"Жарасымды киім" 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жарасымды киім" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған 5-сыныпқа арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:қазақ тілі

Мектеп: Қ. Сәтпаев атындағы ЖОМ


Мұғалімнің аты жөні: Искендирова Перизат

Сыныбы : 5



Сабақтың тақырыбы:

Жарасымды киім

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(5. О2 ).Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдің айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, сөйлеу стильдерін емлелерін ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін

қатыстырып сөйлем құрайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ауызекі сөйлеу стилін жазба стильге айналдырып жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сөз тіркестерін ажыратады.

Диалог құрайды.

Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стильді ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Стиль. Шынжыр шалбар. Джинс. Кэжуал.

Диалог құруға /эссе жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша, қорытындылай келе ...т.б.

Ең алдымен. Ең бастысы. Жарасымды киім . Қарапайым. Жарнама . Шүберек .

«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»

Соңгы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »



Талқылауға арналған сұрақтар:












Не себепті .....деп ойлайсыз?

Жас ерекшеліктеріне қарай киім кию жарасымды көрінеді

Алдыңғы білім

5.Т/А 4. Киім стилі мен сән үлгісін біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы


1.Жағымды ахуал тудыру.

2. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Жаздық киім, қыстық киім, күздік киім үлгісі бар қиылған суреттерді біріктіру арқылы топқа бірігеді.



Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Киім суреттері


Интернет желісінен





Сабақтың ортасы



Ширату жаттығуы: «Артығын алып таста» әдісі. Оқушыларға сәнді киімдердің суретін көрсетіп, сабақ тақырыбымен байланысты сөздер беріледі. Сәнді киімге қатысты сөздерді анықтайды.

Оқылым алды тапсырмасы:

Тақырыпты ашу мақсатында жетелеуші сұрақтар беріледі.

1. Сендер қалай киінуді жөн көресіңдер?

2. «Стильді киіну», «талғамы биік» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Маусымға лайық киінбеуден қандай қолайсыздықтар туындауы мүмкін?

Тұжырымдамалық картамен жұмыс.


Әрдайым

сәннен қалмауға

тырысу керек пе?






«Миға шабуыл»

«Артығын алып таста» әдісі








Тұжырымда

малық карта































































































Жеке, жұптық тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Мәтінді түсініп оқып, «Сөздік кестесі» графикалық органайзерге түйінді сөздерді жазып, өз жұптарыңмен салыстырыңдар.

Ең алдымен, «бұл сәндегі киім» деген сөзді ұмытуымыз керек. Сұлулық дегеніміз – өзіне жарасымды, ыңғайлы, ерсі емес киіну. Ең бастысы, киім денеге қонымды болуы керек.

Құрбылармен қыдырғанда, туған-туыстарымыздың үйіне барғанда кеудеше денеге тым жабысып тұрмағаны жөн, бұл еркін қозғалуға мүмкіндік береді және гүлді бояуы болса, нәзік көрінуге мүмкіндік береді. Шынжыр баулы сөмкені көйлекпен де, кэжуал стиліндегі киіммен де ұстауға болады. Джинс шалбар да өз кезегінде барынша ыңғайлы.

Алқызыл түсті сәнді көйлекті күнделікті тұрмыста немесе қонаққа барғанда кию мүм- кін емес. Бірақ концертте өлең айтуға, той-томалаққа киіп баруға әбден болады.

Гүлді киім киген кезде сөмкенің бір түсті болғаны жөн. Бір түсті кеудеше мен белдемшені сабаққа, ресми мекемелерге киіп баруға болады. Бірақ таңдау қысқа белдемшелерге түсе бермейді.

Сонымен қатар күз мезгіліндегі ауа райын ескеріп, түрлі жеңіл бас киімдер киіп, мойынорағыштар тағуға болады.

«Сөздік кестесі»

Түйінді сөздер

Мазмұны





Дескриптор

-мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.

-жұбының жұмысымен салыстырады.

-қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.




Оқылым кезіндегі топтық тапсырма:

Берілген ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтінді жазба стильге айналдырып жазыңдар. Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стилдің арасындағы айырмашылығын «Венн диаграммасы» графикалық органайзерге ажыратып көрсетіңіздер.

Жәудір:- Назым, кешегі «Лиза» журналын оқыдыңыз ба?

Бота:- Не боп қапты, Жәудір?

Жәудір:- Журналдың төртінші бетін ашыңызшы.

Бота: -Иә, аштым.

Жәудір: -Қай жарнамаға көзіңіз түсті?

Бота: -Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер бар екен!

Жәудір:- Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық! Бұл көйлектер бізге жарасымды болатынына сенімдімін.

Бота:- Жоқ. Бүгін бара алмайм.

Жәудір:- Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.

«Венн диаграммасы» әдісі


Ұқсастығы

Ауызекі

сөйлеу стилі



Жазба сөйлеу стилі








Дескриптор:

- Ауызекі сөйлеу және жазба стильге тән ұқсастығын біледі.

- Орфографиялық норманы сақтайды .

- Тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Мұғалімнің кері байланысы: Оқушыларға түрлі түсті стикерлер арқылы кері байланыс беру.


Оқылымнан кейінгі жеке тапсырма: «Адасқан сөздер» әдісі арқылы бағанадағы сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

К иімді

көркі

әдемі

киінуге

үйретеді

Адам

д ұрыс

ж арасымды

б ілу

өнер

Әншілер

адамды

кие

деген

халқымыз

Дизайнерлер

киіміне

шүберек

киімді

шығады

Әрқашан

сахнаға

адам

көйлекпен

алады

Адамды

киінген

лайық

әдемі

ки

Қарапа

йым

өзіңе

қарап

қарсы

көрінеді

Дескриптор:

1.Бағанадағы сөздердің орын тәртібін біледі.

2.Кестедегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.


АКТ

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

«Арман-ПВ» 5-сынып





























«Сөздік кестесі» әдісі






«Арман ПВ» 5 -сынып






















«Венн диаграмма

сы» әдісі















«Адасқан сөздер» әдісі









Сабақтың соңы





Үйге тапсырма

«5-5-1» әдісі арқылы оқушылар нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. «Бумеранг» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.

«Жарасымды әрі талғаммен киіну үшін не істеу керек? тақырыбында эссе жазу.

«5-5-1» әдісі

Кері байланыс


О қушылар сабақтан алған әсерін «Рефлексия пирамидасы» кестесіне жазу арқылы кері байланысжасау.




Еске сақтау керек

маңызды бір нәрсе



Сіз көбірек білгіңіз

келетін екі нәрсе



Сіз бұрыннан білетін үш нәрсе


Сіз үйренген төрт нәрсе





«Рефлексия пирамидасы» әдісі
















Қосымша ақпарат


Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыс

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс



Қызығушылығына байланысты саралау.





- Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды.

-Ауызекі сөйлеу және жазба стильдің айырмашылықтарын ажыратады.

-Сөздердің жазылу емлесін біледі.

Әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану, информатика.

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, ұлттық киім үлгілерін қастерлеуге жетелеу.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2018
1877
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі