"Жаратылыстану ғажайыптары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаратылыстану ғажайыптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәнінен сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаратылыстану ғажайыптары

Мақсаты:  Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

 Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу


Көрнекілік: жұмбақтар,үлестірме карточкалар, сұрақтар, суреттер, видеосұрақтар, презентация
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы
1.Ұйымдастыру.
2.Барысы:
Бүгінгі «Жаратылыстану ғажайыптары» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. 
« Жаратылыстану ғажайыптары » атты сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушыларымызды 2 топқа бөліп отырғызып алайық «Қыран» тобы, «Жігер» тобы бөлініп отырады.

Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 кезеңнен тұрады: 
1. Ұшқыр ой
2. «Полиглот» ойыны

3. Жұмбақтар

4. видеосұрақтар

5. Ойын «Сиқырлы А әрпі» сұрақтар


1- кезең«Ұшқыр ой» Екі топқа сұрақ бірдей беріледі.Қай топ жылдам ,дұрыс жауап бергені есепке алынады.

1. Алғашқы қазақ ғарышкері?

/ Әубәкіров Т.


2. Экватор  дегеніміз не?

/ Жердің дәл  ортасынан 0 деп  алып шартты  түрде  жүргізілген сызық. 


3. Күн жүйесінде күнге ең жақын орналасқан галамшар (Меркурий)


4. Шартты белгі дегеніміз не? /(картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасына түсіндірме беретін белгілер жиынтығы)


5. Карта дегеніміз не? /(Жер бетінің кішірейтіліп,жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)


6. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалым?

/ Ш. Уалиханов

7. Бір жылда неше күн бар? 365


8. Жердің Күнді белгілі бір уақытта толық айналып шығуын не дейміз / (жыл)


9. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды (бәйшешек)

10. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)

11. Телескопты алғаш ойлап тапқан кім? / Г. Галилей

12. Картография ол қандай ғылым,нені зерттейді? /(географиялық карталарды құрастыру ғылымы)


2- кезең«Полиглот» ойыны (слайдтта көрсетіледі)

Бұл айналымда көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтады.Барлық топтарға бірдей оқылады.

1)...... анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.(су,вода, water)

2)Құдық қазсаң ......ді каз,
......суалмай суалмас  (көл, озера, Lake)

3)...... ақса — көл, 
Дария ақса — сел. (өзен, река, river)

4)Туған жердің .....да шипа (ауа, воздух, air)


3- кезең(жәшікте жұмбақтар таратылады)

Сыр сандық құпиясы жұмбақ жасыру
1) Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары.
Сөз сөйлесең
Қозғалыста болады. (тіл) 
2) Бетін адам ашады.
Білім нұрын шашады. (кітап)
3) Ізі жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ(су) 

4) Суда қалқиды ,отта балқиды(мұз) 
5) Шөлге төзімді жануар, арқасында тауы бар. (түйе) 
6) Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті
Қатарларын тізіп алды,
Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ) 
7)Зер-зер кілем,зер кілем
Көтерейін десем зор кілем(жер) 
8)Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты(жел)

9)Әдемі түнде,
Мен жүрсем жүреді бірге (ай)

10) Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым төңкеріп. (аспан)

11) Бар ма жоқ па, 
Оны ашық білмейсің,
Ол жоқ жерде 
Өмір сүріп жүрмейсің(ауа) 

12) Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна(көл)


4-кезең. Видео сұрақ


1. Планетамыздағы суларды ғалымдар қалай атайды? Гидросфера


2. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі? Глобус

3. Табиғатта болатын өзгерістер? / құбылыс

4. латын тілінде –таралу,ыдырау,жайылу деген мағынаны білдіреді. (диффузия)

5.Сүт-- ,,,,,,,,мен судың қоспасынан тұрады. (май)

5кезең.

Ойын «Сиқырлы А әріпі» (слайдтта көрсетіледі)

1.Ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)
2.Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала (Ақтау)

3.Ең кіші материк Австралия
4.Оңтүстік Американы мекендейтін ең ірі жылан (айдаhар)

5.Жер серігі (ай)
6.Бақылау нүктесінен өтетін  жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. (Азимут)

7.Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. (Антарктида)
8.Жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі (Абсолюттік нүкте)
9.Оңтүстік Америкадағы ең ұзын, әрі биік тау (Анд)
10.Грецияның астанасы (Афины)

11.Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер? (атомдар)

12.Ақпарат,дерек және мағлұмат берудің графикалық тәсілі? (Ақпараттық графика)


Қорытынды:
Сонымен біздің сайысымыз да өз шегіне жетті. Жинаған ұпай санына байланысты жеңген топты марапаттаймыз. Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға сөз кезегін береміз. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

















































«Жаратылыстану ғажайыптары»

(Сыныптан тыс шара)



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2024
633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі