Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жаратылыстану апталығының сыныптан тыс сабағы 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
« Жаратылыстану ғажайыптары» білім сайысы. 8 - 10 сынып
Білім сайысының мақсаты: Химия, биология, география пәндерінен алған білімдерін
байқау, алғыр, білімді оқушыларды анықтай отырып, пәндердің өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін білуге үйрету. Оқушылардық білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.
Ойынға қажетті көрнекіліктер: сандықша, сұрақ салынған конверттер, интерактивті
тақтадан сурет слайдтар (алтын адам, тайқазан, лампочка,
термометр т.б.)
« Нұрлы жол - болашаққа бастар жол » “Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Қазақстанның үшінші жаңғыруында бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Қазақстанның үшінші жаңғыруы-елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі” Н.Ә.Назарбаев.
Ойынға қатысушы топтар: 8 сынып, 9 сынып, 10 сынып
-
Сайыс кезеңдері: « Сәлем - сөздің анасы » топтық таныстыру.
-
« Әрі қарай » пәндер бойынша сұрақ-жауап.
-
« Мен білемін » биологиялық қызықты сұрақтар.
-
« Қанат қақты » география пәніне арналған қызықты сұрақтар.
-
« Сиқырлы конверт » химиялық қызықты сұрақтар.
-
Қорытынды.
II. « Әрі қарай» пәндер бойынша сұрақ-жауап.
І топ сұрақтары: 8 «а» сынып.
1.Жердің шегінен тысқары дүниені не деп атайды? (Ғарыш)
2.Жер шарында қанша дүние бөлігі бар? (6 дүние бөлігі, атаймыз)
3. Жердің жалпы ауданы қанша? (510 млн км2)
4.Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не деп аталады. (Өзен арнасы)
5. Тыныс алу
мүшелерін ата. (Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхы,
өкпе)
6. Жүрек қабаттары. (Эпикард, миокард,
эндокард)
7. Жүйке жасушасы. (Нейрон)
8.Адам анатомиясы дегеніміз.(Ағзаның құрылысы мен жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым)
9. Тұздың суда еруі. (Физикалық қасиет)
10. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің түсімділігін арттыратын химиялық зат не деп аталады? (Тыңайтқыш)
11. Заттың өзгеруін зерттейтін ғылым? (Химия)
12. Химиялық реакцияға қатыспайтын, бірақ жылдамдататын. (Катализатор)
ІІ топ сұрақтары: 9 «а» сынып
1. Географиялық қабықтың фауна мен флора тараған қабаты. (Биосфера)
2. Географияның атасы кім? (Эратосфен)
3. Батыс Қазақстан экон.аумағына кіретін облыстар.(БҚО, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау)
4. “Урбандалу”деген не? (Қала халқы санының артуы)
5. Хромосома жасушаның қай бөліктерінде болады.
6. Тіркес тұқым қуалау заңын кім және қай жылы ашты? (Т.Морган 1911ж)
7. Генотип дегеніміз. (Тірі ағзадағы бүкіл гендердің жиынтығы)
8. Мейоздың бірінші бөлінуі. (Тек бірінші жасуша бөлінуінің алдында болады)
9. Ауа құрамындағы газ.(Оттек 21. Азот 78, көмірқышқыл 1)
10. «Лампочка» - қазақша не деп аталады? Және де оны дайындаған кезде қанша металл
пайдаланылады? (Электр шамы деп, 7 металдан тұрады)
11. Заряды жоқ бөлшек. (Атом)
12. Айна алуға қолданатын металл. (Күміс арттыратын зат-өршіткі)
III топ сұрақтары: 10 «а» сынып
1.Дүние жүзінде шамамен қанше тәуелсіз ел бар? (193ел)
2.Жеке жұлдыздардың тобы қалай деп аталады. (Шоқжұлдыз)
3. Жер экваторының ұзындығы канша? (40 000 км)
4.Атмосфераның төменгі қабатындағы ауа қабаты. (Тропосфера)
5.Ауа-райын сипаттайтын карта. (Климаттық карта)
6.Онтогенездің кезеңі нешеге бөлінеді, ата. (Эмбрион, постэмбрион)
7.Мендель жасаған тәжірибесінде қандай өсімдікті зерттеуге алды? (Асбұршақ)
8.Биогенетика заңын кімдер және қашан ашты.(Неміс эмбриологтары Мюллер мен Геккель)
9.Адамзат ашқан бірінші металл не? (Темір)
10.Суда ерімейтін қышқыл. (Кремний қышқылы)
11.Заттың құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым. (Пруст)
12.Сәулелі элемент. (Фосфор)
III .«Мен білемін» биологиялық қызықты сұрақтар.
1-тапсырма 8 «а» сынып.
Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек.Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”. Сұрақ: бұл қай өсімдік.
Жауап: Қырыққабат.
2-тапсырма. 8 «а» сынып.
Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ жүздеген жылдар кейін келді. Бұл өсімдіктің аты не?
Жауап: Картоп.
3-тапсырма. 9 «а» сынып.
Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда, оның зәрінен қант табылған. Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған. Сұрақ: әңгіме адамның қай мүшесі туралы?
Жауап: Ұйқы безі.
4-тапсырма. 9 «а» сынып.
Ол-жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады.бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың ұзақ жасауын да осымен байланыстырады. Сұрақ: Бұл не?
Жауап: Жылау.
5-тапсырма 10 «а»
Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған. Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?
Жауап:Гүлдердің ашылуы тозаңдануға қолайлы жағдайымен байланысты.
6-тапсырма 10 «а»
1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады. Сұрақ: бұл қандай аң?
Жауап: Панда.
IV.« Сен мені білесің бе ?» географиялық сурет жұмбақтар
8 «а» сынып.
1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
2-сурет Орамалды әйел ана бейнесінде қай елдер бейнеленген?
1-сұрақ 9 «а» сынып
Африканың Замбези өзенінде табиғаттың ғажайып кереметтерінің біріне саналатын сарқырама бар. Сонау алыстағы ағылшынның әйгілі саяхатшысы Давид Ливингстон ашып, оған Англияның патшайымының есімін берді. Алып сарқыраманың ені-1800 м, биіктігі-120м.
2-сұрақ 9 «а» сынып
Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзеніндегі бұл сарқыраманы 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. 1937 жылдың 9- қазанында қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады. Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама осы кісінің құрметіне аталып кетеді.
1-сұрақ 10 «а» сынып
Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты.Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау етті. Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?
2-сұрақ 10 «а» сынып
Суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?
V. « Сиқырлы конверт» химиялық қызықты сұрақтар.
Сұрақтар конверттердің ішінде жазылған:
1 – конверт.
(1-слайд). Интерактивті тақтадан « Алтын киімді адамның» мүрдесі көрсетіледі.
Сұрақ: Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
2 – конверт.
(2-слайд). Термометр (градусник) көрсетіледі.
Сұрақ: Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?
3 – конверт.
Сиқырлы сандықша. Осы сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не зат деп ойлайсың? Және ол туралы не білесің? Ол заттың үш күйі бар
(3-слайд) 4 – конверт.
Әлемдік экономикада осы заттың ролі күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдары импералистік саясаттағы барлық дағдарыстар әлемдік осы заттан бастау алған. Бұл зат отын ретінде қолданылуымен қатар, оның жасырын күші космос кемелерін жұлдыздар биігіне көтеріп, ұшақтарға ұшқырлық, автокөліктерге сенімді жүріс береді. Қандай зат туралы айтып отырмын? Құрамы? Қасиеті. Маңызы туралы не білесің? Әлемдік нарықта бүгінде бағасы құлдырау.
(4-слайд) 5 – конверт.
Стақандағы заттар не деп аталады? Оның ішінде біреуі автотранспорт саласында қолданылады екен, не үшін қолданылатынын білесің бе? Және де 1 және 2 суреттердің қайсысы дұрыс? Қайсысы қайда құйылады?
6 – конверт.
«Патша арағы» екі қышқылдың қоспасынан дайындалады. Қандай қышқылдар? Ол бір металды еріте алады, ол қай металл?
1 – конверт жауаптары:
«Алтын киімді адамның» мүрдесін 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог Қ.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша ол б.з.б. 5-6 ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оны жасы 17-18-де, бойы 165 см шамасында болса керек. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Алтын пластинкалар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар, қызыл қынапты ұзын семсер табылды. « Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Оның киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі.
Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәсіміне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың елтаңбасынан орын тапқан.
2 – конверт жауаптары:
Термометрдің басында сынап металы бар. Алғаш қытайлар мен үрдістер пайдаланған. Грек дәрігері Дисскрид «хидр» - «су», «аргирос» - «күміс»-«сұйық күміс» деп атаған. Сынаптың балқу t0 = 38-390С. 6 периодтың тақ қатары, II топтың қосымша топша металы, балқу t0 –сы төмен болғандықтан термометрлерде қолданылады, сұйық металл.
3 – конверт жауаптары:
Ең керемет зат – су, формуласы – Н2О, кристалдық торы – молекулалық, tқ0=1000С, tқату0=00C. Жер шарындағы 71% -су бар, адам денесінде -65-70%, мида -81%, тығыздығы 1г/см3. Су – еріткіш. Адам тағамсыз 30-40 күн шыдаса, сусыз 3 күн ғана шыдайды екен.
4 – конверт жауаптары:
Мұнай – қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәрізді сұйықтық. Суда ерімейді. Мұнайдың құрамында: қаныққан көмірсутектер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер, минералды тұздар, металдар, су т.б. қоспалар бар. Мұнайдан алынатын өнімдер: бензин, лигроин, керосин, газоиль, мазут. Қазақстанда алғаш мұнай өндіру ісі 1899-1900 жылдары басталды. Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл, Жаңажол т.б. мұнай кеніштері бар. 250-ге жуық мұнай кеніштері бар екен. Олардың 100-ден астамы игерілді. Жылына 18,6 млн.тонна мұнайды айыру зауыты жүмыс істейді. Қазақстан Республикасының аумағында 6 мың шақырымнан астам мұнай құбыры және 11 мың шақырым газ құбыры желісі тартылған.
5 – конверт жауаптары:
Н2О – су, Н2SО4 – күкірт қышқылы – автотранспорт саласындағы аккумуляторда электролит есебінде қолданылады.
1 –сурет ( дұрыс) 2 – сурет.
сыздықтатып, жаймен құю керек! ( дұрыс емес)
6 – конверт жауаптары:
«Патша арағы» екі қышқылдың 1көлем түз қышқылы ( НСl) мен 3көлем азот қышқылының (НNО3) қоспасынан тұрады және алтын металын ерітеді.
Шона Сымаханұлы атындағы орта мектебі
БІЛІМ САЙЫСЫ
8-9-10 сыныптар
Пән мұғалімі: А.Абдыкалыкова
С.Шәкіров ауылы
2017жыл
1-тапсырма 8 «а» сынып.
Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек.Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”. Сұрақ: бұл қай өсімдік.
Жауап:
2-тапсырма. 8 «а» сынып.
Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ жүздеген жылдар кейін келді. Бұл өсімдіктің аты не?
Жауап:
1-тапсырма. 9 «а» сынып.
Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда, оның зәрінен қант табылған. Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған. Сұрақ: әңгіме адамның қай мүшесі туралы?
Жауап:
2-тапсырма. 9 «а» сынып.
Ол-жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады.бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың ұзақ жасауын да осымен байланыстырады. Сұрақ: Бұл не?
Жауап:
1-тапсырма 10 «а»
Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған. Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?
Жауап:
2-тапсырма 10 «а»
1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады. Сұрақ: бұл қандай аң?
Жауап:
8 «а» сынып.
1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
2-сурет Орамалды әйел ана бейнесінде қай елдер бейнеленген?
1-сұрақ 9 «а» сынып
Африканың Замбези өзенінде табиғаттың ғажайып кереметтерінің біріне саналатын сарқырама бар. Сонау алыстағы ағылшынның әйгілі саяхатшысы Давид Ливингстон ашып, оған Англияның патшайымының есімін берді. Алып сарқыраманың ені-1800 м, биіктігі-120м.
2-сұрақ 9 «а» сынып
Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзеніндегі бұл сарқыраманы 1933 жылы АҚШ ұшқышы Джеймс Эйнджел рудалар іздеу ниетімен сол маңайда ұша бастады. Жергілікті гидтер айтуынша ол алмаз іздеген. 1937 жылдың 9- қазанында қайта оралып ұшағын Ауянтепуйға қондырмақшы болғанда ұшақтың бір шассиі жарылады. Нәтижесінде Эйнджел мен жұбайы, барлығы үш адам тепуйдан төмен жаяу түсуіне тура келеді. Олардың өркениетке оралуына 11 күн кетті. Олардың бұл шытырман оқиғасы лезде елге кең тарап сарқырама осы кісінің құрметіне аталып кетеді.
1-сұрақ 10 «а» сынып
Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты.Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау етті. Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?
2-сұрақ 10 «а» сынып
Суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?
8 «а» сынып
1 – конверт.
« Алтын киімді адамның» мүрдесі көрсетіледі.
Сұрақ: Осы мүрде қай жылы, қайда және кім ашты? Және де қандай мәліметтер бере аласың? Және осы бейненің тәуелсіз Қазақстанымызға қандай қатысы бар?
2 – конверт.
Сиқырлы сандықша. Осы сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не зат деп ойлайсың? Және ол туралы не білесің? Ол заттың үш күйі бар
9 «а» сынып
1 – конверт.
Стақандағы заттар не деп аталады? Оның ішінде біреуі автотранспорт саласында қолданылады екен, не үшін қолданылатынын білесің бе? Және де 1 және 2 суреттердің қайсысы дұрыс? Қайсысы қайда құйылады?
2 – конверт.
Термометр (градусник) көрсетіледі.
Сұрақ: Алғаш кімдер пайдаланған? Және осы заттың бойында қандай металл бар? Кім ашты және қалай атаған?. Ол металл туралы не білесің?
10«а» сынып