмай еңбектенуі арқылы ғана
мүмкін болады. Сондықтан адам өмірінің мән–мағынасы – осы өмірдің
өзі берілген өмірді лайықты дәрежеде өткеру; әркім өз өмірінің
мән-мағынасын өзі қалыптастырып, лайықты мазмұнға толтырып,
жауапкершілігін өз мойнымен өзі көтеруге
тиіс.
|
|
|
презентация
|