Жаратылыстану "Аквариумдағы алтын балықтар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану "Аквариумдағы алтын балықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аквариум және балықтар туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы:Таным

Бөлімдері: Жаратылыстану                                                               

Тақырыбы: Аквариумдағы алтын балықтар

Мақсаты: Аквариум және балықтар туралы түсінік беру. Ұсақ қол қимылдарын, ойлауын, сөздік қорын дамыту. Балықтарға қамқорлық жасауға, сүйіспеншілік сезімдерін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер:  аквариумдағы балықтар, балық суреттері, магнитті қармақ, бояулар, ақ қағаз.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 

Балалар, қайырлы таң. Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

- Ендеше, шаттық шеңберіне тұрайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз.

Жайнай түсті даламыз.

  Көңіл-күйіміз көтеріңкі, жақсы


 

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, балалар. Ал сендер айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілінің ерекшелігін айтайықшы

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын тауып көріңдер.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Қанаты жоқ ұшпайды

(балық)

Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметімізде балықтар туралы білетін боламыз.

Ал сендер, балықтың қандай түрлерін білесіңдер?

Балықтар- негізінен суда тіршілік етеді. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады.

Сендер балық аулап көрдіңдер ме?

Бүгін біз балық аулайық. Ол үшін бізге не керек?

Дұрыс айтасыңдар балық аулау үшін қармақ қажет.

«Балық аулау» ойыны.

Енді мен сендерге аквариум туралы айтып берейін.

Балалар, мына шыны ыдыс аквариум деп аталады. Мұнда балықтың түрі көп. Олар үнемі адамның қамқорлығында болады. Аквариум техникалық құралдармен жабдықталған. Онда арнайы жылытып, жарық түсіретін құрал болады. Балықтарға адамдар жем береді. Оны арнайы дүкендерден сатып аламыз. Аквариумдағы балықтардың дене бітімі кіші болады. Оны адамдар тағам ретінде қолданбайды. Аквариумдағы балықтардың түсі әртүрлі болады.

Ал, сендер балық туралы тақпақ білесіңдер ме?

Сергіту сәті:

Біз жүреміз көл астында,

Біз жүреміз көл үстінде

Жүземіз оңға, жүземіз солға

Шоршимыз анда-санда.

Балалар, біз бүгін аквариумдағы балықтарды өзіміз салып көрейік.

-Алтын балықтың түсі қандай?

-Сары

Алдымызда тұрған табақшадағы бояуға алақанымызды батырып, ақ қағазға алақанымызды қоямыз. Енді жасыл бояуға саусағымызды батырып, жасыл шөптердің бейнесін жасаймыз. Біздің алақанамыз неге ұқсады?

Балыққа.

Жарайсыңдар.

Балаларға көмек беру. Жеке баламен жұ мыс

  Қыс мезгілі.


Қыста қар жауды. Күн суытады.









Балалар өздері білетін балық түрлерін айтады











Қармақ.



















Қармақ салсаң қазанға,

Бар өзенге азанда

Оңайлықпен сазанның.

Түскісі жоқ қазанға.


Айқайлама, ұрыспа

Тіпті ақырын тыныста

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.


Рефлек

сивті-түзетуші

лік

  Балалар бүгін біз қандай жануармен таныстық?

Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендерге көп рақмет.

 

Балықпен

Екеуі де суда өмір сүреді. Судағы балық теңізде , көлде өмір сүреді. Ал аквариумдағы балық адамдардың қамқорлығында болады. Шыны ыдыста өмір сүреді.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балық түрлерін, адамға пайдасы туралы;

Игерді: балық суда өмір сүреді. Аквариумдағы балыққа қамқорлық жасау қажеттігін;

 Меңгерді: балықты бейнелеуде алақанмен сурет салуға дағдыланады.

Қортынды:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
1352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі